«Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Б.Д. Дәрменов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

    Е. Сағымбаев

    КЕЛІСІЛДІ

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    Төрағасының

    2026 жылғы «___» ______

    № ____ бұйрығына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    Төрағасының

    2018 жылғы 23 қазандағы

    № 86/қе бұйрығына

    1-қосымша

    Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

    р/с №
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы ес­ке­ріл­ме­ген ба­ға­сы, тең­ге
    1
    2
    3
    4
    1.
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін құ­ру­ға және да­мы­ту­ға ар­нал­ған ин­ве­сти­ци­я­лық ұсы­ны­стың және бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­дың қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­сі­нің және тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма­ның ақ­па­рат­тық қа­уiп­сiздiк та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне са­рап­та­ма жүр­гі­зу:
    1)
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін құ­ру­ға және да­мы­ту­ға ар­нал­ған ин­ве­сти­ци­я­лық ұсы­ны­стың ақ­па­рат­тық қа­уiп­сiздiк та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне са­рап­та­ма жүр­гі­зу
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    409 644
    2)
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін құ­ру­ға және да­мы­ту­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­дың қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­сі­нің ақ­па­рат­тық қа­уiп­сiздiк та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне са­рап­та­ма жүр­гі­зу
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    199 570
    3)
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін құ­ру­ға және да­мы­ту­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма­ның ақ­па­рат­тық қа­уiп­сiздiк та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне са­рап­та­ма жүр­гі­зу
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    387 671
    2.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі бір­лес­кен іс-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зе оты­рып, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің, Ин­тер­нет­тің қа­зақ­стан­дық сег­мен­ті­нің, сон­дай-ақ ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым­ның аса ма­ңы­зды объ­ек­ті­ле­рі­нің ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­ді­гін, қор­ға­луы мен қа­уіп­сіз жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету, ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­ла­ры­на ден қою мо­ни­то­рин­гі мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша са­ла­ара­лық үй­ле­сті­ру­ді жү­зе­ге асы­ру
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    2 167 692 741
    3.
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің са­ла­лық ор­та­лық­та­ры мен ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің же­дел ор­та­лық­та­ры­ның «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рін­де­гі және ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым­ның бас­қа да аса ма­ңы­зды объ­ек­ті­ле­рін­де­гі ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­ла­ры ту­ра­лы ақ­па­ра­тын жи­на­уды, тал­да­уды және қо­ры­ту­ды жү­зе­ге асы­ру
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    360 557 738
    4.
    Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды қа­уіп­сіз пай­да­ла­ну мә­се­ле­ле­рін­де ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің мен­шік ие­ле­ріне, ие­ле­ну­ші­ле­ріне және пай­да­ла­ну­шы­ла­ры­на жәр­дем­де­су
    1 оқыс оқи­ға
    4 415 583
    5.
    Мем­ле­кет­тік ор­ган мен­шік ие­сі (ие­ле­ну­ші) және (неме­се) тап­сы­рыс бе­ру­ші бо­лып та­бы­ла­тын ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне сы­нақ­тар жүр­гі­зу:
    1)
    Ба­стап­қы код­тар­ды тал­дау
    1 Мбайт
    32 998
    2)
    Жүк­те­ме­лік сы­нау
    1 пай­да­ла­ну нұс­қа­сы
    1 054 904
    3)
    Же­лі­лік ин­фра­құ­ры­лым­ды зерт­теп-қа­рау
    1 кі­ші же­лі
    1 421 969
    4)
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік функ­ци­я­ла­рын сы­нау
    1 жүйе/
    кі­ші жүйе
    3 517 410
    5)
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету про­це­сте­рін зерт­теп-қа­рау
    1 жүйе/
    кі­ші жүйе
    1 944 574
    6.
    Ин­тер­нет­ке қол жет­кі­зу­дің бі­рың­ғай шлю­зін және «элек­трон­дық үкі­мет­тің» элек­трон­дық по­шта­сы­ның бі­рың­ғай шлю­зін қол­дап оты­ру­ды жү­зе­ге асы­ру
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    394 008 950
    7.
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті ұлт­тық үй­ле­сті­ру ор­та­лы­ғы­ның ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету мо­ни­то­рин­гі жүй­е­сі ар­қы­лы «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету мо­ни­то­рин­гі:
    1)
    Қор­ға­лу­ды қам­та­ма­сыз ету мо­ни­то­рин­гі
    1 «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды
    ру объ­ек­ті­сі
    12 563 414
    2)
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­ла­ры­на ден қою мо­ни­то­рин­гі
    1 «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды
    ру объ­ек­ті­сі
    12 043 554
    3)
    Қа­уіп­сіз жұ­мыс іс­те­уді қам­та­ма­сыз ету мо­ни­то­рин­гі
    1 «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды
    ру объ­ек­ті­сі
    1 964 485
    8.
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік оқи­ға­ла­рын мо­ни­то­рин­гі­леу
    1)
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лы­мын­да ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік оқи­ға­ла­ры көз­де­рін ор­на­ту
    1
    мем­ле­кет­тік ор­ган
    2 588 907
    2)
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лы­мын­да­ғы ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік оқи­ға­ла­ры көз­де­рін тех­ни­ка­лық қол­дап оты­ру
    1
    мем­ле­кет­тік ор­ган
    22 508 227
    3)
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік оқи­ға­ла­рын мо­ни­то­рин­гі­леу объ­ек­ті­ле­рі­нің ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік оқи­ға­ла­рын ба­қы­лау
    1
    мем­ле­кет­тік ор­ган
    22 117 054
    9.
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету, сон­дай-ақ ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­ла­ры­на ден қою жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды үй­ле­сті­ру­ді жү­зе­ге асы­ру
    1
    мем­ле­кет­тік ме­ке­ме
    16 437 522
    10.
    Элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­да қам­ты­л­ған қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ді сақ­тау, өң­деу және та­ра­ту про­це­сте­рі­нің қор­ға­луын қам­та­ма­сыз ету­ді зерт­теп-қа­ра­уды жү­зе­ге асы­ру:
    1)
    Дер­бес де­ректер­ді қор­ғаудың ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-құқық­тық ша­ра­ла­ры мен про­це­сте­рі
    1
    зерт­теп-қа­рау объ­ек­ті­сі
    1 841 475
    2)
    Ас­пап­тық ска­нер­леу
    1
    зерт­теп-қа­рау объ­ек­ті­сі
    613 825
    11.
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті ұлт­тық үй­ле­сті­ру ор­та­лы­ғы­ның ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    170 018 924
    12.
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рін­де­гі ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің қа­тер­ле­рі мен оқыс оқи­ға­ла­рын анық­тау, олар­дың жо­лын ке­су және зерт­теу және олар­ды жою неме­се бол­ғы­з­бау жө­нін­де­гі ұсы­ным­дар­ды қа­лып­та­сты­ру
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 418 557 993
    13.
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету бө­лі­гін­де ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру­ға қа­ты­су
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    855 806

