«Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Ережелер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Ережелер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Ережелер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20195 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерді құжаттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақта:

    1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруға ықтиярхат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;»;

    мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

    «3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 29 маусымдағы

    № 451 Бұйрыққа

    1- қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Ішкі істер министрінің

    2020 жылғы 30 наурыздағы

    № 266 бұйрығына

    1-қосымша

    «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

    1 тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

    1) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақталған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

    2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат – Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат (бұдан әрі – тұруға ықтиярхат);

    3) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар адам.

    4) формуляр – ақпараты бар, нөмірімен және штрих кодымен қатаң есептіліктегі баспахана бланкісі, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізіледі және бұдан жеке тұлғаны берілген құжаттармен сәйкестендіру мақсатында қолданылады;

    5) электрондық формуляр – жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін нөмірі және штрих коды бар бланк, «Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» цифрлық жүйелері (бұдан әрі – ШАҚТ ТП) арқылы ресімделеді және толтырылады.

    2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүгінеді Мемлекеттік қызмет қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

    Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезіндегі фотосуреттер мен қолдардың үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшада жазылған.

    4. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

    Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне қарамастан, құжаттандырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ШАҚТ ТП цифрлық жүйесінен алады.

    Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға арналған электрондық формулярларды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда жұмыс орындарында көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетілетін ШАҚТ ТП арқылы жүзеге асырады.

    Көрсетілетін қызметті алушылар жеке басты куәландыратын құжаттарды Тізбеге сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсына алады.

    5. Құжаттарды электрондық формулярда ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны, формулярда - жеке басты куәландыратын құжат алу үшін формулярды толтырылғаннан кейін бланкіден алынатын түбіртек беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Тізбенің 9-тармағына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Көрсетілетін қызметті алушыға қолданылу мерзімі өткен құжаттар немесе құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде – ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі-КҚҚБ) қызметкерлері жүзеге асырады:

    деректер базасы бойынша тексеру (жеке басын сәйкестендіру, бұрын берілген құжаттардың және тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 492-бабының 4 және 5-бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда және/немесе Кодекстің 493-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтыру, ШАҚТ ТП-да электрондық формулярды тіркеу, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асыратын графикалық ақпаратты (фотосуреттер мен қолтаңбалар) жинау кезеңіне жолдау;

    электрондық формулярды толтыру және ЭЦҚ куәландыру;

    формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнді және қолын қою (тергеу қамауындағыларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жүгінген кезде ресімделеді, сондай-ақ туу туралы куәліктердің негізінде шетелдіктің тұруына ықтиярхатты алғаш рет алуға уақтылы жүгінбегендерге, ШАҚТ ТП болмаған кезде ШАҚТ ТП-мен байланыс арналары істен шыққан немесе олардың жабдықтары сынған кезде).

    Электрондық формуляр тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлеуді және қажет болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеуді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.

    Төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе электрондық түрде олардың мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ QR-code бойынша ШАҚТ ТП арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32971 болып тіркелген) (бұдан әрі-бұйрық) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының қалауымен қызмет жеделдетілген тәртіппен көрсетіледі, оның мерзімі құжаттардың толық пакетін беру күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды.

    Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетіп беру үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындағаны үшін қабылданған төлемдер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – «АӨО» РМК) екінші деңгейлі банктерден нақты уақыт режимінде («онлайн) түседі.

    Формулярда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжатты жедел бергені үшін төлем туралы құжатты формулярға қоса береді; аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында ресімделген формулярларды жөнелтуге арналған тізілімді 3 (үш) данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тіркеледі, екіншісі және үшіншісі формулярлармен бірге облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – КҚҚБ) беріледі. Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін ШАҚТ ТП арқылы тізілім жасамай-ақ КҚҚБ-ға беріледі

    8. КҚҚБ қызметкерлері ШАҚТ ТП арқылы ресімделген электрондық формулярларды, сондай-ақ формулярларды «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) талаптарға сәйкес толтырудың дұрыстығы мен негізділігіне тексеруді жүзеге асырады.

    Деректер базасындағы электрондық формулярда қамтылған мәліметтердің сәйкессіздігі, Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілеріне ресімдеу кодтарының, сапасыз графикалық ақпараттың (фотосуреттер мен қолтаңбалар) сәйкессіздігі анықталған кезде электрондық формулярлар қайтару себебін көрсете отырып, орындаусыз қайта ресімдеуге ШАҚТ ТП-ге қайтарылады.

    Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

    Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға бола алмайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.

    Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі кезінде электрондық формулярлар ШҚТ ТП-ның келесі кезеңіне өтеді, ал формулярларға 3 (үш) данада жиынтық тізілім қалыптастырылады, олардың біріншісі номенклатуралық іске қоса тіркеледі, екіншісі және үшіншісі аудандық тізілімдермен және формулярлармен (қағаз тасымалдағышта) бірге Көші-қон қызметі комитетіне (бұдан әрі – КҚҚК) жолданады

    9. КҚҚК қызметкерлері формулярлардың толтырылуының дұрыстығы мен негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

    Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі кезінде:

    электрондық формулярлар жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезеңіне «АӨО» РМК-ға жіберіледі;

    жиынтық тізілімнің бірінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдерімен бірге номенклатуралық іске қосылады, тіркеледі, жиынтық тізілімнің екінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдерімен бірге 1 (бір) жұмыс күні ішінде «АӨО» РМК-ға жіберіледі.

    10. «АӨО» РМК келіп түскен электрондық формулярларды тексеруді жүзеге асырады және электрондық формулярларға енгізілген, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен ресімделген мәліметтердің деректер базасындағы мәліметтермен, графикалық ақпаратпен (фотобейнелермен, қолтаңбалармен) Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілеріне сәйкессіздігі анықталған кезде электрондық формулярлар қателерді түзету үшін ШАҚТ ТП-ға «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) талаптарға сәйкес қайтарылады.

    Бұзушылықтар болмаған жағдайда құжаттар дайындалады және дайындалған құжаттар тізілімімен бірге көрсетілетін қызметті беруші арқылы курьерлік қызметтер арқылы:

    1) жеделдетіп дайындау бойынша – Мемлекеттік корпорацияға;

    2) жалпы тәртіппен дайындалған – КҚҚБ-ға жолданады

    11. Дайын құжаттар құжатты дайындау аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей аумақтық бөлімшелерге (жеделдетіп дайындау кезінде электронды формулярды ресімдеу орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға) жолданады.

    12. КҚҚБ қызметкері жіберуге арналған тізілімді және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске қоса тіркейді және дайындалған құжаттардың тізілімін дайын құжаттармен және формулярлармен бірге КҚҚБ-ға жолдайды.

    КҚҚБ қызметкері дайындалған құжаттардың тізілімін тіркейді және дайын құжаттармен бірге Мемлекеттік корпорацияға жібереді және шетелдіктің тұруға ықтиярхатын Тізбеде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

    13. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру:

    1) өтінімді тіркеу талоны негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік корпорацияда жеке басты куәландыратын құжатты алуға арналған формулярдан бөлінетін түбіртек негізінде (қағаз жеткізгіште ресімдеу кезінде) жүзеге асырылады.

    14. Формулярларды тексеру, шетелдіктің тұруға ықтиярхатын дайындау, оның ішінде пысықталғаннан кейін мерзімдері мыналарды құрайды:

    жеделдетіп дайындау кезінде КҚҚБ деңгейінде тексеру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіппен – 2 (екі) жұмыс күні;

    жеделдетіп дайындау кезінде КҚҚБ және КҚҚК деңгейлерінде тексеру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіппен – алдыңғы кезеңнен түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні;

    «АӨО» РМК-да жеделдетіп дайындау кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіпте – 3 (үш) жұмыс күні;

    электрондық формуляр пысықталғаннан кейін құжат өндіріске келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде «АӨО» РМК-да дайындалуға жатады.

    15. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 6) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    16. Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация дайындалған күнінен бастап бір жыл ішінде шетелдіктің тұруға ықтиярхатын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес жою үшін береді.

    17. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

    18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ аумақтық полиция органдары мен өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға немесе шағымды қарайтын тікелей органға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

    20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    «Қазақстан Республикасында

    тұрақты тұратын шетелдіктерге

    тұруға ықтиярхат беру»

