Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 3904 «Өскемен қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 3904 «Өскемен қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өскемен қаласы әкімдігінің Регламентінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Әкiмдіктің отырыстарына Қазақстан Республикасының Құрылтайының, мәслихаттың депутаттары, кенттердің, сондай-ақ жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және осындай құқық заңдармен, Президент пен Үкіметтің актілерімен берілген өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің, әкiмнiң актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға қойылады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Атқарушы органдардың бірінші басшылары орындау үшін жіберілетін заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етуді аппарат әкім айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Аппарат заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкiмдi үнемі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөнiндегі қызметiн қамтамасыз етедi.
Әкiмнiң орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы орынбасарларының қатысуымен өтетін кеңестерді қоспағанда, әкімдік мүшелері әкіммен немесе әкімнің міндетін атқарушы адаммен келісу бойынша әкімдік атынан орталық мемлекеттік органдардың кеңестеріне өздері қатысады.»;
қаулы мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы А.К. Карагызовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі
А. Акышов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.