Кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы спорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативтерді бекіту туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы спорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 110) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қосымшаға сәйкес кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы спорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    Е. Мырзабосынов

    бұйрығына қосымша

    Кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы cпорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі норматив

    Спорт­тық де­ле­га­ци­я­ның құ­ра­мы­на кі­ре­тін дене шы­нық­ты­ру-спорт­тық ұй­ым­да­ры­ның және өкіл­дер са­нат­та­ры­ның тіз­бе­сі
    Олим­пи­а­да­лық ой­ын­дар (жаз­ғы)
    Олим­пи­а­да­лық ой­ын­дар (қы­сқы)
    Па­ра­лим­пи­а­да­лық ой­ын­дар (жаз­ғы)
    Па­ра­лим­пи­а­да­лық ой­ын­дар (қы­сқы)
    Сурдлим­пи­а­да­лық ой­ын­дар (жаз­ғы)
    Сурдлим­пи­а­да­лық ой­ын­дар (қы­сқы)
    «Жа­ры­стар түр­ле­рі­нің, оқу-жат­тығу жиын­да­ры­ның тіз­бе­сін және олар­дың сы­нып­та­ма­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 14 ма­мыр­да­ғы № 179 бұй­ры­ғын­да көз­дел­ген өзге де ха­лы­қа­ра­лық ке­шен­ді спорт­тық-бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    Спорт­шы­лар­дың жал­пы са­ны­нан өкіл­дер­дің үле­сі, %
    1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ту­ризм және спорт ми­ни­стр­лі­гі
    3% дей­ін
    10% дей­ін
    6% дей­ін
    12% дей­ін
    3% дей­ін
    4% дей­ін
    5% дей­ін
    2
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ту­ризм және спорт ми­ни­стр­лі­гі­нің Спорт және дене шы­нық­ты­ру іс­те­рі ко­ми­те­ті
    2% дей­ін
    8% дей­ін
    4% дей­ін
    9% дей­ін
    4% дей­ін
    4% дей­ін
    5% дей­ін
    3
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық олим­пи­а­да­лық ко­ми­те­ті, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық па­ра­лим­пи­а­да­лық ко­ми­те­ті, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық сурдлим­пи­а­да­лық ко­ми­те­ті
    13% дей­ін
    40% дей­ін
    13% дей­ін
    30% дей­ін
    10% дей­ін
    15% дей­ін
    13% дей­ін
    4
    1) Дене шы­нық­ты­ру-спорт­тық ұй­ым­дар: олим­пи­а­да­лық да­яр­лау ор­та­лық­та­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық және штат­тық ұлт­тық ко­ман­да­ла­рын да­яр­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар;
    2) Ак­кре­дит­тел­ген ұлт­тық спорт фе­де­ра­ци­я­ла­ры – ти­іс­ті фе­де­ра­ци­я­ны өкіл­дік ете­тін спорт­шы­ның қа­ты­су жағ­дай­да;
    3) Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар – ти­іс­ті өңір­ді өкіл­дік ете­тін спорт­шы қа­тыс­қан жағ­дай­да (өңір­ден бір өкіл);
    4) Дене шы­нық­ты­ру және спорт субъ­ек­ті­ле­ріне жат­пай­тын мем­ле­кет­тік ор­ган­дар;
    5) Бі­рың­ғай опе­ра­тор.
    12% дей­ін
    20% дей­ін
    6% дей­ін
    12% дей­ін
    8% дей­ін
    15% дей­ін
    10% дей­ін
    5
    Спорт­тық ме­ди­ци­на ұй­ым­да­ры (спорт­тық дә­рі­гер­лер, мас­са­жи­ст­тер және т.б.)
    28% дей­ін
    22% дей­ін
    23% дей­ін
    22% дей­ін
    9% дей­ін
    12% дей­ін
    12% дей­ін
    6
    Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­ның өкіл­де­рі
    6% дей­ін
    12% дей­ін
    6% дей­ін
    12% дей­ін
    3% дей­ін
    8% дей­ін
    5% дей­ін
    7
    Спорт түр­ле­рі бой­ын­ша жат­тық­ты­ру­шы­лар шта­бы (бас жат­тық­ты­ру­шы, аға жат­тық­ты­ру­шы, же­ке жат­тық­ты­ру­шы, жат­тық­ты­ру­шы, жат­тық­ты­ру­шы-сер­вис­мен, жат­тық­ты­ру­шы-ке­ңес­ші) спорт тү­рі­нің ба­сымды­ғы мен жүл­де­лі орын­дар­ға ие бо­лу ық­ти­мал­ды­ғын ес­ке­ре оты­рып қа­лып­та­сты­ры­ла­ды
    86% дей­ін
    100% дей­ін
    100% дей­ін
    100% дей­ін
    29% дей­ін
    27% дей­ін
    50% дей­ін
    8
    Бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар спорт­шы­ны бір­ге алып жү­ре­тін адам
    38% дей­ін
    38% дей­ін
    38% дей­ін
    Осы норматив шеңберінде «Қазақстан Республикасы Спорт делегациясының құрамын қалыптастыру %» кезінде кестеде көрсетілетін спортшылардың жалпы санынан өкілдердің үлесі көрсеткіші қолданылады;
    Қазақстан Республикасы Спорт делегациясының үлесі тиісті кешенді спорттық іс-шара бойынша делегация құрамына енгізілген спортшылардың бекітілген тізбесі негізінде жүзеге асырылады;
    Есепке жарысты ұйымдастырушылардың талаптарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген аккредиттеу рәсімінен өткен адамдар ғана қабылданады;
    «Спортшылардың жалпы санынан өкілдердің үлесі, %» көрсеткіші спорт делегациясының құрамына енгізілген өкілдердің санын спорт делегациясының құрамына енгізілген спортшылардың жалпы санына бөлу жолымен айқындалады, кейінен алынған мәнді 100-ге көбейтіледі.
    Есептеу формуласы:
    Өкілдердің үлесі (%) = (Өкілдер саны / Спортшылар саны) х 100.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.