Маңғыстау облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Маңғыстау облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 5-8) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары белгіленсін.

    2. «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «____» __________

    № _____ қаулысына қосымша

    Маңғыстау облысының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары

    Учас­ке­нің ата­уы
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Си­патта­ма
    Учас­ке­нің ко­ор­ди­нат­та­ры
    Каспий теңізі
    1.
    Төр­тін­ші ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ауда­ны, № 2 учас­ке­сі
    Арал­ды же­рі­нен Са­ға­құ­дық же­ріне дей­ін
    Ұзынды­ғы, ша­қы­рым: 14,5
    Ені, ша­қы­рым: 0,5
    Ала­ңы, гек­тар: 725
    N 44°17'47.54", E 50°25'20.48"
    N 44°17'16.00", E 50°36'00.00"
    2.
    Төр­тін­ші ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ауда­ны, № 5 учас­ке­сі
    Са­ғын­дық мүй­і­сі­нен Ақ­тау қа­ла­сы ше­ка­ра­сы­на дей­ін
    Ұзынды­ғы, ша­қы­рым: 42
    Ені, ша­қы­рым: 0,5
    Ала­ңы, гек­тар: 2100
    N 44°01'22.50", E 50°52'25.48"
    N 43°43'29.54", E 51°05'02.90"
    3.
    Төр­тін­ші ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ауда­ны, № 5-1 учас­ке­сі
    Ақ­тау қа­ла­сы ау­ма­ғын­да
    Ұзынды­ғы, ша­қы­рым: 50,5
    Ені, ша­қы­рым: 0,5
    Ала­ңы, гек­тар: 2525
    N 43°43'29.54", E 51°05'02.90"
    N 43°21'21.95", E 51°18'46.80"
    4.
    Төр­тін­ші ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ауда­ны, № 5-2 учас­ке­сі
    Ақ­тау қа­ла­сы ше­ка­ра­сы­нан Пес­ча­ный мүй­і­сіне дей­ін
    Ұзынды­ғы, ша­қы­рым: 21
    Ені, ша­қы­рым: 0,5
    Ала­ңы, гек­тар: 1050
    N 43°21'21.95", E 51°18'46.80"
    N 43°10'12.77", E 51°15'46.57"
    5.
    Бе­сін­ші ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ауда­ны, № 1-2 учас­ке­сі
    Ер­сай пор­ты­нан Құ­рық ауы­лы
    Ұзынды­ғы, ша­қы­рым: 10,5
    Ені, ша­қы­рым: 0,5
    Ала­ңы, гек­тар: 525
    N 43°11'02.23", E 51°35'19.19"
    N 43°08'57.38", E 51°39'58.71"

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.