Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Жаңа
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 шілде 2026 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес, жер комиссиясы 2025 жылғы 5 қыркүйектегі отырысының № 25 хаттамасының, жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 2026 жылғы 5 ақпандағы № KZ96VBG01721613 бұйрығы негізінде, Зеренді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сайранбек Жанбекович Шекеновқа Зеренді ауылдық округі, Зеренді ауылы, Ключевая көшесі кестеге сәйкес орналасқан жалпы ауданы 0,0800 га, жылу желесін төсеу және пайдалану үшін 10 (он) жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.

    2. Сайранбек Жанбекович Шекеновқа жылу желесін төсеу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарын сақтасын. Жұмыс аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізу.

    3. Зеренді ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 3 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімінің күші жойылсын.

    4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауылдық округі әкімнің орынбасары Б.Б. Ақтановқа жүктелсін.

    5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Н. Әбуғалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.