Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды бекіту туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 75-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптар бекітілсін.

    2. Мыналардың:

    1) «Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13193 болып тіркелген);

    2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 шiлдедегi № 435/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34790 болып тіркелген) бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Заместитель Премьер-Министра – Министр искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан

    Ж. Мадиев

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрі

    2026 жылғы 1 шілдедегі

    № 369/НҚ Бұйрығымен

    бекітілген

    «Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптар

    1-тарау. Порталдың мазмұнына және жүргізілуіне қойылатын талаптар

    1. Порталдың мазмұнына мынадай қойылатын талаптар белгіленеді:

    1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық әрі анық ақпараттың болуы;

    2) ұсынылатын ақпараттың уақтылы өзектендіріліп отыруы;

    3) ақпараттың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы;

    4) ақпараттың пайдаланушылардың қабылдауы мен пайдалануына қолжетімді болуы.

    2. Порталды жүргізілуіне мынадай қойылатын талаптар белгіленеді:

    1) порталдың тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    2) анықталған техникалық ақауларды уақтылы жою;

    3) порталдың цифрлық деректері мен цифрлық жазбаларын Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қорғауды қамтамасыз ету.

    2-тарау. Порталды цифрлық деректермен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар

    3. Порталды цифрлық деректермен ақпараттық толықтыру кезінде мынадай талаптар белгіленеді:

    1) цифрлық деректердің анықтығы мен өзектілігі;

    2) мәтіндік материалдар құжат (Document – .doc), кеңейтілетін белгілеу тілі (Extensible Markup Language – .xml), презентация (PowerPoint Presentation – .ppt), тасымалданатын құжат пішімі (Portable Document Format – .pdf), байытылған мәтін пішімі (Rich Text Format – .rtf) форматтарында ұсынылады, ал графикалық материалдар мен фотосуреттер цифрлық түрде біріккен фотографиялық сарапшылар тобының форматы (Joint Photographic Experts Group – .jpeg) және графикалық алмасу форматы (Graphics Interchange Format – .gif) форматтарында ұсынылады.

    3-тарау. Порталды цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар

    4. Порталды цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтыру кезінде мынадай талаптар белгіленеді:

    1) цифрлық жазбалардың анықтығы мен өзектілігі;

    2) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілер жобалары туралы ақпарат, оларға қоса салыстырмалы кестелер (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда) және түсіндірме жазбалар орналастырылуы;

    3) ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік есептілік және мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат орналастырылуы;

    4) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бағалау парақтары туралы ақпарат орналастырылуы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.