Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 25 сәуір 2016 ж.
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 186 «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46 – бабының 2 - тармагының 4) тармақшасына, 3- тармағына сәйкес Федоров ауданы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Әкімдіктің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 186 «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 02 шілдеде № 5711 тіркелген, 2015 жылғы 06 тамызда «Федоровские новости» газетіне жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі
Қ. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.