Өтеген батыр ауылдық округінің Қуат ықшам ауданындағы көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Өтеген батыр ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және Алматы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Іле ауданы Өтеген батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өтеген батыр ауылдық округінің Қуат ықшам ауданындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) атауы жоқ көшеге – «Нұрғиса Тілендиев» атауы берілсін.
2) атауы жоқ көшеге – «Ақтоғай» атауы берілсін;
3) атауы жоқ көшеге – «Ақбұра» атауы берілсін;
4) атауы жоқ көшеге – «Байрақ» атауы берілсін;
5) атауы жоқ көшеге – «Қарқаралы» атауы берілсін;
6) атауы жоқ көшеге – «Күншуақ» атауы берілсін;
7) атауы жоқ көшеге – «Шапағат» атауы берілсін;
8) атауы жоқ көшеге – «Нұрлы» атауы берілсін.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өтеген батыр ауылдық округ әкімі
Т. Омаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.