Жітіқара ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 шілде 2026 ж.

    Жітіқара ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жітіқара ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы

    Н. Уразалинов

    Мәслихаттың

    2026 жылғы 01 шілдедегі

    № 433 шешіміне қосымша

    Жітіқара ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Жылына 1 тұрғынға жинақтау нормасы
    м3
    Есептік бірлік
    ҚТҚ қызметінің құны (ҚҚС-сыз теңге)
    Барлығы (ҚҚС-сыз теңге)
    Жинау, тасымалдау
    Көму
    Сұрыптау
    Жайлы үйлер
    1,55
    Айына 1 тұрғыннан
    397,26
    127,12
    39,96
    564,34
    Жайлы емес үйлер
    1,91
    489,53
    156,65
    49,24
    695,42
    Заңды және жеке тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
    -
    1 м3
    3075,60
    984,18
    309,34
    4369,12

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.