    мемлекеттік қызмет

    көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы
    «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ше­тел­дік­тер­ге тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат бе­ру»
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­ке тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­ты ал­ғаш рет 16 жас­қа толған адам­дар­ға ре­сім­деу.
    2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­тің тұ­руы­на ық­ти­яр­ха­тын ай­ыр­ба­стау:
    - қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бай­ла­ны­сты;
    - жо­ғал­ту;
    - одан әрі пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз.
    - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ше­тел­дік­тің аза­мат­тығ­ын өзгер­ту.
    3. Аза­мат­тың анық­та­ма­лық де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты; ту­ған кү­ні,ор­ны) өзгер­ген жағ­дай­да ше­тел­дік­тің тұ­руы­на ық­ти­яр­ха­тын ре­сім­деу; шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба­ның дәл бол­мауы
    3
    Көр­се­ті­ле­тін
    қыз­мет­ті
    бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    Құ­жат­ты жал­пы тәр­тіп­пен алу үшін -17 (он же­ті) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей.
    Құ­жат­тар­ды же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­пен алу үшін (өті­нім­ді ре­сім­деу және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет үшін тү­бір­тек­ті тө­леу кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді) – 7 (же­ті) жұ­мыс кү­ніне дей­ін.
    Құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қыт - 15 (он бес) ми­нут;
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 30 (отыз) ми­нут.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ғаз тү­рін­де
    Элек­трон­дық тү­рін­де
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Ше­тел­дік­ке тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат бе­ру.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін
    бе­ру:
    1) өті­нім­ді тір­кеу та­ло­ны негі­зін­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда: фор­му­ляр тол­ты­ры­л­ған­нан кей­ін фор­му­ляр блан­кі­сі­нен бө­лі­не­тін же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты алу­ға ар­нал­ған тү­бір­тек негі­зін­де фор­му­ляр­ды тол­ты­ру ке­зін­де. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се оның заң­ды өкі­лі Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өзі ке­ліп, өкіл­дік ету­ге өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на оты­рып не өкі­лет­тікте көз­дел­ген іс-әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат бой­ын­ша се­нім біл­ді­рі­л­ген адам­ға жү­гін­ген кез­де. Егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу­ға кел­ме­се, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция дай­ын­дал­ған кү­ні­нен ба­стап бір жыл ішін­де тұ­руы­на ық­ти­яр­хат­тың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­ді, со­дан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жою үшін бе­ре­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­сет­ке­ні үшін мем­ле­кет­тік баж алы­на­ды, ол Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Са­лық ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі - Са­лық ко­дек­сі) 667-ба­бы­на сәй­кес: ше­тел­дік­ке тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат бер­ге­ні үшін – мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ген күн­ге бел­гі­лен­ген 0,2 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті (бұ­дан әрі-АЕК) құ­рай­ды.
    Тө­лем Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің кас­са­ла­рын­да неме­се элек­трон­дық түр­де олар­дың мо­биль­ді қо­сым­ша­ла­ры ар­қы­лы, сон­дай-ақ QR-code бой­ын­ша ШАҚТ ТП ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­луы мүм­кін.
    Же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­пен ше­тел­дік­ке тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат бе­ру ке­зін­де мем­ле­кет­тік мо­но­по­лия са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ға сәй­кес бел­гі­лен­ген қо­сым­ша ақы алы­на­ды. Бел­гі­лен­ген та­риф­тер­дің мөл­ше­рі «Ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын көр­се­те­тін же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­пен бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке ба­ға­лар прейс­ку­ран­тын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ-нің 2018 жы­л­ғы 22 ақ­пан­да­ғы №143 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 16576 бо­лып тір­кел­ген).
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды же­дел­де­тіп дай­ын­дау бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет үшін ақы тө­леу «АӨО» РМК-ның есеп шо­ты­на жүр­гі­зі­ле­ді
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және цифр­лық объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9-00-ден 18-30-ға дей­ін, сен­бі кү­ні са­ғат 9-00-ден 13-00-ге дей­ін, де­ма­лыс кү­ні – жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі. Фор­му­ляр­да ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін, де­ма­лыс – жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі жү­зе­ге асы­ра­ды.
