Қазалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №192 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5995 болып тіркелген);
2) «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №192 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6797 болып тіркелген).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімі
А. Есмаханов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.