Орал қаласы әкімінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 7 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қолданыстағы
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Орал қаласы әкімінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 7 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және 2026 жылғы 10 шілдедегі қалалық төтенше жағдайларды алдын-алу және жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысының № 9 хаттамасына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Орал қаласы әкімінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 7 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2024 жылы 27 наурызда № 194755 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    М. Байменов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.