«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Стартегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Стартегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

    М. Турлубаев

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика

    бюросының басшысы

    2026 жылғы 1 шілдедегі

    № 16 бұйрығына

    1-қосымша

    Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка ор­ган­да­ры құ­пи­я­лы­лы­ғы­на ке­піл­дік бе­ре­ді
    Кон­фи­ден­ци­аль­ность га­ран­ти­ру­ет­ся ор­га­на­ми го­су­дар­ствен­ной ста­ти­сти­ки
    Жал­пы­мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка­лық бай­қа­удың ста­ти­сти­ка­лық ны­са­ны
    Ста­ти­сти­че­ская фор­ма об­ще­го­су­дар­ствен­но­го ста­ти­сти­че­ско­го на­блю­де­ния
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
    Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стр­лі­гі
    Ста­ти­сти­ка ко­ми­те­ті тө­ра­ға­сы­ның
    2020 жы­л­ғы 28 қаң­тар­да­ғы
    № 10 бұй­ры­ғы­на 5-қо­сым­ша
    При­ло­же­ние 5 к при­ка­зу
    Пред­се­да­те­ля Ко­ми­те­та
    по ста­ти­сти­ке Ми­ни­стер­ства
    на­ци­о­наль­ной эко­но­ми­ки
    Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан
    от 28 ян­ва­ря 2020 го­да № 10
    Заң­ды тұ­лға­лар­ға ар­нал­ған бай­ла­ныс қыз­мет­тер­дің та­риф­те­рі ту­ра­лы есеп
    От­чет о та­ри­фах на услу­ги свя­зи для юри­ди­че­ских лиц
    Ин­дек­сі
    Ин­декс
    1-та­риф (бай­ла­ныс)
    1-та­риф (связь)
    ай­лық
    ме­сяч­ная
    есеп­ті ке­зең
    от­чет­ный пе­ри­од
    ай
    ме­сяц
    жыл
    год
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші­нің коды­на сәй­кес негіз­гі қыз­мет тү­рі 61 бо­лып та­бы­ла­тын, ірік­те­ме­ге түс­кен заң­ды тұ­лға­лар және (неме­се) заң­ды тұ­лға­лар­дың фи­ли­ал­да­ры, өкіл­дік­те­рі және өзге де оқ­ша­у­лан­ған құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі ұсы­на­ды
    Пред­став­ля­ют по­пав­шие в вы­бор­ку юри­ди­че­ские ли­ца и (или) фи­ли­а­лы, пред­ста­ви­тель­ства и иные обособ­лен­ные струк­тур­ные под­раз­де­ле­ния юри­ди­че­ских лиц с ос­нов­ным ви­дом де­я­тель­но­сти со­глас­но ко­ду Об­ще­го клас­си­фи­ка­то­ра ви­дов эко­но­ми­че­ской де­я­тель­но­сти: 61
    Ұсы­ну мер­зі­мі – есеп­ті ке­зең­нің 21-кү­ніне (қо­са ал­ған­да) дей­ін
    Срок пред­став­ле­ния – до 21 чис­ла (влю­чи­тель­но) от­чет­но­го пе­ри­о­да
    БСН ко­дыкод БИН
    1. Заңды тұлғаның тіркелген жеріне қарамастан, нақты қызмет көрсету (облыс) орнын көрсетіңіз
    Укажите фактическое место оказания услуг (область), независимо от места регистрации юридического лица
    1.1 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес аумақ коды (респондент статистикалық нысанды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық статистика бөлімшесінің тиісті қызметкері толтырады)
    Код территории согласно Классификатору административно-территориальных объектов (КАТО) (заполняется соответствующим работником территориального подразделения государственные органы уполномоченного органа в области государственной статистики при представлении респондентом статистической формы на бумажном носителе)
    1.2 Егер 2-бөлімде көрсетілген тарифтер бірнеше филиал үшін қолданылатын болса, онда олар орналасқан облыстардың атаулары мен кодтарын ӘАОЖ-ға сәйкес көрсетіңіз¹
    Если тарифы, указанные в разделе 2, действуют для нескольких филиалов, укажите названия и коды областей, в которых они находятся согласно КАТО¹
    Об­лыс
    Об­ласть
    Ко­ды
    Код
    Об­лыс
    Об­ласть
    Ко­ды
    Код
    Ескертпе: Примечание:
    ¹ 1.2-бөлімді бірнеше филиал үшін бірыңғай тарифтері бар респонденттер - бас кәсіпорындар ғана толтырады
