Тасқала ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Тасқала ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тасқала ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Ж. Бисенгалиева

    Тасқала аудандық мәслихатының

    2026 жылғы 29 маусымдағы

    № 47-4 шешіміне қосымша

    Тасқала ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Ата­уы
    Есеп­тік бір­лік
    тең­ге (қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да)
    тең­ге (қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­сқан­да)
    1
    Жайлы үйлер
    1 тұр­ғын­нан ай­ы­на (сұ­рып­та­у­сыз)
    350,00
    406,00
    1 тұр­ғын­нан ай­ы­на (сұ­рып­та­у­мен)
    400,00
    464,00
    2
    Жайлы емес үйлер
    1 тұр­ғын­нан ай­ы­на (сұ­рып­та­у­сыз)
    350,00
    406,00
    1 тұр­ғын­нан ай­ы­на (сұ­рып­та­у­мен)
    400,00
    464,00
    3
    Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
    1 тек­ше метр (м³) (сұ­рып­та­у­сыз)
    4666,67
    4946,67
    1 тек­ше метр (м³) (сұ­рып­та­у­мен)
    5333,33
    6186,66

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.