«Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Қолданыстағы
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16782 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларында:

    1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану тәртібін айқындайды.

    2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

    1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған жеке немесе заңды тұлға;

    2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген байланыс қызметтерiн көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

    3) интернет-ресурс – цифрлық инфрақұрылымда орналастырылған және домен атауы, Интернет мекенжайы немесе өзге де цифрлық сәйкестендіргіш арқылы сәйкестендірілетін цифрлық ресурс;

    4) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;

    5) трафикті өткізу – байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру.

    3. Қауіпсіздік сертификатын беру байланыс операторының Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына (бұдан әрі – ҰҚО) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпсіздік сертификатын беруге өтініші негізінде жүргізіледі.»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазсылсын:

    «9. Байланыс операторлары трафикті өткізуді «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-1-тармағының 4)тармақшасына сәйкес қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып, шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдалану арқылы жүзеге асырады.».

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

    Е. Сагимбаев

    КЕЛІСІЛГЕН

    Қазақстан Республикасының Жасанды

    интеллект және цифрлық даму министрлiгi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.