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің дай­ын нәти­же­ле­рін бе­ру және өті­ніш­тер­ді қа­был­дау Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді, элек­трон­дық ке­зек пор­тал ар­қы­лы брон­да­ла­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Ми­ни­стр­лік­тің ин­тер­нет ре­сур­сын­да – www.​mvd.​gov.​kz «Ми­ни­стр­лік ту­ра­лы» де­ген бө­лім­де, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің веб-ре­сур­ста­ры» де­ген кі­ші бө­лім­де;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да – www.​gov4с.kz;
    3) пор­тал­дың - www.​egov.​kz.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар, мә­лі­мет­тер мен сы­нау объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өзі (сот әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз деп та­ны­ған ба­ла­лар мен аза­мат­тар, олар­дың заң­ды өкіл­де­рі (ата-ана­ла­ры, қор­ған­шы­ла­ры, қам­қор­шы­ла­ры) өкіл­дік ету­ге өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на оты­рып, өті­ніш жа­са­ған кез­де):
    1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге элек­трон­дық өті­нім­ді ШҚТ ТП ар­қы­лы ре­сім­деу ке­зін­де:
    1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­ке тұ­руы­на ық­ти­яр­хат­ты ал­ғаш рет 16 жас­қа толған адам­дар­ға ре­сім­деу ке­зін­де:
    1) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­руы­на ық­ти­яр­хат бе­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
    Тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­ты ре­сім­деу ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да дак­ти­ло­ско­пи­я­лық және ге­ном­дық тір­ке­уді жүр­гі­зу­дің кей­бір мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2024 жы­л­ғы 30 қыр­күй­ек­те­гі № 730 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Дак­ти­ло­ско­пи­я­лық және ге­ном­дық тір­ке­уді жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес дак­ти­ло­ско­пи­я­лау рә­сі­мін жүр­гі­зе­ді (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 35161 бо­лып тір­кел­ген).
    2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­тің тұ­руы­на ық­ти­яр­ха­тын ай­ыр­ба­стау ке­зін­де:
    - қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бай­ла­ны­сты:
    1) Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт.
    - жо­ғал­ту:
    1) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    2) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың қай­да, қа­шан және қан­дай жағ­дай­лар­да жо­ғал­ға­ны көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша өті­ніш);
    3) тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты ұр­лан­ған жағ­дай­да қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық ре­т­ін­де тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­ты ұр­лау ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­был­да­ған қыл­мыстық қу­да­лау ор­га­ны­нан– та­лон-ха­бар­ла­ма (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас Про­ку­ро­ры­ның 2014 жы­л­ғы 19 қыр­күй­ек­те­гі № 89 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы ары­зды, ха­бар­ды неме­се ба­я­нат­ты қа­был­дау және тір­кеу, сон­дай-ақ Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мін жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9744 бо­лып тір­кел­ген);
    4) әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс бой­ын­ша қа­у­лы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­сыз неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­сіз не тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі жа­рам­сыз болған жағ­дай­да, күн­тіз­бе­лік он күн­нен астам мер­зім­ге тұ­рақ­ты тұр­ға­ны үшін, сон­дай-ақ іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­тың не аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі­нің жо­ғал­ға­ны ту­ра­лы уақ­ты­лы ха­бар­ла­ма­ға­ны үшін) Ко­дек­стің 492-ба­бы­на сәй­кес және әкім­ші­лік іс жүр­гі­зу­ді қоз­ғау үшін негіз­дер болған кез­де әкім­ші­лік ай­ып­пұл­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек;
    - одан әрі пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз:
    1) Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ше­тел­дік­тің, аза­мат­тығы бар ел­дің ауы­суы:
    1) Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның Цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт.
    3. Аза­мат­тың анық­та­ма­лық де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты; ту­ған кү­ні, же­рі) өзгер­ген жағ­дай­да ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­тын ре­сім­деу ке­зін­де; шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба­ның дәл бол­мауы:
    - анық­та­ма­лық де­ректер­дің өзге­ру­іне бай­ла­ны­сты (те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ту­ған кү­ні, ор­ны):
    1) Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    3) неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік не оның Цифр­лық ны­са­ны, заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі;
