Техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Талғар ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 13 шілдегі № 7 хаттамасы негізінде, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар ауданы, Белбулақ ауылдық округі, Белбулақ ауылы, Жибек жолы көшесі № 18 көппәтерлі тұрғын үйде орын алған өртке байланысты техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А.Ж. Аскербеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Талғар ауданының әкімі
Т.Е. Айдарбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.