«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақсу калалық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 269/47 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақсу қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 269/47 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 224083 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы
М. Омарғалиев
Ақсу қалалық мәслихатының
2026 жылғы 03 шілдедегі
(VІІІ шақырылған L кезектен
тыс сессиясы) № 284/50 шешіміне
қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына,Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу каласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек –мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай Ақсу каласы әкімдігі ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистика органдарымен еспетелген шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін Ақсу қаласы әкімінің шешімімен және Ақсу қаласының ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар.
3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек Ақсу қаласында тұрақты тіркелген және тұратын азаматтарға, бір рет және (немесе) мезгіл - мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр – Жеңіс күні;
6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
7) 1 қазан – Қарттар күні;
8) 25 қазан – Республика қүні;
9) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
6. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының әкімдігі бекіткен ережелер негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысы әкімдігімен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
3) 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне:
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне:
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
5) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
ҰОС соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша ҰОС кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған ҰОС қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60000 (алпыс мың) теңге;
6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;
«Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
7) 1 қазан - Қарттар күніне:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
8) 25 қазан - Республика күніне:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
9) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне:
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде.
9. Емдеуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға Мемлекеттік корпорацияның тізімі, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжатты, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны қоса бере отырып өтініш ненізінде 50 (елу) АЕК мөлшерінде емделуге (сауықтандыруға) біржолғы төлем.
10. Мүгедектігі бар аддамдарды ертіп жүруге арналған әлеуметтік көмек:
1) әлеуметтiк көмек көрсету жөніндегі уәкiлеттi органның тiзiмi негiзiнде бiрiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаториялық-курорттық емдеуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерiнде біржолғы төлем;
2) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізбесі негізінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедетігі бар балаларға санаториялық-курорттық емдеуге заңды өкілі еріп жүруіне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем.
11. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем.
12. Гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек:
Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға (гемодиализ емшарасын алушыларға) ай сайын 5 (бес) АЕК мөлшерінде.
13. Коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша әлеуметтік көмек:
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжат, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны қоса бере отырып өтініш ненізінде тоқсан сайын (коммуналдык қызметтерге) тоқсан сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде.
14. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздері бойынша әлеуметтік көмек:
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі:
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты (алты айға жарамды), жылжымайтын мүліктің жоқ (немесе бар) екендігі туралы анықтаманы, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны, дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне тап болған мүліктің фото суретін қоса бере отырып өтініш негізінде дүлей апат салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың ең аз қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті мүлкіне, атап айтқанда, уақытша (маусымдық) тұруға арналған тұрғын үйге, пәтерге немесе ғимаратқа (меншігінде біреуден көп тұрғын үй (пәтер, үй) бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда) оның мүлкіне зиян келуіне тап болған азаматтарға (отбасына) 100 (жүз) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі:
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты (алты айға жарамды), екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне тап болған мүліктің фото суретін қоса бере отырып өтініш негізінде өрт салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың ең аз қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті мүлкіне, атап айтқанда, уақытша (маусымдық) тұруға арналған тұрғын үйге, пәтерге немесе ғимаратқа (меншігінде біреуден көп тұрғын үй (пәтер, үй) бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда) оның мүлкіне зиян келуіне тап болған азаматтарға (отбасына) 100 (жүз) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем.
15. Әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы негіздер бойынша әлеуметтік көмек:
1) Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде қатерлі ісіктері бар адамдарға 10 (он ) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
2) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
3) Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
4) Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
5) Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
6) Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде нерв жүйесінің дегенерациялық ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
7) Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
8) Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде орфандық ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
9) Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде) зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
10) Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде эпилепсия ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
11) шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде амбулаторлық емделудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдарға ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде;
12) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауруынан зардап шегетін балаларға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгенең төменгі күнкөріс шегінің екі еселеген мөлшерінде ай сайынғы төлем.
16. Мына негіздер бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің молшері: дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
17. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 12-20 тамтақтарына сәйкес айқындалады.
18. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
19. Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
20. Жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын және банктік шотын көрсете отырып әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінде белгіленген кодтардың халықаралық сыныптамасына сәйкес электрондық түрде береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» № 429 қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары электронды түрде ұсынады.
Бірнеше санатқа жататын адамдарға әлеуметтік маңызы бар ауру болған жағдайда әлеуметтік көмек әр негізде төленеді.
Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, байланысты жағдайда әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру мерзімі оқиға болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмейді.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
21. Мынадай:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
22. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақсу қаласының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.
23. Мынадай:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен;
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
24. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
25. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
26. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.
Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер Үлгілік қағидалардың 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
27. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне Үлгілік қағидалардың 28-32 тармақтарына сәйкес бастама жасайды.
28. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.