«Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларында:

    1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды».;

    3 және 4- тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

    «3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «цифрлық үкіметтің» операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында масс-медиа саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын және ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.

    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

    Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы хабардар етеді.

    Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскен жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші теле-, радиоарнаны тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.

    Тыңдау хаттамасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекінің 74-бабына сәйкес рәсімделіп, көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ауызша тыңдаудың хаттамасын жүргізеді.».

    9-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

    «Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1, 2 және 4-қосымшалар бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он екінші, және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интелект және цифрлық

    даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары -

    Мәдениет және ақпарат министрі

    2026 жылғы 1 шілдедегі

    № 315-НҚБұйрыққа

    1 -қосымша

    «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін заңды тұлғаның өтініші

    _____________________________________________________________

    (лицензиардың толық атауы)

    _____________________________________________________________

    (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    _____________________________________________________________

    Қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын

    ___________________________________________________________

    (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету)

    Заңды тұлғаның мекен жайы _________________________________

    (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

    көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

    Электрондық пошта __________________________________

    Телефондар _______________________________________

    Факс ___________________________________

    Банктік шот ______________________________________

    (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

    Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ________________________________

    (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

    көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

    ____________ парақ қоса беріледі.

    Осы өтінішпен:

    көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге болатындығы;өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

    ___________ 20 __ жылғы «____» _______

    (қолы)

    Басшы ______________ ________________________

    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы «____» ______

    (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары -

    Мәдениет және ақпарат министрі

    2026 жылғы 1 шілдедегі

    № 315-НҚ Бұйрыққа

    2 -қосымша

    «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін жеке тұлғаның өтініші

    ____________________________________________________________________

    (лицензиардың толық атауы)

    ___________________________________________________________________

    (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

    ____________________________________________________________________

    __________________________ қызметін_жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

    __________________________________________________________________

    (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету)

    Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы

    _________________________________________________________

    (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)

    Электрондық пошта ___________________________________

    Телефондар ________________________________________

    Факс _________________________________________________

    Банктік шот _________________________________________________

    (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

    Қызметті жүзеге асыру мекенжайы

    ____________________________________________________________________

    (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

    __________ парақ қоса беріледі

    Осы өтінішпен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге болатындығы;

    өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

    қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

    табылатындығы расталады.

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

    ___________ 20 __ ж. «____» _______

    (қолы)

    Жеке тұлға _____________________________________________________

    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Мөрдің орны (ол болған жағдайда) Толтырылған күні: 20__жылғы «_» ____

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары -

    Мәдениет және ақпарат министрі

    2026 жылғы 1 шілдедегі

    № 315-НҚ Бұйрыққа

    3 -қосымша

    «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

    4-қосымша

    Мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы
    «Те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зия бе­ру»
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы (бар бол­са)
    жоқ
    3
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің
    ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
    Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат
    ми­ни­стр­лі­гі­нің Ақ­па­рат ко­ми­те­ті
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және нәти­же­лер­ді бе­ру www. egov. kz, www. elicense. kz. «цифр­лық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі – 11 (он бір)
    жұ­мыс кү­ні.
    Қай­та ре­сім­деу мер­зі­мі - 11 (он бір) жұ­мыс кү­ні.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Цифр­лық (іші­на­ра
    цифр­лан­ды­ры­л­ған)
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші тү­рі (бар бол­са)
    көр­се­ту нәти­же­сі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі – те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зия бе­ру (бұ­дан әрі – ли­цен­зия) не осы Қа­ғи­да­лар­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­де­ме­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап. Пор­тал­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның қо­лы қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да «же­ке ка­би­не­тіне» жол­да­на­ды.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту
    ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті
    алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі, және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да көр­се­ті­л­ген алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Са­лық ко­дек­сі 616-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін мөл­шер­ле­ме­ле­рі:
    1) те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін 6 (ал­ты) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті;
    2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін – ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10%-ын құ­рай­ды.
    Ақы тө­леу екін­ші дең­гей­лі банк­тер және банк­тік опе­ра­ци­я­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жүр­гі­зі­ле­ді, сон­дай-ақ пор­тал ар­қы­лы ақы тө­ле­уді «цифр­лық үкі­мет» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ру­ға бо­ла­ды.
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзіл­іспен дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да. Өті­ніш­тер қа­был­да­нып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі са­ғат 9.00-ден 17.00-ге дей­ін бе­рі­ле­ді.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан және олар­дың кі­ші тү­рі (бар бол­са) та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) ли­цен­зия алу үшін: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш (сұ­рау са­лу); осы
    Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
    тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де ха­лық­ты ха­бар­дар ету­ді ұй­ым­да­сты­ру схе­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (5-қо­сым­ша­ға сәй­кес);
    те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту же­лі­сін (эфир­лік, кә­біл­дік, спут­ник­тік же­лі­лер үшін) ұй­ым­да­сты­ру схе­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (5-қо­сым­ша­ға сәй­кес);
    спут­ник­тік опе­ра­тор ұсын­ған спут­ник­тік қа­был­дау-та­ра­ту стан­ци­я­ла­ры­ның же­лі­сін­де пай­да­ла­ны­ла­тын транс­мис­си­я­лық жос­пар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (спут­ник­тік бай­ла­ныс ар­на­ла­рын пай­да­лан­ған жағ­дай­да);
    мет­ро­ло­ги­я­лық си­патта­ма­ла­рын көр­се­те оты­рып, қол­да­ны­ла­тын өл­шеу құ­рал­да­ры мен сы­нақ жаб­дық­та­ры тіз­бе­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    өл­шем құ­рал­да­рын және сы­нақ жаб­дық­та­рын (те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сін пай­да­ла­на оты­рып қыз­мет­тер көр­сет­кен жағ­дай­да сы­нақ жаб­дық­та­рын өл­шеу құ­рал­да­ры та­лап етіл­мей­ді) тек­се­ру­ді неме­се мет­ро­ло­ги­я­лық ат­те­стат­та­уды рас­тай­тын сер­ти­фи­кат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін: өті­ніш­ті өті­ніш бе­ру­ші өзге­рі­стер туын­да­ған сәт­тен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн ішін­де бе­руі ти­іс. Қыз­мет тү­рі­нің және (неме­се) кі­ші тү­рі­нің ата­уы;
    же­ке тұл­ға­ның; да­ра кә­сіп­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де), оның ата­уы мен ме­кен­жайы өзгер­ген; заң­ды тұл­ға­ның бі­рі­гу, қо­сы­лу, бө­лі­ніп шы­ғу неме­се қай­та құ­ру ны­са­нын­да;
    заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және (неме­се) заң­ды ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу ту­ра­лы өті­ніш (сұ­рау са­лу) өзгер­ген жағ­дай­лар­да.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, ақы тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    11
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет және олар­дың кі­ші түр­ле­рі (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы
    7) масс-ме­диа са­ла­сын­да қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­бе­уі мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ-сы ол болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www. mam. gov. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік және әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.