Абай облысы Бородулиха ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

    Жаңа
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 шілде 2026 ж.

    Абай облысы Бородулиха ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №240 бұйрығына, Бородулиха ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның 2026 жылғы 16 шілдедегі №3 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Абай облысы Бородулиха ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы етіп тағайындаймын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 16 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Аудан әкімі

    Т. Мұратов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.