Күрті ауылдық округінің Ақши ауылындағы көшелеріне қайта атау беру туралы

    Жаңа
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 шілде 2026 ж.

    Күрті ауылдық округінің Ақши ауылындағы көшелеріне қайта атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес,Ақши ауылы халқының пікірін ескере отырып,Күрті ауылдық округінің жергілікті қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы 19 қарашадағы жиынның хаттамасы негізінде және Алматы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Іле ауданы Күрті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Күрті ауылдық округінің Ақши ауылындағы атауы жоқ көше (1) Ұлы Отан соғысының ардагері «Аязбаев Көктеубай» есімімен қайта өзгертілсін;

    2. Күрті ауылдық округінің Ақши ауылындағы атауы жоқ көше (2) Ұлы Отан соғысының ардагері «Омаров Әнуарбек» есімімен қайта өзгертілсін;

    3. Күрті ауылдық округінің Ақши ауылындағы атауы көше жоқ (3) Ұлы Отан соғысының ардагері «Бұлдыбаев Домбай» есімімен қайта өзгертілсін.

    Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    Ғ.Рахымбай

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.