Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес, жер комиссиясы 2026 жылғы 14 ақпандағы отырысының № 4 хаттамасының, жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 2026 жылғы 14 сәуірдегі № KZ42VBG01752849 бұйрығы негізінде, Қонысбай ауылдық округінің әкімі:
1. «Көкшетау Энерго» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай ауылдық округі Қонысбай ауылында, Бірлік көшесі (бұрынғы Единства көшесі), Мәлік Ғабдуллин көшесі, Абай Құнанбаев көшесі, Бейбітшілік көшесі схемасына сәйкес орналасқан жалпы ауданы 0,0034 га, 5-01 ЖКО-дан 0,4 кВ ӘЖ қызмет көрсету үшін, 10 (он) жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығына (жария сервитут) ұсынылысын жобасын бекіту туралы.
2. Қонысбай ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 сәуірдің № 12 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қонысбай ауылдық округі бас маман Б. Шалабаеваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ж. Есләмбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.