«Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 маусым 2026 ж.

    «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

    2. Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімін қайтадан ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 87 қаулысының күші жойылсын.

    3. Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне қосымша енгізу туралы 2021 жылғы 25 қазандағы № 415 Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын.

    4. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қызылжар ауданының әкімі

    Б. Исманов

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Қызылжар ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «26» маусымдағы № 181 қаулысына

    1-қосымша

    «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    Бескөл ауылы 2026

    1. Жалпы ережелер

    1. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария саласында жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ведомствалары жок.

    3. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы (одан әрі - Құрылтайшы) болып табылады, оның орналасқан мекенжайы: пошталық индексі 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 11.

    «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тиісті саласының уәкілетті органы жоқ.

    4. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет және баска да нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен катар Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    5. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мелекеттік тілде өзінің атауымен мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгіде бланкілері және Қазынашылық органында шоттары бар.

    6. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жеке өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға ене алады.

    7. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасы тарапын жүргізуге құқығы бар, егер де ол заңнамаға сәйкес өкілетті болса.

    8. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    9. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

    10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 11

    11. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:

    мемлекеттік тілде: «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Қызылжарский районный отдел сельского хозяйства, предпринимательства и ветеринарии».

    12. Осы Ереже «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

    13. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

    14. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен келісімді қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.

    Егер де «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне табыс әкелуді жүзеге асыратын заңнамалық aктілермен құқық берілсе, онда осындай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджетінің кірісіне бағытталады.

    2. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

    15. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қызылжар ауданында жер шаруашылығы және мал шаруашылығында мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру, аудан аумағында кәсіпкерлік қызметін дамытуға және инвестициялық қолайлыққа жағдай жасау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ветеринария саласында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге ықпал ету.

    16. Міндеттері:

    1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы салаларының бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға, оның сапасын арттыруға, ауыл шаруашылығы салаларының өндірісі шығынын төмендетуге ықпал ету;

    2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласына инвестицияларды ендіруге және жаңа технологияларды пайдалануға ықпал ету;

    3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өндірісті диверсификациялау мәселелерін шешуді болжамдайтын салауатты бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

    4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «ІҚМ етінің экспортты әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асыру аясында жоспарлы тапсырмаларын орындауға ықпал ету;

    5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

    6) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;

    7) аймақтарда мемлекеттік бағдарламаларды орындау және жүзеге асыруға жауапкершілікке ие болу және қамтамасыз ету;

    8) шағын кәсіпкерлікті қолдауға аймақтық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

    9) аймақта инновациялық қызметі мен шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;

    10) жергілікті атқарушы органдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және нарықтық инфрақұрылымдары объектілерімен өзара қарым-қатынасын дамыту стратегиясын анықтау;

    11) сараптау кеңесінің қызметін ұйымдастыру;

    12) жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

    13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, бағыттайтын мәселелер бойынша облыс және аудан әкімінің және әкімдігінің актілерін орындалуын қамтамасыз ету, оларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

    15) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау;

    17. Функциялары:

    1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес агроқұрылымдарға және кәсіпорындарға ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеуге, экономикалық бизнес-жоспарды және мемлекеттік несиелеу бағдарламалар арқылы несиелеуді ұйымдастыруға ықпал ету;

    2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аграрлық секторда, қайта өңдеу және ауыл шаруашылық өнімді жүзеге асыру саласында, сонымен қатар агросервисті ендіруге, нарықтық құрылымның және бәсекелестікті құруға және дамытуға ықпал ету;

    3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндіріске және қайта өңдеуге жаңа техниканы және дамыған технологияларды енгізуге ықпал ету;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндірісті техникалық қайта жабдықтауға ықпал ету;

    5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында жергілікті және шетел жетістіктерін зерттеу және насихаттау;

    6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық саясатты жүргізу;

    7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, ауылдың әлеуметтік саладағы инвестициялық саясатты әзірлеуге қатысу;

    8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы мәлімет жинауды іске асыру;

    9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның барлық тауар өндірушілердің дамуы үшін ауыл шаруашылық нарығын және қажетті экономикалық жағдайларын және құқықтық қамсыздандыруды реттеу тетігін құруға ықпал ету;