    ¹ Раздел 1.2 заполняют только респонденты – головные предприятия, имеющие единые тарифы для нескольких филиалов
    2. Қосылған құн салығын есепке алусыз айдың 20-күніне байланыс қызметтерінің түрлеріне тарифтерді көрсетіңіз, теңгемен
    Укажите тарифы на виды услуг связи на 20 число месяца без учета налога на добавленную стоимость, в теңге
    Қыз­мет ата­уы2
    На­име­но­ва­ние услу­ги2
    Қыз­мет ко­ды2
    Код услу­ги2
    Өкіл-қыз­мет си­патта­ма­сы
    Ха­рак­те­ри­сти­ка услу­ги-пред­ста­ви­те­ля
    Та­ри­фі
    Та­риф
    Ба­ға өзге­рі­сі се­бе­бі­нің ко­ды4
    Код при­чи­ны из­ме­не­ния це­ны4
    р/с №
    № п/п
    бай­ла­ныс (қыз­мет) тү­рі
    вид свя­зи (услу­ги)
    ба­ғы­ты (ай­мақ, ел, қа­ла)
    на­прав­ле­ние (зо­на, стра­на, го­род)
    ке­зең (уа­қыт) пе­ри­од (вре­мя)
    жыл­дам­ды­лық (өт­кі­зу қа­бі­ле­ті)
    ско­рость (про­пуск­ная спо­соб­ность)
    бас­қа
    дру­гие
    есеп­ті ай­дың
    от­чет­но­го ме­ся­ца
    өт­кен ай­дың3
    преды­ду­ще­го ме­ся­ца3
    А
    Б
    В
    Г
    Д
    Е
    Ж
    И
    1
    2
    3
    Ескертпе:
    Примечание:
    2 А, Б графалары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz интернет-ресурсындағы «Респонденттерге» бөлімінде орналастырылған Қызмет түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – Бюроның интернет-ресурсы) сәйкес немесе мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің қызметкері респонденттерге ұсынатын тізбеге сәйкес толтырылады.
    2 Графы А, Б заполняются в соответствии с Перечнем видов услуг, размещенным в разделе «Для респондентов» на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан www.stat.gov.kz (далее – интернет-ресурс Бюро) или предоставляемым респондентам работником территориального подразделения государственные органы уполномоченного органа в области государственной статистики.
    3 2- баған есепті жылғы қаңтар айында ғана толтырылады.
    3 Графа 2 заполняется только в январе отчетного года.
    4 3-баған баға өзгергенде Бюроның интернет-ресурсында орналастырылған немесе мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің қызметкері респонденттерге ұсынатын Баға өзгерісі себептерінің анықтамалығына сәйкес толтырылады.
    4 Графа 3 заполняется при изменении цены в соответствии со Справочником причин изменения цены, размещенным на интернет-ресурсе Бюро или предоставляемым респондентам работником территориального подразделения государственные органы уполномоченного органа в области государственной статистики.
    Қыз­мет ата­уы2
    На­име­но­ва­ние услу­ги2
    Қыз­мет ко­ды2
    Код услу­ги2
    Өкіл-қыз­мет си­патта­ма­сы
    Ха­рак­те­ри­сти­ка услу­ги-пред­ста­ви­те­ля
    Та­ри­фі
    Та­риф
    Ба­ға өзге­рі­сі се­бе­бі­нің ко­ды4
    Код при­чи­ны из­ме­не­ния це­ны4
    р/с №
    № п/п
    бай­ла­ныс (қыз­мет) тү­рі
    вид свя­зи (услу­ги)
    ба­ғы­ты (ай­мақ, ел, қа­ла) на­прав­ле­ние (зо­на, стра­на, го­род)
    ке­зең (уа­қыт) пе­ри­од (вре­мя)
    жыл­дам­ды­лық (өт­кі­зу қа­бі­ле­ті)
    ско­рость (про­пуск­ная спо­соб­ность)
    бас­қа
    дру­гие
    есеп­ті ай­дың
    от­чет­но­го ме­ся­ца
    өт­кен ай­дың3
    преды­ду­ще­го ме­ся­ца3
    А
    Б
    В
    Г
    Д
    Е
    Ж
    И
    1
    2
    3
    Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз
    При необходимости продолжите на дополнительных листах
    3. Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттiсiн қоршаңыз)
    Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
    1 са­ғат­қа дей­iн
    1-2
    2-4
    4-8
    8-40
    40 са­ғат­тан ар­тық
    до 1 ча­са
    бо­лее 40 ча­сов

