«Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:

    7-3-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

    «Банктің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелері Хабарлама жіберілген күннен кейінгі айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылады.

    Банк осы тармақта көрсетілген шартты (шарттарды) орындамаған жағдайда, Хабарламада жіберілген облигациялар бойынша міндеттемелер осындай орындамау анықталған айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің бірінші санатына жатқызылады.»;

    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

    «14. Қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа шамасы осы кезең үшін есептелген ең төмен резервтік талаптардың мөлшерінен кем болмайды.»;

    3-1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы №30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38279 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесінде:

    2-тармақтың он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Банк Қағидалардың 3-1-қосымшасына сәйкес банктің міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигациялар туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жібереді, ол арқылы осындай облигациялар шығарылымының осы тармақта көрсетілген шарттарға сәйкестігін растайды. Хабарлама «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» цифрлық жүйесі арқылы жіберіледі.»;

    7-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    9-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

    3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

    Т. Сулейменов

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкінің Төрағасы

    2026 жылғы 30 маусымдағы

    № 75 қаулысына

    1-қосымша

    Ең төмен резервтік

    талаптар туралы қағидаларға

    3-1-қосымша

    Банк міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигациялар туралы хабарлама

    Осы хабарламамен банк ________________________________ (банктің атауы), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________ (бұдан әрі – Банк) міндеттемелері ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің үшінші санатына жататын облигацияларды шығару шарттары туралы хабарлайды және олардың «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалардың 7-3-тармағының талаптарына сәйкестігін растайды.

    1. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигацияларды шығару шарттары:

    Эмиссияның халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) ____________.

    Шығарылымның тіркелген күні____________.

    Айналыстың басталу күні __________.

    Өтеу күні_____________.

    Айналыс мерзімі _____ жыл _____ ай.

    Эмиссия валютасы __________.

    Шығарылымның көлемі ____________ эмиссия валютасының бірліктері.

    Облигациялар бойынша негізгі борыштың қалдығы (банк сатып алған облигацияларды шегергенде) _________ теңге (есепті күн _____________).

    Банк сатып алған облигациялардың көлемі ______ теңге (есепті күн).

    Облигациялар бойынша негізгі борыш ______,

    сатып алынған облигациялар _____

    есепке алынатын баланстық шоттардың нөмірлері.

    Сыйақы мөлшерлемесі _____жылдық пайыз.

    Опциондардың болуы: ( ) Иә ( ) Жоқ.

    Опционның шарттары (эмиссия проспектісінде көрсетілген

    мәліметтер)__________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    (эмиссия проспектісінің __ бетінде көрсетілген).

    Қосымша ақпарат ______________________.

    2. Облигациялар эмиссиясының проспектісі жарияланды (сілтеме көрсетілсін)

    ___________________________________________________________.

    3. Осы хабарламамен Хабарламаның 1-тармағында көрсетілген облигациялар үшін мыналарды растаймыз:

    1) облигациялардың айналыс мерзімі – кемінде 3 (үш) жыл;

    2) облигацияларды мерзімінен бұрын (толығымен) немесе ішінара өтеуге (сатып алуға) облигация ұстаушының опционы жоқ;

    3) Банк клиенттердің өтімділігін басқару үшін облигацияларды пайдаланбайды, оның ішінде оларды жекелеген облигация ұстаушылардың бастамасы немесе сұрау салуы бойынша сатып алмайды; 

    4) Банк облигацияларды жекелеген клиенттердің қаражатын орналастыруға балама ретінде пайдаланбайды (мысалы, клиенттердің ірі салымдары әкетілген кезде).

    Банк Хабарламаның 3-тармағында көрсетілген шартты (шарттарды) орындамаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген облигацияларды жіктеу осындай орындамау анықталған ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеуге қабылданатын Банк міндеттемелерінің бірінші санаты үшін белгіленген нормативтер бойынша жүргізіледі.

