«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20201 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    КЕЛІСІЛДІ

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 30 маусымдағы

    № 460 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрінің

    2020 жылғы 27 наурыздағы

    № 258 бұйрығына

    Қосымша

    «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

    1. Осы «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсету «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

    Көші-қон саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «цифрлық үкіметтің» цифрлық операторына және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

    2) әкімшілік рәсім (мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі) - әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі өтініш жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;

    3) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

    4) әкімшілік акті (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жеке-дара айқындалған адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

    5) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

    6) бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;

    7) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

    8) сәйкестендiру нөмiрi бар құжат (шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі) – тiркеуші орган беретiн, сәйкестендiру нөмiрiнiң болуын растайтын құжат;

    9) Ішкі істер министірлігінің операторы – Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері;

    10) «цифрлық үкіметтің» операторы – берілген «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының оған жұмысын істеуі қамтамасыз ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

    11) Көші-қон қызметінің цифрлық жүйесі (бұдан әрі - КҚҚ ЦЖ) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің ведомстволық цифрлық жүйесі;

    12) халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО БЦЖ) - Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;

    13) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

    14) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік қызметтерді және одан туындайтын, сондай-ақ цифрлық нысанда қызметтерді алуда және көрсетуде жеке және заңды тұлғалардың өзара іс-қимыл жасасуы кезінде мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында цифрлық құжаттарды жасау, сақтау және пайдалануға арналған «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының объектісі;

    15) машинамен оқылатын аймақ – машинамен оқылатын жол жүру құжатының деректер бетінде бөлінген және машинамен оқу үшін қалыптастырылған міндетті және факультативтік деректерді қамтитын белгіленген мөлшердегі аймақ;

    16) көзбен шолып тексеру аймағы – жол жүру құжатының машинамен оқылатын бөліктері, олар көзбен шолып тексеру үшін арналған, яғни алдыңғы және артқы жағында (қолданылатын жерде) және машинамен оқылатын аймақ ретінде белгіленбеген;

    17) «Бүркіт» бірыңғай цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «Бүркіт» БЦЖ) –Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуін, кіру және шығуын және Қазақстан Республикасында виза алушылардың келуін бақылау жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйе.

    3. Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар ЖСН қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру жолымен жеке өзі жүгінеді.

    Шетел азаматтарында, азаматтығы жоқ адамдарда және мәртебесі реттелмеген адамдарда, Қазақстан Республикасы сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталғандарда жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін негіз осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш болып табылады.

    ЖСН түзету үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) көрсетілетін қызмет берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру жолымен жүгінеді.

    «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе), көрсету нәтижесі және мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы қағидаларға 4-қосымшада жазылған.

    Бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын шетел азаматының, азаматтығы жоқ адамдардың немесе мәртебесі реттелмеген адамдардың атынан қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің бастығы куәландырған ЖСН қалыптастыру туралы өтінішті сотталғанның жазасын өтеу орны бойынша ҚАЖ мекемесінің өкілі береді.

    4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мыналарды жүзеге асырады:

    1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру;

    2) құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын сондай-ақ Тізбеге сәйкестігін тексеру;

    3) ХҚКО БЦЖ-да өтінімді ресімдеу.

    ЖСН қалыптастыру бойынша өтінімді ресімдеу процесінде ХҚКО БЦЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының паспортының нөмірі енгізіледі. ХҚКО БЦЖ «Бүркіт» БЦЖ-мен интеграциялау арқылы шетел азаматы туралы анықтамалық деректер толтырылады және оның болуын растайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы факті тексеріледі.

    ЖСН қалыптастыру өтінішіне жеке басын куәландыратын құжаттың және оның нотариалды куәландырылған аудармасының электронды көшірмесі ұсынылады.

    Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер ХҚКО БЦЖ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтініште олар көрсеткен деректер негізінде енгізіледі.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 11-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері ХҚКО ЦЖ және КҚҚ ЦЖ-ға өтініш жолдайды.

    Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

    5. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

    Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, аталған мерзім Тізбенің 5-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

    Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

    Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

    6. ЖСН қалыптастыруға немесе түзетуге арналған өтінім ХҚКО БЦЖ-дан КҚҚ ЦЖ-ға орындауға ұсынылады.

    7. ІІМ операторы келіп түскен өтініштердің дұрыстығын тексереді. Өтінім толтыру талаптарына сәйкес келген жағдайда ЖСН қалыптастыру немесе түзету рәсімін жүзеге асырады және интеграция арқылы қарау нәтижелерін ХҚКО БЦЖ-ға жолдайды.

    Өтінім мақұлданған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Тіркеу куәлігін басып шығарады.

    Осы Қағидаларға 4-қосымшаның 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.

    8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебін жойған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

    9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген жағдайда жүзеге асырылады:

    көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттың тұпнұсқасын немесе «Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 97 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27181 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша пана іздеген адамның куәлігін көрсеткен кезде;

    өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілі;

    мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуға нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының сенімді адамы;

    не көрсетілетін қызмет алушы жазасын өтеп жүрген ҚАЖ өкілі.

    10. Тіркеу куәлігінің телнұсқасын беруді осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы көрсетеді.

    11. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне оларды көрсету кезеңдері туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

    12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтерлі көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданады.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, оның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалатын шағым лауазымды тұлғаға беріледі.

    Шешімнің, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға әкімшілік іс жолдайды.

    Бұл ретте шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    13. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    14. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    15. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

    16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Қазақстан Республикасында

    уақытша болатын шетел

    азаматтары мен азаматтығы

    жоқ адамдарға жеке

    сәйкестендіру нөмірін

    қалыптастыру және түзету

    қағидаларына

    1-қосымша

    кімге ___________________________

    ____________________________

    (лауазымы, тегі және аты-жөні)

    кімнен______________________

    (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

    азаматы(шасы)

    __________________

    ____________________________

    (қай мемлекет)

    Өтініш

    Маған ______________________________________________________________

    үшін жеке сәйкестендіру нөмірін беруіңізді сұраймын.

    Аты

    латын транскрипциясында _____________________________________________

    кириллица транскрипциясында__________________________________________

    Аты-жөні

    латын транскрипциясында _____________________________________________

    кириллица транскрипциясымен _________________________________________

    Әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    латын транскрипциясымен _____________________________________________

    кириллица транскрипциясында__________________________________________

    Туған күні ___________________________Жынысы _______________________

    Азаматтығы_____________________Ұлты_________________________________

    Келген елі ________Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі _____________

    Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі _____________________________

    Жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні _______________________

    Жеке басты куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі __________________

    Жеке басты куәландыратын құжаттың берілген елі ________________________

    Туған жер____________________________________________________________

    Ел______________ Облыс______________________________________________

    Аудан _______________мекенжай_______________________________________

    Мен цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

    (қолы) (күні)

    Қазақстан Республикасында

    уақытша болатын шетел

    азаматтары мен азаматтығы

    жоқ адамдарға жеке

    сәйкестендіру нөмірін

    қалыптастыру және

    түзету қағидаларына

    2-қосымша

    кімге ___________________________

    ____________________________

    (лауазымы, тегі және аты-жөні)

    кімнен______________________

    (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

    азаматы(шасы)

    __________________

    ____________________________

    (қай мемлекет)

    Өтініш

    Мәртебесі реттелмеген, сот үкімі бойынша сотталған шетел азаматқа және азаматтығы жоқ адамға, пана іздеуші адамға жеке сәйкестендіру нөмірін беруіңізді сұраймыз (керегін сызу).

