Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармақшасына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Өскемен қаласының әкімі
А. Акышов
Өскемен қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 2362 қаулысына
қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыратын үстемақылар Өскемен қалалық мәслихатының шешімімен белгіленеді.
2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
3. Лауазымдық еңбекақыға ынталандыру үстемақыларын белгілеу ұйым басшысының немесе оны ауыстыратын адамның бұйрығымен, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының жазбаша ұсынуы негізінде жүзеге асырылады.
Жазбаша ұсынысты дербес құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы ұйымның бірінші басшысына енгізеді.
4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы және белгіленген үстемақыға негіздеме және мөлшері көрсетіледі.
5. Ұсыным ұйым басшысы тарапынан 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарастырылады.
6. Ұйым басшысы ұсынысты қарағаннан кейін қызметтік еңбекақыға ынталандыру үстемақы бекітуге келісім береді немесе бас тарту себебін түсіндіріп, рұқсат етпейді.
7. Ынталандыру үстемақылары төленбейді:
1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
2) алынбаған тәртіптік жаза болған жағдайда;
3) ұйымда бір айдан кем жұмыс атқарғандарға;
4) жүктілікке және бала тууына байланысты демалыс кезінде, жаңа туған баланы асырап алу кезінде;
5) үш жасқа дейінгі баланы қарауға байланысты еңбекақысы сақталмаған демалыс кезінде.
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары
8. Ынталандыру үстемеақылары қызметкерлерді ынталандыру мақсатында және білікті мамандар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
9. Ынталандыру үстемеақылары қызметкердің бір лауазымдық жалақы мөлшерінен аспауы керек.
10. Ынталандыру үстемеақыларын төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (сыйлықақылар, қосымша төлемақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағының кеңеюі, үстеме жұмыс және басқалар үшін үстемеақылар) төлеуді тоқтатуға негіз болып табылмайды.
11. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу жыл көлемінде ай сайын жүзеге асырылады.
12. Ынталандыру үстемақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін және Қазақстан Республикасының заңнамаларында болған өзгерістерді ескере отырып жыл сайын қайта қаралуы мүмкін.
13. Ынталандыру үстемеақыларды белгілеуге құқық беретін қызметкерлер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері;
4) ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысының шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындауы;
5) егер уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру алмастырушы жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және / немесе уақытша болмаған қызметкердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босатпай орындау;
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (жұмыс өтілі) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен жүктеу;
7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттармен олардың орындалу көлеміне қарай, сондай - ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін жұмысты жүзеге асыру;
8) объективті мән - жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде: еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек жарақаты, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы болып табылады.
14. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына арналған ынталандыру үстемақыларын қаржыландыру көзі – жергілікті бюджет.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.