Аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2 тармағына сәйкес, Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Щарбақты ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. «Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Шарбақты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты ауданының әкімі
С. Иманкулов
Шарбақты ауданы
әкімінің 2026 жылғы
30 маусымдағы
№ 3
Шарбақты ауданы
әкімінің 2026 жылғы
№ шешіміне
қосымша
Шарбақты ауданы әкімінің күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 2 «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 болып тіркелген).
2. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 11 «Аудан әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгерту енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4829 болып тіркелген).
3. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 14 «Аудан әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6168 болып тіркелген).
4. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2019 жылғы 06 маусымдағы № 10 «Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген).
5. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 19 «Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6709 болып тіркелген).
6. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 3 «Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23572 болып тіркелген).
7. Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1 «Шарбақты ауданы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 2 «Шарбақты ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31383 болып тіркелген).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.