    _______________________________________________________________

    Аты

    латын транскрипциясында ________________________________________

    кириллица транскрипциясында_____________________________________

    Аты-жөні

    латын транскрипциясында ________________________________________

    кириллица транскрипциясында_____________________________________

    Әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    латын транскрипциясында ________________________________________

    кириллица транскрипциясында ____________________________________

    Туған күні ______________________Жынысы _______________________

    Азаматтығы_________________Ұлты_______________________________

    Келген елі ________ Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі ________

    Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі _______________________

    Берілген күні ___________ жеке басын куәландыратын құжат _________

    Жеке басты куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі _____________

    Жеке басты куәландыратын құжаттың берілген елі __________________

    Туған жері______________Ел____________________________________

    Облыс___________________Аудан____________Мекенжай____________

    Мен цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

    (қолы) (күні)

    Мекеменің атауы ______________________________________________

    Мекеме бастығының ТАӘ ________________________________________ (МО)

    (мекеме бастығының қолы)

    Қазақстан Республикасында

    уақытша болатын шетел

    азаматтары мен азаматтығы

    жоқ адамдарға жеке

    сәйкестендіру нөмірін

    қалыптастыру және

    түзету қағидаларына

    3-қосымша

    кімге ___________________________

    ____________________________

    (лауазымы, тегі және аты-жөні)

    кімнен______________________

    (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

    азаматы(шасы)

    __________________

    ____________________________

    (қай мемлекет)

    Өтініш

    Ұлттық тізілімдердегі анықтамалық деректерге __________________________

    (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), туған күні, ЖСН)

    төменде көрсетілген параметрлер бойынша түзетулер жүргізуді сұраймын:

    Па­ра­метр­лер
    ІІМ де­ректер ба­за­сын­да­ғы ағым­да­ғы мә­лі­мет
    Өзгер­ту
    1
    Те­гі
    2
    Аты
    3
    Әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
    4
    Ту­ған жы­лы
    5
    Ту­ған же­рі
    6
    Аза­мат­тық
    7
    Жы­ны­сы
    8
    Құ­жат нө­мі­рі
    9
    Құ­жат­тың бе­рі­л­ген кү­ні
    10
    Құ­жат­тың жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
    11
    Құ­жат­ты бер­ген ел
    *кестеде тек реттеуді қажет ететін параметрлерді көрсетеді

