Тексеруді бастау, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау), мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы

    Қолданыстағы
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Тексеруді бастау, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау), мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 81-бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса берілген:

    1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тексерудің басталуы туралы хабарламаның нысаны;

    2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;

    3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның нысаны;

    4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламаның нысаны;

    5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы анықтаманың нысаны;

    6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысаны бекітілсін.

    2. «Тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 90 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34458 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы

    С. Муксимов

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет

    істері агенттігі

    Төрағасының міндетін атқарушы

    2026 жылғы 16 шілдедегі

    № 127

    бұйрыққа 1-қосымша

    Нысан

    _______________________

    (Тексерілетін мемлекеттік

    _______________________

    органның атауы)

    Тексерудің басталуы туралы хабарлама

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет/қызметтік әдеп саласындағы заңнама талаптарының сақталуына _______ ____________________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы) жоспарлы/жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні туралы Сізге хабарлаймыз. Тексеру жүргізудің негізі__________________________________________ (тексерудің жартыжылдық жоспары, жеке немесе заңды тұлғаның, мемлекеттік органның өтініші, мониторинг нәтижелері және т.б.) Тексеру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасымен (тұлғаларымен) төмендегі құрамда жүргізіледі:___________________________________________________          (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), тұлғаның (тұлғалардың) лауазымы) ____________________________________________________________________ Қосымша: ___ бет. Басшы (немесе уәкілетті тұлға) ____________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Төрағасының міндетін атқарушы

    2026 жылғы 16 шілдедегі

    № 127

    бұйрыққа 2-қосымша

    Нысан

    _______________________

    (Тексерілетін мемлекеттік

    _______________________

    органның атауы)

    Тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі / Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес ____________________________________________________________________ (тексеру жүргізудің негізі) негізінде_____________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы) жүргізіліп жатқан тексерудің мерзімі «______» ________ 20__ жылға дейін ұзартылатынын хабарлайды. Басшы (немесе уәкілетті тұлға) ____________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Төрағасының міндетін атқарушы

    2026 жылғы 16 шілдедегі

    № 127

    бұйрыққа 3-қосымша

    Нысан

    _______________________

    (Тексерілетін мемлекеттік

    _______________________

    органның атауы)

    Тексеру мерзімін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес ____________________________________________________________________ (тексеру жүргізудің негізі) негізінде_____________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы) жүргізіліп жатқан тексеру «__» ______ 20___ жылдан бастап _________________________________________________________ байланысты («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша) тоқтатыла тұратынын/қайта басталатынын хабарлайды. Басшы (немесе уәкілетті тұлға) _____________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Төрағасының міндетін атқарушы

    2026 жылғы 16 шілдедегі

    № 127

    бұйрыққа 4-қосымша

    Нысан

    _______________________

    (Тексерілетін мемлекеттік

    _______________________

    органның атауы)

    Тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалар құрамының өзгеруі туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі /

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 4-тармағына сәйкес ____________________________________________________________________ (тексеру жүргізудің негізі) негізінде_____________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы) жүргізіліп жатқан тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құрамы өзгертілгенін хабарлайды. Тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалар құрамына енгізілген өзгерістер: ____________________________________________________________________ (тексеруші лауазымды тұлғалар құрамына енгізілген немесе оның құрамынан ____________________________________________________________________ шығарылған лауазымды тұлғалар туралы мәліметтер) Басшы (немесе уәкілетті тұлға) ____________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Төрағасының міндетін атқарушы

    2026 жылғы 16 шілдедегі

    № 127

    бұйрыққа 5-қосымша

    Нысан

    Тексеру нәтижелері туралы анықтама №___

    ______________________ «____» ________ 20__ жыл (жасау орны) (күні)

    1. Тексеру жүргізген мемлекеттік органның атауы: _________________________ ____________________________________________________________________ 2. Тексеру жүргізген лауазымды тұлға(лар)дың Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және лауазымы: ____________________________________________________________________ 3. Тексерілетін мемлекеттік органның атауы және орналасқан мекенжайы, БСН: ____________________________________________________________________ 4. Тексерудің құқықтық негізі: ___________________________________________ 5. Тексеру жүргізу мерзімі: _____________________________________________ 6. Тексеру негізі: мемлекеттік қызмет/қызметтік әдеп саласындағы заңнама талаптарының сақталуы______________________________________________ (қажетіне сәйкес белгілеу) 7. Тексеру барысында анықталған мәліметтер: ____________________________ (тексеру нәтижелері, ____________________________________________________________________ соның ішінде анықталған бұзушылықтар) ____________________________________________________________________ 8. Тексеруді жүргізген лауазымды тұлға(лар)дың Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы: ____ ____________________________________________________________________ 9. Тексеруге тартылған мемлекеттік органдар мен бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары және сарапшыларының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және қолы (бар болған жағдайда):__________________________________________ 10. Тексерілетін мемлекеттік орган өкілінің анықтамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлімет, оның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы немесе қол қоюдан бас тартуы: ______________________________________________________________ 11. Тексеру нәтижелеріне қатысты ескертулер және (немесе) қарсылықтар: ____________________________________________________________________ Қосымша: «___» бет. Тексеру нәтижелері туралы анықтаманың бір данасын тапсыру туралы мәлімет ____________________________________________________________________

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Төрағасының міндетін атқарушы

    2026 жылғы 16 шілдедегі

    № 127

    бұйрыққа 6-қосымша

    Нысан

    _______________________

    (Тексерілетін мемлекеттік

    _______________________

    органның атауы)

    Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі / Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі____________________________________________________________ (тексеру жүргізудің негізі) негізінде_____________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы) мекемесінде жоспарлы/жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша келесі заң бұзушылықтары анықталды:____ ____________________________________________________________________ (заңнама нормаларының бұзылуын көрсету) Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 75-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес ҰСЫНЫЛАДЫ:

    Аталған ұсынуды қарастырып, бұзушылықтарды жою бойынша келесі шараларды қабылдау: 1._____________________________________________________________ 2._____________________________________________________________ Қабылданған шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне / Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесіне заңда белгіленген мерзімде ұсынуды сұраймыз. Басшы (немесе уәкілетті тұлға) ____________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.