Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 20 шілде 2026 ж.
«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 269/4 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 269/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6450-09 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы
Ж. Мамерханова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.