    Хабарлама күні _______________

    Басшы немесе қол қою функциясы жүктелген адам ______________________

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2026 жылғы «__» ____

    № __ қаулысына

    2-қосымша

    Ең төмен резервтік

    талаптар туралы қағидаларға

    4-қосымша

    Ең төмен резервтік талаптарды (бұдан әрі – ЕТРТ) орындау туралы ақпарат

    ЕТРТ айқындау кезеңі: ______ бастап _______ аралығы

    Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі: ______ бастап _______ аралығы

    БСН ______________________________________

    Банктің атауы ________________________

    Репо операциялары бойынша түзету коэффициенті:

    ұлттық валютада ___

    шетел валютасында ____

    1-кесте. ЕТРТ есебіне қабылданатын банк міндеттемелерінің мөлшері туралы күн сайынғы деректер (мың теңгемен)

    ЕТРТ айқындау кезеңі
    Ұлттық валютадағы
    Міндеттемелердің бірінші санаты
    Міндеттемелердің екінші санаты
    Міндеттемелердің үшінші санаты
    репо операциялары бойынша міндеттемелер
    кері репо операциялары бойынша талаптар
    ақша нарығындағы банкаралық операциялар бойынша талаптар
    Күні
    Датасы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    Орташа алынған мәні
    1-кестенің жалғасы
    Ше­тел ва­лю­та­сын­да­ғы
    Мін­дет­те­ме­лер­дің бі­рін­ші са­на­ты
    Мін­дет­те­ме­лер­дің екін­ші са­на­ты
    Мін­дет­те­ме­лер­дің үшін­ші са­на­ты
    ре­по опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер
    ке­рі ре­по опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша та­лап­тар
    ақ­ша на­ры­ғын­да­ғы бан­ка­ра­лық опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша та­лап­тар
    8
    9
    10
    11
    12
    Ескертпе: демалыс немесе мереке күндері үшін алдыңғы жұмыс күнінің мәндері толтырылады.
    2-кесте. Резервтік активтерді есептеуге арналған күн сайынғы деректер (мың теңгемен)
    Ре­зерв­тік ак­тив­тер­ді қа­лып­та­сты­ру ке­зе­ңі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің кор­ре­спон­дент­тік шот­та­рын­да­ғы ұлт­тық ва­лю­та­мен ақ­ша қал­ды­ғы
    Банк кас­са­сын­да­ғы ұлт­тық ва­лю­та­да­ғы қол­ма-қол ақ­ша
    Кү­ні
    Да­та­сы
    1
    2
    3
    4
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    Ор­та­ша алын­ған мәні
    Ескертпе: демалыс және мереке күндері үшін алдыңғы жұмыс күнінің мәндері толтырылады.
    3-кесте. ЕТРТ есептеу
    Жолдың коды
    Жолдың аты
    Міндеттемелер бойынша орташа мән (мың теңгемен)
    ЕТРТ нормативі
    ЕТРТ
    (мың теңгемен)
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    Ұлттық валютадағы міндеттемелердің бірінші санаты
    2
    Ұлттық валютадағы міндеттемелердің екінші санаты
    3
    Ұлттық валютадағы міндеттемелердің үшінші санаты
    4
    Шетел валютасындағы міндеттемелердің бірінші санаты
    5
    Шетел валютасындағы міндеттемелердің екінші санаты
    6
    Шетел валютасындағы міндеттемелердің үшінші санаты
    7
    Мемлекеттік қолдау қаражаты (сыйақыны есептемегенде негізгі борыш) сомасының ___ (______) пайызы
    х
    х
    8
    Жиыны ЕТРТ
    х
    х
    Ескертпе: 7-жол Қағидалардың 9-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес есептеледі.
    4-кесте. Резервтік активтерді есептеу
    Жол­дың ко­ды
    Жол­дың аты
    Со­ма­сы
    (мың тең­ге­мен)
    1
    2
    3
    1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі кор­ре­спон­дент­тік шот­та­ғы ұлт­тық ва­лю­та­да­ғы ақ­ша қал­ды­ғы­ның ор­та­ша алын­ған мәні
    2
    Банк кас­са­сын­да­ғы ай­қын­дау ке­зе­ңін­де­гі ЕТРТ-ның 25 (жиыр­ма бес) пай­ы­зы­нан ас­пай­тын кө­лем­де­гі ұлт­тық ва­лю­та­да­ғы қол­ма-қол ақ­ша­ның ор­та­ша алын­ған мәні
    3
    Ре­зерв­тік ак­тив­тер
    Банктің ең төмен резервтік талаптарды орындауы:

    ( ) Иә ( ) Жоқ

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкі Басқармасының

    2026 жылғы «__» ____

    № __ қаулысына

    3-қосымша

    Ең төмен резервтік талаптар және

    банк операцияларының жекелеген

    түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың

    есептілікті ұсыну мәселелері бойынша

    өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

    Басқармасының кейбір

    қаулыларының тізбесіне

    7-қосымша

    Ең төмен резервтік

    талаптар туралы қағидаларға

    8-қосымша

    Ұйым міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигациялар туралы хабарлама

    Осы хабарламамен ұйым ________________________________ (ұйымның атауы), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________ (бұдан әрі – Ұйым) міндеттемелері ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің үшінші санатына жататын облигацияларды шығару шарттары туралы хабарлайды және олардың «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалардың 18-тармағының алтыншы бөлігінің талаптарына сәйкестігін растайды.

    1. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын Ұйым міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигациялар шығарылымының шарттары:

    Эмиссияның халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) ____________.

    Шығарылымның тіркелген күні____________.

    Айналыстың басталу күні __________.

    Өтеу күні_____________.

    Айналыс мерзімі _____ жыл _____ ай.

    Эмиссия валютасы __________.

    Шығарылымның көлемі ____________ эмиссия валютасының бірліктері.

    Облигациялар бойынша негізгі борыштың қалдығы (ұйым сатып алған

    облигацияларды шегергенде) _________ теңге (есепті күн _____________).

    Ұйым сатып алған облигациялардың көлемі ______ теңге (есепті күн).

    Облигациялар бойынша негізгі борыш ______,

    сатып алынған облигациялар _____

    есепке алынатын баланстық шоттардың нөмірлері.

    Сыйақы мөлшерлемесі _____жылдық пайыз.

    Опциондардың болуы: ( ) Иә ( ) Жоқ.

    Опционның шарттары (эмиссия проспектісінде көрсетілген

    мәліметтер)____________________________________________________________

    ___________________________________________________________

    _______________________ (эмиссия проспектісінің __ бетінде көрсетілген).

    Қосымша ақпарат ______________________.

    2. Облигациялар эмиссиясының проспектісі жарияланды (сілтеме көрсетілсін)

    ___________________________________________________________.

    3. Осы хабарламамен Хабарламаның 1-тармағында көрсетілген облигациялар үшін мыналарды растаймыз:

    1) облигациялардың айналыс мерзімі – кемінде 3 (үш) жыл;

    2) облигацияларды мерзімінен бұрын (толығымен) немесе ішінара өтеуге (сатып алуға) облигация ұстаушының опционы жоқ;

    3) Ұйым клиенттердің өтімділігін басқару үшін облигацияларды пайдаланбайды, оның ішінде оларды жекелеген облигация ұстаушылардың бастамасы немесе сұратуы бойынша сатып алмайды; 

    4) Ұйым облигацияларды жекелеген клиенттердің қаражатын орналастыруға балама ретінде пайдаланбайды (мысалы, клиенттердің ірі салымдары әкетілген кезде).

    Ұйым Хабарламаның 3-тармағында көрсетілген шартты (шарттарды) орындамаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген облигацияларды жіктеу осындай орындамау анықталған ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеуге қабылданатын Ұйым міндеттемелерінің бірінші санаты үшін белгіленген нормативтер бойынша жүргізіледі.

    Хабарлама күні _______________

    Басшы немесе қол қою функциясы жүктелген адам ______________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.