Абай облысы Ақсуат ауданының әкімшілік - аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына, 8-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Ақсуат ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Абай облысының Ақсуат ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 шілдедегі № 269 қаулысына және Абай облысының Ақсуат ауданы мәслихатының 2025 жылғы 16 шілдедегі № 30/9-VIII шешіміне сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай облысы Ақсуат ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
есептік деректерден жоя отырып, Құмқол ауылдық округінің Қарғыба ауылы таратылып, оның аумағы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен Абай облысы әкімдігінің қаулысы және Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысының әкімі
Б. Уәли
Абай облысы мәслихатының төрағасы
Ш. Байбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.