«Жітіқара ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Жітіқара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 248 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 шілде 2026 ж.

    «Жітіқара ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Жітіқара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 248 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Жітіқара ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Жітіқара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 248 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31658 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы

    Н. Уразалинов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.