Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 шілде 2026 ж.

    Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9- тармағына, «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларың іске асыру қағидаларын бекіту тыралы» Қазақстан Республикаы Өнерқәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырындағы» №187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 240/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 290944 болып тіркелген) сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы

    М. Омарғалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.