Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қолданыстағы
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31– бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Қазақстан» филиалымен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 87600 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Мұғалжар ауданының әкімі

    Д. Ермағанбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.