    Атауы Мекенжайы(респонденттің)

    Наименование ____________________ Адрес (респондента) _____________________

    Телефоны (респонденттің) Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)

    Телефон (респондента) ____________ ______________ Адрес электронной почты (респондента) ______________

    стационарлық ұялы

    стационарный мобильный

    Орындаушы

    Исполнитель ____________________________________ _____________________________________

    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны (орындаушының)

    фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон (исполнителя)

    Бас бухгалтер немесе оның міндетін

    атқарушы адам Главный бухгалтер или лицо,

    исполняющее его обязанности ________________________________________ ___________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

    фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

    Руководитель или лицо, исполняющее

    его обязанности ________________________ ________________________________

    тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись

    Ескертпе: Примечание:

    Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.

    Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика

    бюросының басшысы

    2026 жылғы 1 шілдедегі

    № 16 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Статистика комитеті

    төрағасының

    2020 жылғы 28 қаңтардағы

    № 10 бұйрығына

    6-қосымша

    «Заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметтердің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (байланыс), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

    1. Осы Нұсқаулық «Заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметтердің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (байланыс), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.

    2. Осы Нұсқаулықта «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сонымен қатар мынадай анықтама пайдаланылады:

    өкіл қызмет – қызметтердің сапасы мен негізгі қасиеттеріне әсер етпейтін, бір-бірінен болмашы ерекшеліктерімен айрықшаланатын және өзінің тұтынушылық белгісі жағынан біртектес, топтағы белгілі бір қызмет түрлерінің жиынтығы.

    3. 1-бөлімде заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – заңды тұлғалар) тіркелген орнына қарамастан, байланыс қызметін көрсетудің нақты орны (облысы) көрсетіледі.

    1.2-бөлімді статистикалық нысанды өз филиалдары үшін ұсынатын, бірыңғай тарифтері бар заңды тұлғалар (бас кәсіпорындар) толтырады. Бөлімде статистикалық нысанда көрсетілген тарифтер қолданылатын облыстар келтіріледі.

    Егер филиалдар үшін тарифтер әртүрлі болса, онда заңды заңды тұлға (бас кәсіпорындар) нысандардың тиісті санын толтырады.

    4. А және Б бағандарында қызмет түрінің атауы мен коды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz интернет-ресурсында (бұдан әрі - Бюроның интернет-ресурсы) «Респонденттерге» – «Статистикалық нысандар» – «Айлық нысандар» – «1-тариф (байланыс)» бөлімінде орналастырылған немесе мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің қызметкері респонденттерге ұсынатын тізбеге сәйкес көрсетіледі.

    Г-И бағандарында қызмет түрлерінің (өкіл-қызметтердің) сипаттамасы, В бағанында олардың нөмірленуі көрсетіледі.

    5. Тарифтерді тіркеу үшін құндық көлемі ең жоғары өкілді, өзекті, тұрақты көрсетілетін өкіл-қызметтер таңдалады. Қызмет түрінің өкілдігі үшін 3-5 өкіл-қызмет таңдалады. Іріктелген өкіл-қызмет бойынша оның сипаттамасы (байланыс (қызмет) түрі, бағыты (аймақ, ел, қала), кезең (уақыт), жылдамдығы (өткізу қабілеті) айқындалады, бұл есепті кезең ішінде өкіл-қызметті сәйкестендіруге және салыстыруға мүмкіндік береді.

    Өкіл-қызметтердің сипаттамасы мен нөмірленуі есепті жыл ішінде өзгеріссіз қалады.

    Г бағанында байқау үшін іріктелген қызмет кодтарына сәйкес өкіл-қызметтер бойынша байланыстың (қызметтің) нақты түрлері (хабарлама, қоңырау, тарифтік жоспар, пакет, абонентік төлем, жалдау, қосу (орнату) және басқа байланыс түрлері) көрсетіледі.

    Д бағанында байланыс қызметтерін көрсетудің ең үлкен көлемі бойынша айқындалған бағыттар (аймақ, ел, қала) көрсетіледі.

    Е бағанында нақты кезең, уақыт – уақытына қарай, белгіленген, секунд, минут, сағат, ай көрсетіледі.

    Ж бағанында жылдамдығы, өткізу қабілеті (Кбит/с, Мбит/с, Гбит/с) көрсетіледі.

    6. Сипаттама тариф деңгейіне әсер ететіндей елеулі өзгерген кезде, өкіл-қызмет «жаңа» ретінде есепке алынады. Бұдан бұрын байқауға іріктеліп алынбаған, бірақ заңды тұлғалар көрсететін немесе оны өндіру енді басталған өкіл-қызмет «жаңа» ретінде түсініледі. «Жаңа» өкіл-қызмет бойынша сипаттама көрсетіледі.

    7. 1 және 2-бағандарда байланыс қызметін көрсету тарифі көрсетіледі. «Өткен айдың тарифі» 2-бағанын есепті жылдың қаңтарында толтыру міндетті. Тариф қосылған құн салығын есепке алусыз, айдың 20-күніне теңгемен көрсетіледі. Егер тарифтер шетел валютасында белгіленген болса, оларды ұлттық валютаға қайта есептеу айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша валюталардың ресми (нарықтық) бағамы бойынша жүргізіледі.

    8. «Бағаның өзгеру себебінің коды» 3-бағаны тарифтер өзгерген жағдайда Бюроның интернет-ресурсында орналастырылған немесе мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің қызметкері респонденттерге ұсынатын Бағаның өзгеру себептерінің анықтамалығына сәйкес толтырылады. Тарифтердің өзгеру себептерінің бір немесе бірнеше кодын көрсетуге болады. «Өзге де себептер» кодын таңдағанда нақты себептер жазылуы тиіс.

    9. Есепті кезеңде байланыс қызметіне тарифтер өзгерген жағдайда, бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 17) тармақшасына сәйкес сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша растайтын құжаттар ұсынылады.

    10. Есепті кезеңде қызметі болмаған кезде респондент бекітілген Респонденттердің жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген осы есепті кезең үшін статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің аяқталу күнінен кешіктірмей Қызметінің болмағаны туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларымен белгіленген тәртіпте ұсынады.

    11. Осы статистикалық нысанды ұсыну электронды түрде немесе қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды түрде толтыру Бюроның интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған «Респонденттің кабиненті» арқылы жүзеге асырылады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.