«Өскемен қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40/8-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Жаңа
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 шілде 2026 ж.

    «Өскемен қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40/8-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Өскемен қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40/8- VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 219589 болып тіркелген) (бұдан әрі-Қағида) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидаларда:

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:    

    «4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.

    Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік жылы бір рет тағайындалады.

    Бірнеше негіздер болған кезде мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша тағайындалады.»;

    7 - тармақта:

    3) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

    «3) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.»;

    6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні-29 тамыз:

    18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата - аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) – 15 000 (он бес мың) теңге.»;

    8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

    1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;

    4) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;

    9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «9. Ақшалай нысандағы бір реттік әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:

    1) жан басына шаққандағы орташа кірісті ескере отырып:

    әлеуметтік мәні бар сырқаты бар азаматтарға (отбасыларға);

    жан басына шаққандағы орташа табысы жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті мәннен аспайтын азаматтар (отбасылар) үшін.

    2) жан басына шаққандағы орташа кірісті есепке алмай:

    дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келген жағдайда;

    өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келген жағдайда.

    Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.

    Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторий-курорттық емделуге алып жүретін тұлға (жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін тиісті кезеңге, кепілдендірілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жылына 1 рет санаторий-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардан өтеуге құқылы.

    Өтемақы келесі құжаттарды ұсынған кезде төленеді:

    1)Жеке куәлікті (көшірме);

    2)санаторий-курорттық ұйымда демалғанын растайтын құжатты;

    3)шот-фактураны.

    Осы негіздер бойынша жүгіну мерзімі оқиғалар басталған күннен бастап екі ай ішінде жасалады.»;

    10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімге сәйкес туберкулезбен ауыратын және емнің амбулаториялық сатысындағы азаматтарға-6 (алты) айлық есептік көрсеткіш.»;

    11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Көмек тағайындау үшін жан басына шаққандағы орташа кірістің шегі Қазақстан Республикасының ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінде белгіленеді.

    Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

    Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің шекті шамасы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

    Осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері оқиғалар басталған күннен бастап үш ай ішінде жасалады.»;

    13- тармақ абзацпен толықтырылсын:

    «Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.»;

    17- тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) алушыны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберу.».

    2. Орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

    3. «Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

    1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде осы шешімнің ресми жариялануын;

    2) ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қалалық мәслихатының интернет-ресурсында осы шешімді орналастыруды.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы

    А. Светаш

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Шығыс Қазақстан облысының

    жұмыспен қамтуды үйлестіру

    және әлеуметтік бағдарламалар»

    мемлекеттік мекемесі

    басшысының м. а.

    _________ Д. Сарманов

    ___________ 2026 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.