    10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес экономикалық және статистикалық мәліметті жинау және талдау, тұтынушылық сұранысты, нарықтардың өткізу (маркетингтік зерттеулер) жағдайын талдау, тұтынушылардың және ауыл шаруашылық өнім өндірушілердің байланыстарын орнатуға ықпал ету, экспорт бойынша дайындыққа қатысу;

    11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның аграрлық секторының өндірістік қызметін талдау;

    12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымның дамуына ықпал ету;

    13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржыларды тарту, ауылды елді-мекеннің кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін арттыру, шығарылатын ауыл шаруашылық өнімнің ассортиментін кеңейту және сапасын арттыру бойынша іс-шаралар кешені;

    14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету;

    15) әкімінің кәсіпкерлермен кездесулерді ұйымдастыру және өткізу;

    16) шағын бизнес мәселелері бойынша кеңестер, отырыстар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және баска да іс-шараларды ұйымдастыруға және мен өткізуге қатысу;

    17) шағын бизнесті дамыту мониторингін жүргізу (шағын кәсіпкерлік объектілер саны, жұмыспен қамтылғандар саны, өндірілген өнімдер көлемі, салықтық төлемдер);

    18) кәсіпкерлердің хаттарын, шағымдарын, ұсыныстарын, жеке өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;

    19) қызмет көрсету мен туризм, сауда саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

    20) әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге баға мониторингін іске асыру, мемлекеттік органның, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік түріне қарамастан аса маңызды тауарларға бағаны тұрақтандыру бойынша қызметін үйлестіру, инфляция деңгейін зерделеу және төмендету;

    21) республикалық, облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысу;

    22) Мал өлекселерін көметін (биотермикалық шұңқырлар) және сібір жарасы көмілген орындардың құрлысын ұйымдастыру және олардың ұстауын ветеринарлық нормативтерге сәйкес ұстауды бақылау;

    23) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;

    24) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;

    25) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;

    26) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына тауарлық үстеме мөлшерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;

    27) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға.

    18. Құқықтары мен міндеттері:

    1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

    2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның атқарушы органдарынан, ауылдық округ әкімдерінен қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрау және алу;

    3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер шешіміне ауданның атқарушы органдарының, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін қатысуға тарту;

    4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімдігінің және мәслихаттың, аудандық алқа, аумақтық және басқа атқарушы органдарының отырыстарына қатысу;

    5) «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы бола алмайды және құрмайды.

    6) «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

    7) «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің құрылу мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

    3. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

    19. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілік жүктелген және өз функцияларын іске асыратын басшымен жүзеге асырылады.

    20. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

    21. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін бастапқылық қағидада әрекет етеді және оның құзырына сәйкес қызметі мәселелерін өздігінен шешеді.

    22. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кызметін жүзеге асырған кезде «Қызылжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

    коммуналдық мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз ic-әрекет жасайды;

    барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін ұсынады;

    заңнамада белгіленген жағдайларда және шегінде, мүлікке басшылық етеді;

    келісім-шарттар жасайды;

    сенімхаттар береді;

    банктік шоттар ашады;

    барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;

    коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін, өкілетті органмен тағайындалғандардан басқасы, жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

    коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар белгілейді;

    коммуналдық мемлекеттік мекемедегі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шегін анықтайды;

    «Қазақстан Републикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген негізгі Ережелердің сақталуын қамтамасыз ету.

    23. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттікті анықтайды.

    24. Басшы еркектер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік кепілдігі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдайды, «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заңнаманың сақталуына дербес жауапкершілік тартады.

    4. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

    25. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    26. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    27. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге көзделмесе, «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған муліктi, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

    28. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    29. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    6. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

    30. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    7. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі мен қарым-қатынасы

    31. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен құрылтайшысы, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады және реттеледі.

    32. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

    33. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақытының тәртібі «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбек тәртібі Қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек нормасы заңнамаларына қайшы келмеуі тиіс.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.