Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 шілдедегі № 4/23-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 4 шілдедегі № 4/23-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9053-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
4 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.».
7 –тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7.Мерекелік күндер мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан:
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) –150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлеріне – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 15000 теңге (он бес мың) теңге мөлшерінде;
төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары, оның ішінде білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) балалары бар көп балалы отбасыларға –15000 теңге (он бес мың) теңге мөлшерінде;
3) Отан қорғаушы күні -7 мамыр:
1992 жылғы қыркүйек–2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжік-Ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі тапсырмаларды орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне — 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне — 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына — 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан- 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға, сондай-ақ тыйым салынған аймақтардан эвакуацияланған (өз бетімен көшіп кеткен) тұлғаларға —150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға, сондай-ақ ата-анасының біреуінің радиациялық сәулеленуіне генетикалық байланысты мүгедектігі бар олардың балаларына — 70 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына — 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
4) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне – 5000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдары, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 130000 (жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСРО Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флоттың, Ішкі істер және Мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті құрамдағы қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызметтегі әскер бөліктері, штабтар, мекемелердегі штаттық лауазымдарды атқарғандарға – 130000 (жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға – 130000 (жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 130000 (жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілердің мәртебесіне ауыстырылған Халық комиссариатының теміржол қатынасы жөніндегі арнайы құрылымдарының, Халық комиссариатының байланыс саласы қызметкерлеріне, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамына, сондай-ақ авиацияның ұшу-көтеру құрамына — 130000 (жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға — 130000 (жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға — 130000 (жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) —130000 (жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға —130000 (жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға — 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр:
сот тәртібінде немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген басқа тәртіпте саяси қуғын-сүргiндердің құрбандары немесе саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер деп танылған азаматтарға – 13 000 (он үш мың) теңге мөлшерінде;
6) Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні – 29 тамыз:
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата - аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) –– 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.
7) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан:
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қол сұққаны үшін сотталған адамдарды қоспағанда, оларға қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталады – 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.».
8 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келтіру;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келтіру.
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.».
9 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Ақшалай нысандағы бір реттік әлеуметтік көмек алушылардың мынадай санаттарына:
1)жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алына:
жан басына шаққандағы орташа табысы жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын азаматтарға (отбасыларға)–– 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерінде;
2) жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай:
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтарға (отбасыларға) –– 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келуі –– 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келуі–– 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Мүлікке табиғи апат немесе өрт салдарынан зиян келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша, оның меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін тұлға жергілікті атқарушы органдардан санаторий-курорттық ұйымдағы болу құнын өтеуге жылына бір рет, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын санаторий-курорттық емдеудің құнын өтеу ретінде тиісті кезеңге белгіленген кепілдендірілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде өтемақы алуға құқылы (жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын немесе кәсіптік ауру алған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда).
Өтемақы келесі құжат ұсынылған кезде төленеді:санаторий-курорттық ұйымында тұру фактісін растайтын құжат. Осы негіз бойынша өтініш беру мерзімі оқиға болған күннен бастап екі айды құрайды.».
10-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Үлкен Нарын ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынылған тізіміне сәйкес туберкулез ауруымен ауыратын және емнің амбулаториялық сатысындағы азаматтарға -7 ( жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
11 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«11 Көмек тағайындау үшін жан басына шаққандағы орташа табыс шегі Қазақстан Республикасындағы ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленеді.
Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері оқиғалар басталған күннен бастап үш ай ішінде жасалады.».
13-тармақ келесі абзацпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.».
17-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы
Ж.Сыдыкова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.