    4) анық­та­ма­лық де­ректер­ді өзгер­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды (уәкі­лет­ті қыз­мет­кер АХАЖ АЖ-дан ин­те­гра­ци­я­лық өза­ра іс-қи­мыл ар­қы­лы ала­тын анық­та­ма­лық де­ректер­дің, ту­ған же­рі­нің өзге­руі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ШАҚТ ТП-да бол­ма­ған жағ­дай­да);
    - шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба дәл бол­ма­ған жағ­дай­да:
    1) ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    3) ен­гі­зі­ле­тін мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­тын құ­жат­тар (туу ту­ра­лы, неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік не олар­дың цифр­лық ны­са­ны).
    Құ­жат үшін мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек (Са­лық ко­дек­сі­нің 671-ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік баж тө­ле­уден боса­ты­л­ған адам­дар рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды).
    ШАҚТ ТП ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны су­рет­ке тү­сі­ру ШАҚТ ТП-да ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес және ақы­сыз жүр­гі­зі­ле­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның фо­то­бей­не­сі элек­трон­дық фор­му­ляр­ға су­рет­ке тү­сі­ру жо­лы­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қо­лы – қол­таң­ба ска­не­рі ар­қы­лы ен­гі­зі­ле­ді.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар және тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­ке­удің бар-жо­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ШАҚТ ТП цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – қа­ғаз­жет­кіз­гіш­те ре­сім­де­ген кез­де:
    1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­тің тұ­руы­на ық­ти­яр­хат­ты ал­ғаш рет 16 жас­қа толған адам­дар­ға ре­сім­деу ке­зін­де:
    1) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат бе­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма;
    Тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­ты ре­сім­деу ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да дак­ти­ло­ско­пи­я­лық және ге­ном­дық тір­ке­уді жүр­гі­зу­дің кей­бір мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2024 жы­л­ғы 30 қыр­күй­ек­те­гі № 730 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Дак­ти­ло­ско­пи­я­лық және ге­ном­дық тір­ке­уді жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес дак­ти­ло­ско­пи­я­лау рә­сі­мін жүр­гі­зе­ді (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 35161 бо­лып тір­кел­ген).
    2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­тің тұ­руы­на ық­ти­яр­ха­тын ай­ыр­ба­стау ке­зін­де:
    - қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бай­ла­ны­сты:
    1) Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    - жо­ғал­ту:
    1) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    2) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың қай­да, қа­шан және қан­дай жағ­дай­лар­да жо­ғал­ға­ны көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша өті­ніш);
    3) тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты ұр­лан­ған жағ­дай­да қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық ре­т­ін­де тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­ты ұр­лау ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­был­да­ған қыл­мыстық қу­да­лау ор­га­ны­нан та­лон-ха­бар­ла­ма (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас Про­ку­ро­ры­ның 2014 жы­л­ғы 19 қыр­күй­ек­те­гі № 89 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы ары­зды, ха­бар­ды неме­се ба­я­нат­ты қа­был­дау және тір­кеу, сон­дай-ақ Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мін жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9744 бо­лып тір­кел­ген);
    4) әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс бой­ын­ша қа­у­лы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­сыз
    неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­сіз не тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі жа­рам­сыз болған жағ­дай­да, күн­тіз­бе­лік он күн­нен астам мер­зім­ге тұ­рақ­ты тұр­ға­ны үшін, сон­дай-ақ іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­тың не аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі­нің жо­ғал­ға­ны ту­ра­лы уақ­ты­лы ха­бар­ла­ма­ға­ны үшін) Ко­дек­стің 492-ба­бы­на сәй­кес және әкім­ші­лік іс жүр­гі­зу­ді қоз­ғау үшін негіз­дер болған кез­де әкім­ші­лік ай­ып­пұл­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек;
    - одан әрі пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз:
    1) Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт.
    3. Аза­мат­тың анық­та­ма­лық де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты; ту­ған кү­ні, же­рі) өзгер­ген жағ­дай­да ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­тын ре­сім­деу ке­зін­де; шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба­ның дәл бол­мауы:
    - анық­та­ма­лық де­ректер­дің өзге­ру­іне бай­ла­ны­сты (те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ту­ған кү­ні, ор­ны):
    1) Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    3) неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік не оның цифр­лық ны­са­ны, заң­ды кү­шіне ен­ген сот­тың ше­ші­мі;