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    Төрағасының

    2026 жылғы «___» _________

    № ____ бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    Төрағасының

    2018 жылғы 23 қазандағы

    № 86/қе бұйрығына

    2-қосымша

    Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

    Р/с №
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы ес­ке­ріл­ме­ген ба­ға­сы, тең­ге
    1
    2
    3
    4
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның те­ле­ком­му­ни­ка­ция же­лі­ле­рін ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған бас­қа­ру жүй­е­ле­рін тех­ни­ка­лық қол­дап оты­ру, сон­дай-ақ ха­лы­қа­ра­лық түй­і­су нүк­те­ле­рін есеп­ке алу­ды, де­ректер­ді бе­ру же­лі­ле­рі­нің ста­ти­ка­лық ме­кен­жай­ла­ры­ның ті­зі­лі­мін жүр­гі­зу
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    3 044 008 275
    2.
    Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­ты ұй­ым­да­сты­ру және тех­ни­ка­лық қол­дап оты­ру
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    132 126 913
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры­ның ин­тер­нет-тра­фи­гі­мен ал­ма­су нүк­те­ле­рін ұй­ым­да­сты­ру мен тех­ни­ка­лық қол­дап оты­ру, сон­дай-ақ бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры­ның же­лі­ле­рін ин­тер­нет-тра­фик­пен ал­ма­су нүк­те­сіне қо­су
    1 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    270 296 083

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.