Екібастұз қаласы әкімінің 2025 жылғы 09 маусымдағы «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 5 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы », «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия кезекті отырысының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Екібастұз қаласы әкімінің 2025 жылғы 09 маусымдағы «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 5 шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі
А. Бейсекин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.