    Қазақстан Республикасында

    уақытша болатын шетел азаматтары

    мен азаматтығы жоқ адамдарға

    жеке сәйкестендіру нөмірін

    қалыптастыру және түзету

    қағидаларына

    4-қосымша

    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да
    уа­қыт­ша бо­ла­тын ше­тел аза­мат­та­ры
    мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға
    же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін
    қа­лып­та­сты­ру және тү­зе­ту
    2.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін бе­ру ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бе­ру
    3.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    Қа­жет­ті құ­жат­тар топ­та­ма­сы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға тап­сы­ры­л­ған күн­нен ба­стап – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту уа­қы­ты­ның ең ұзақ рұқ­сат еті­л­ген мер­зі­мі – 15 (он бес) ми­нут;
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің ең ұзақ рұқ­сат еті­л­ген уа­қы­ты – 20 (жиыр­ма) ми­нут.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ғаз тү­рін­де
    7.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Тір­кеу ку­ә­лі­гін бе­ру не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    9.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс (сен­бі, жек­сен­бі) және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін (түс­кі үзі­ліс са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін). Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9:00-ден 17:30-ға дей­ін (түс­кі үзі­ліс са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін) жү­зе­ге асы­ра­ды. Де­ма­лыс кү­ні – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі. Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9:00-ден 18:00-ге дей­ін үзі­ліс­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ке­зек­ші ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9:00-ден 20:00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9:00-ден 13:00-ге дей­ін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес ме­ре­ке және де­ма­лыс күн­де­рін қо­с­па­ған­да жұ­мыс іс­тей­ді.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, «элек­трон­дық ке­зек­ті» пор­тал ар­қы­лы брон­да­у­ға бо­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Ми­ни­стр­лік­тің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да – www.​mvd.​gov.​kz «Ми­ни­стр­лік ту­ра­лы» бө­лі­мін­де, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің веб-ре­сур­ста­ры» кі­ші бө­лі­мін­де;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да – www.​gov4c.​kz;
    3) пор­тал – www.​egov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Цифр­лық жүйе іс­тен шық­қан, бай­ла­ныс ар­на­сы бол­ма­ған неме­се ха­бар­ла­ма­лар­ды жі­бе­ру­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­тін өзге де жағ­дай­лар туын­да­ған кез­де, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті бө­лім­ше­сі тех­ни­ка­лық ақа­у­лар анық­тал­ған сәт­тен ба­стап олар­дың се­беп­те­рін анық­тау және жою бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­дай­ды (жұ­мыс күн­де­рі са­ғат 09:00-ден 18:30-ға дей­ін). Ха­бар­ла­ма­лар­ды бір са­ғат­тан астам уа­қыт­қа ке­шік­ті­ру­ге әкел­ген әр­бір ава­ри­я­лық жағ­дай­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы ар­найы жур­нал­ға тір­кей­ді.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (ба­ла­лар және сот әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз деп та­ны­ған аза­мат­тар үшін – олар­дың өкіл­дік ету өкі­лет­тікте­рін рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на­тын заң­ды өкіл­де­рі (ата-ана­ла­ры, қам­қор­шы­ла­ры, қор­ған­шы­ла­ры)) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы ЖСН қа­лып­та­сты­ру бой­ын­ша жү­гін­ген кез­де:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ти­іс­ті та­рап­пен жа­сал­ған ке­лі­сі­мін­де неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­ші­мін­де өзге­ше тәр­тіп бел­гі­лен­бе­се).
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) ту­ра­лы де­ректер ма­ши­на­мен оқы­ла­тын ай­м­ақ­қа сәй­кес, ал ту­ған кү­ні, ту­ған же­рі, аза­мат­тығы және бас­қа мә­лі­мет­тер ви­зу­ал­ды тек­се­ру ай­ма­ғы­на сәй­кес тол­ты­ры­ла­ды.
    2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы ЖСН тү­зе­ту бой­ын­ша жү­гін­ген кез­де:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ти­іс­ті та­рап­пен жа­сал­ған ке­лі­сі­мін­де неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­ші­мін­де өзге­ше тәр­тіп бел­гі­лен­бе­се).
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) ту­ра­лы де­ректер ма­ши­на­мен оқы­ла­тын ай­м­ақ­қа сәй­кес, ал ту­ған кү­ні, ту­ған же­рі, аза­мат­тығы және бас­қа мә­лі­мет­тер ви­зу­ал­ды тек­се­ру ай­ма­ғы­на сәй­кес тол­ты­ры­ла­ды.
    Егер ше­тел аза­мат­тың құ­жа­тын­да анық­та­ма­лық де­ректер­дің (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), ту­ған же­рі) ки­рил­ли­ца неме­се ла­тын қар­пі­мен жа­зы­луы бол­ма­са, құ­жат­тың но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы қо­са бе­рі­ле­ді;
    3) анық­та­ма­лық де­ректер­дің өзгер­ге­ні ту­ра­лы ку­ә­лік;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өкі­лі жү­гін­ген жағ­дай­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат.
    Қа­ғи­да­лар­дың 3-тар­ма­ғы­ның 2-аб­за­цын­да көр­се­ті­л­ген адам­дар жү­гін­ген кез­де:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) кей­ін­нен же­ке тұл­ға­ны сәй­кестен­ді­ру мақ­са­тын­да пай­да­ла­ны­ла­тын ше­тел аза­мат­тың же­ке ба­сын рас­тай­тын құ­жат.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да бо­сқын деп та­ны­л­ған адам­дар мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін бо­сқын ку­ә­лі­гін ұсы­на­ды.
    Тел­нұс­қа бе­ру ке­зін­де же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    11.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі бар қо­сым­ша­ны
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық емес екен­ді­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес ұсы­ны­ла­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет шек­те­улі қол­же­тім­ді дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    12.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар­ды көз­дей­ді.
    Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ді, өз бе­ті­мен қоз­ға­лу­ды, бағ­дар алу­ды жү­зе­ге асы­ру қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­тқан көр­се­ті­ле­тін кыз­мет­ті алушы­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі 1414, 8 800 080 7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша шы­ға оты­рып, жүр­гі­зе­ді.