    4) анық­та­ма­лық де­ректер­ді өзгер­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды (уәкі­лет­ті қыз­мет­кер АХАЖ АЖ-дан ин­те­гра­ци­я­лық өза­ра іс-қи­мыл ар­қы­лы ала­тын анық­та­ма­лық де­ректер­дің, ту­ған же­рі­нің өзге­руі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ШАҚТ ТП-да бол­ма­ған жағ­дай­да);
    - шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба дәл бол­ма­ған жағ­дай­да:
    1) Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
    3) ен­гі­зі­ле­тін мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­тын құ­жат­тар (туу ту­ра­лы, неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік
    не олар­дың цифр­лық ны­са­ны). Құ­жат үшін мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек алы­на­ды (Са­лық ко­дек­сі­нің 671-ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік баж тө­ле­уден боса­ты­л­ған адам­дар рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды).
    Тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­ты қа­ғаз та­сығ­ы­шта ре­сім­деу ке­зін­де фор­му­ляр­ды тол­ты­ру сәт­ін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жа­сы­на сәй­кес ке­ле­тін кө­ле­мі 3,5 х 4,5 сан­ти­метр екі фо­то­су­рет ұсы­ны­ла­ды.
    Фо­то­су­рет­тер бір нега­тив­тен қа­лың фо­то­қа­ғаз­ға фо­то ба­сып шы­ға­ру әді­сі­мен, қа­таң түр­де жа­рық жер­де ал­ды­нан тү­сі­рі­л­ген, бей­та­рап бет-әл­пе­ті кө­рі­ні­сі­мен және ауы­зы жа­бық түс­кен, бет-әл­пе­ті фо­то­су­рет­тің жал­пы ауда­ны­ның 75%-ға жуы­ғын ала­тын бо­луы ти­іс. Ком­пью­тер­лік ска­нер­леу, мо­дель­деу неме­се ксе­ро­кө­шір­ме әді­сі­мен дай­ын­дал­ған су­рет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға жол бе­ріл­мей­ді.
    Фо­то­су­рет­ке ді­ни тұр­ғы­да және ме­ди­ци­на­лық се­беп­тер бой­ын­ша ба­сты жа­бу­ды қо­с­па­ған­да, бас ки­ім­мен тү­су­ге бол­май­ды, бұн­дай жағ­дай­да бет иек­тің тө­мен­гі жа­ғы­нан ба­стап маң­дай­ға дей­ін кө­рі­ніп тұ­руы ке­рек, бе­т­ін­де бас ки­ім­нің кө­лең­ке­сі тү­сіп тұ­руы­на жол бе­ріл­мей­ді. Көз­де­рі ашық және анық кө­рі­нуі, кө­зіл­ді­рік көз­ді жа­уып қал­мауы ти­іс, ша­ғы­лы­сты­ра­тын және күн сәу­ле­сі­нен қор­ғай­тын кө­зіл­ді­рік­тер­ді киіп тү­су­ге жол бе­ріл­мей­ді.
    Со­ны­мен қа­тар құ­жат­та­ла­тын адам­ның ны­сан­ды ки­ім­де түс­кен фо­то­су­ре­ті қа­был­дан­бай­ды.
    Тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген не ауы­сты­ры­л­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші дак­ти­ло­ско­пи­я­лық тір­ке­уден өт­ке­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ШАҚТ ТП цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    Бел­гі болған жағ­дай­да заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен «ЖБС» ААЖ ар­қы­лы ве­ри­фи­ка­ция жүр­гі­зі­ле­ді.
    Дак­ти­ло­ско­пи­я­лық тір­ке­уден өт­ке­ні ту­ра­лы бел­гі бол­ма­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші оны «ЖБС» ААЖ-ға тір­кей­ді. Құ­жат­тан­ды­ры­ла­тын адам­ның фо­то­су­ре­ті де­рекқор­да же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ғы фо­то­бей­не­мен сәй­кес кел­ме­уі анық­тал­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бел­гі­лен­ген ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын та­ну хат­та­ма­сын тол­ты­ра­ды.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар және тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­ке­удің бар-жо­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ШАҚТ ТП цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­ты қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы және (неме­се) мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­ты қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі анық­тал­ған жағ­дай­да.
    «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес ұсы­ны­ла­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­ты қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы­на бай­ла­ны­сты.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, көз­де­ле­тін өзге де та­лап­тар
    Ты­ныс-тір­ші­лі­гін шек­тей­тін, ағ­за функ­ци­я­ла­ры тұ­рақ­ты бұ­зы­лып, ден­са­улы­ғы на­шар­ла­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға және тер­геу қа­мауы­на алын­ған­дар­ға және бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да жа­за­сын өтеп жүр­ген адам­дар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші қа­жет болған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тұр­ғы­лық­ты же­ріне, кел­ген
    же­ріне ба­рып және 1414, 8 800 080 7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы өті­ніш жа­сау ар­қы­лы қа­ғаз та­сығ­ы­шты тол­ты­ра оты­рып жүр­гі­зе­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің сай­тын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған: www.​mvd.​gov.​kz. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу ке­зін­де же­ке тұ­лға­лар­да же­ке­ле­ген жағ­дай­лар­да цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы алын­ған элек­трон­дық түр­де же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды ұсы­ну мүм­кін­ді­гі бар.

