«Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы»

    Жаңа
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 шілде 2026 ж.

    «Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы»

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 және 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығымен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптау қағидаларына, сондай-ақ Қосшы қаласы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының 2026 жылғы 12 мамырдағы кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қосшы қаласының тұрғындарының тыныс-тіршілігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін су тарту станциясы мен сумен жабдықтау желілерінің тіршілікті қамтамасыз ету коммуникациялық жүйелерінде авариялық жағдай туындау қаупіне байланысты Қосшы қаласының су тарту станциясы және сумен жабдықтау желілері объектісінде (Ақмола облысы Қосшы қаласының 016 есептік орамы, 5735 учаскесі мекенжайы бойынша) орналасқан нысанда ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Қосшы қаласы әкімінің орынбасары С.Сүлейменов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзімде қалады.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    А. Қапышев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.