    Қазақстан Республикасында

    уақытша болатын шетел

    азаматтары мен

    азаматтығы жоқ адамдарға

    жеке сәйкестендіру нөмірін

    қалыптастыру және түзету

    қағидаларына

    5-қосымша

    Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзетуге құжаттарды қабылдау туралы қолхат

    ____________________________________________________________________

    Өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда).

    Қабылданған құжаттар тізімі:

    1. __________________________________________________________________

    2. __________________________________________________________________

    3. __________________________________________________________________

    Қабылдаған: _______________________ / __________ /

    ____________________________________________________________________

    (ПД КҚҚБ қызметкерінің лауазымы) (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

    20__ ж. «__»________

    Берген уақыты мен күні: ____ сағат __ минут 20__ ж. «__» ____________

    Қазақстан Республикасында

    уақытша болатын шетел

    азаматтары мен

    азаматтығы жоқ адамдарға

    жеке сәйкестендіру нөмірін

    қалыптастыру және түзету

    қағидаларына

    6-қосымша

    Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін Қа­лып­та­сты­ру
    ту­ра­лы тір­кеу ку­ә­лі­гі <но­мер>
    Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН):
    <но­мер>
    Те­гі < Те­гі > Аты <Аты>
    Әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)<
    Әке­сі­нің аты >
    Ту­ған кү­ні < ту­ған кү­ні >
    Ту­ған же­рі < ту­ған же­рі >
    Бер­ген ме­ке­ме ҚР Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
    Бе­рі­л­ген ке­зі < бе­рі­л­ген ке­зі >
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты
    ұсын­ған кез­де жа­рам­ды
    Ре­ги­стра­ци­он­ное сви­де­тель­ство <но­мер>
    Ин­ди­ви­ду­аль­ный иден­ти­фи­ка­ци­он­ный
    но­мер (ИИН): <но­мер>
    Фа­ми­лия <Фа­ми­лия>
    Имя <Имя>
    От­че­ство(при его на­ли­чии) <От­че­ство>
    Да­та рож­де­ния <да­та рож­де­ния>
    Ме­сто рож­де­ния <ме­сто рож­де­ния>
    Ор­ган вы­да­чи Ми­ни­стер­ство внут­рен­них
    дел РК
    Да­та вы­да­чи <да­та вы­да­чи>
    Дей­стви­тель­но толь­ко при предъ­яв­ле­нии
    до­ку­мен­та, удо­сто­ве­ря­ю­ще­го лич­ность

    Қазақстан Республикасында

    уақытша болатын шетел

    азаматтары мен

    азаматтығы жоқ адамдарға

    жеке сәйкестендіру нөмірін

    қалыптастыру және түзету

    қағидаларына

    7-қосымша

    Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

    Тегі <Тегі>
    Аты <Аты>
    Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
    <Әкесінің аты>
    Туған күні <туған күні>
    Туған жері <туған жері>
    Берген мекеме ҚР Ішкі істер
    министрлігі
    Берілген күні <берілген күні>
    < Бас тарту себебі >
    Фамилия <Фамилия>
    Имя <Имя>
    Отчество (при его наличии) <Отчество>
    Дата рождения <дата рождения>
    Место рождения <место рождения>
    Орган выдачи Министерство внутренних
    дел РК
    Дата выдачи <дата выдачи>
    <Причина отказа>

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.