    Қазақстан Республикасында

    тұрақты тұратын шетелдіктерге

    тұруға ықтиярхат беру

    қағидаларына

    2-қосымша

    Кімге: ________________________

    _______________________________

    _______________________________

    (уәкілетті органның атауы)

    _______________________________

    Кімнен: Т.А.Ә. (бар болса)

    _______________________________

    мекенжайы бойынша тіркелген:

    Өтініш

    Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    20__жылғы «______» ____________

    _________________

    Қолы

    Қазақстан Республикасында

    тұрақты тұратын шетелдіктерге

    тұруға ықтиярхат беру

    қағидаларына

    3-қосымша

    Тір­кеу пунк­ті­нің ко­ды Код ре­ги­стра­ци­он­но­го пунк­та
    Тір­кеу та­ло­ны Та­лон ре­ги­стра­ции
    Та­лон штрих-ко­ды және нө­мі­рі Штрих-код и но­мер та­ло­на
    ИИН / ЖСН: Те­гі / Фа­ми­лия:
    Аты / Имя: Әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) / От­че­ство (при его на­ли­чии):
    Ту­ған кү­ні / Да­та рож­де­ния:
    Құ­жат­тың негіз­де­ме­сі / Ос­но­ва­ние:
    до­ку­мен­та № / №:
    Бе­рі­л­ген кү­ні / Да­та вы­да­чи:
    Бер­ген ор­ган / Ор­ган вы­да­чи:
    Тап­сы­ру­ға жа­та­тын құ­жат­тар /
    До­ку­мен­ты, под­ле­жа­щие сда­че:

    ____________________________________________________________________ Өтінім туралы мәлімет / Сведения о заявке

    Өтінім түрі / Вид Заявки

    Тапсырыс/Заказ

    ____________________________________________________________________

    Тіркелген күні / Дата регистрации Тіркейтін қызметкер / Сотрудник регистрации _________________

    Қолы/подпись

    Тіркеу пунктінің мекенжайы

    Адрес регистрационного пункта Анықтама телефоны

    Телефон для справок 1414

    ____________________________________________________________________

    Жеке басты куәландыратын құжаттар, өтінім бергеннен бастап 17 жұмыс күннен кешіктірмей беріледі. Қызмет алушы қалаған кезде қосымша төлемге құжаттарды жеделдетіп әзерлеу мүмкіндігі бар.

    3-санаттағы жеделдік – 7 жұмыс күні (қызмет кұны – 605,31 теңге ҚҚС жоқ).

    Ресімдеу күні және жеделдік санатына төлем жасаған күн құжаттарды беру

    мерзіміне кірмейді.

    Документы, удостоверяющие личность, выдаются в срок не позднее 17 рабочих дней со дня подачи заявки. При желании услугополучателя, за дополнительную оплату возможно ускоренное изготовление документов.

    3 категория срочности – 7 рабочих дней (стоимость услуги – 605,31 теңге без НДС).

    День оформления заявки и день оплаты за категория срочности не входят в

    срок выдачи документов

    Қазақстан Республикасында

    тұрақты тұратын шетелдіктерге

    тұруға ықтиярхат беру

    қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    (тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

    _______________________

    (көрсетілетін қызметті алушының

    мекенжайы)

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші (мекенжайы көрсетілсін) сіздің жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атаулары:

    1.________________________________________;

    2.________________________________________;

    3.________________________________________.

    Осы қолхат 2 данада жасалады, әрбір тарапқа бір-бірден .

    Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)

    Орындаушы: Т.А.Ә._____________

    Телефоны __________

    Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. / қолы

    20__ жылғы «___» _________.

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2026 жылғы 29 маусымдағы

    № 451 Бұйрыққа

    3-қосымша

    «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

    1 тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктерін беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

    1) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

    2) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

    3) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері жоқ адам;

    4) формуляр – ақпараты бар, нөмірімен және штрих кодымен қатаң есептіліктегі баспахана бланкісі, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізіледі және бұдан әрі жеке тұлғаны берілген құжаттармен сәйкестендіру мақсатында қолданылады;

    5) электрондық формуляр – жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін нөмірі және штрих коды бар бланк, «Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ШАҚТ ТП) арқылы ресімделеді және толтырылады.

    2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүгінеді.

    Мемлекеттік қызмет қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

    Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезіндегі фотосуреттер мен қолдардың үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшада жазылған.

    4. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

    Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне қарамастан, құжаттандырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ШАҚТ ТП цифрлық жүйесінен алады.

    Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға арналған электрондық формулярларды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда жұмыс орындарында көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетілетін ШАҚТ ТП арқылы жүзеге асырады.

    Көрсетілетін қызметті алушылар жеке басты куәландыратын құжаттарды Тізбеге сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсына алады.

    5. Құжаттарды электрондық формулярда ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны, формулярда жеке басты куәландыратын құжат алу үшін формулярды толтырылғаннан кейін бланкіден алынатын түбіртек беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Тізбенің 9-тармағына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Көрсетілетін қызметті алушыға қолданылу мерзімі өткен құжаттар немесе құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде – ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі - КҚҚБ) қызметкерлері жүзеге асырады:

    деректер базасы бойынша тексеру (жеке басын сәйкестендіру, бұрын берілген құжаттардың және тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 492-бабының 4 және 5-бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда және/немесе Кодекстің 493-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтыру, ШАҚТ ТП-да электрондық формулярды тіркеу, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асыратын графикалық ақпаратты (фотосуреттер мен қолтаңбалар) жинау кезеңіне жолдау;

    электрондық формулярды толтыру және ЭЦҚ куәландыру;

    формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнді және қолын қою (тергеу-қамауындағыларға алынғандарға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдарға, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСРО) паспорттары бойынша тұратын немесе оларды жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдар жүгінген кезде ресімделеді, сондай-ақ туу туралы куәліктердің негізінде азаматтығы жоқ адамның куәлігін алғаш рет алуға уақтылы жүгінбегендерге, ШАҚТ ТП болмаған кезде, ШАҚТ ТП байланыс арналары істен шыққан немесе олардың жабдықтары сынған кезде).

    Электрондық формуляр тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлеуді және қажет болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеуді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.

    Төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе электрондық түрде олардың мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ QR-code бойынша ШҚТ ТП арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32971 болып тіркелген) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының қалауымен қызмет жеделдетілген тәртіппен көрсетіледі, оның мерзімі құжаттардың толық пакетін беру күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды. Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетіп беру үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі.

    Жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындағаны үшін қабылданған төлемдер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – «АӨО» РМК) екінші деңгейлі банктерден нақты уақыт режимінде («онлайн») түседі.

    Формулярда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжатты жедел бергені үшін төлеу туралы құжатты формулярға қоса береді;

    аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында ресімделген формулярларды жөнелтуге арналған тізілімді 3 (үш) данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске қоса тіркеледі, екіншісі және үшіншісі формулярлармен бірге облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – КҚҚБ) беріледі. Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін ШАҚТ ТП арқылы тізілім жасамай-ақ КҚҚБ-ға беріледі.

    8. КҚҚБ қызметкерлері ШАҚТ ТП арқылы ресімделген электрондық формулярларды, сондай-ақ формулярларды «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) талаптарға сәйкес толтырудың дұрыстығы мен негізділігіне тексеруді жүзеге асырады.

    Деректер базасындағы электрондық формулярда қамтылған мәліметтердің сәйкессіздігі, Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілеріне ресімдеу кодтарының, графикалық ақпараттың (фотосуреттер мен қолтаңбалар) сәйкессіздігі анықталған кезде электрондық формулярлар қайтару себебін көрсете отырып, орындаусыз қайта ресімдеуге ШАҚТ ТП-ға қайтарылады.

    Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

    Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға бола алмайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.

    Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі кезінде электрондық формулярлар ШАҚТ ТП-ның келесі кезеңіне өтеді, ал формулярларға 3 (үш) данада жиынтық тізілім қалыптастырылады, олардың біріншісі номенклатуралық іске қоса тіркеледі, екіншісі және үшіншісі аудандық тізілімдермен және формулярлармен (қағаз тасымалдағышта) бірге Көші-қон қызметі комитетіне (бұдан әрі – КҚҚК) жолданады.

    9. КҚҚК қызметкерлері формулярлардың толтырылуының дұрыстығы мен негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

    Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі кезінде:

    электрондық формулярлар жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезеңіне «АӨО» РМК-ға жіберіледі;

    жиынтық тізілімнің бірінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдерімен бірге номенклатуралық іске қосылады, тіркеледі, жиынтық тізілімнің екінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдерімен бірге 1 (бір) жұмыс күні ішінде «АӨО» РМК-ға жіберіледі.

    10. «АӨО» РМК келіп түскен электрондық формулярларды тексеруді жүзеге асырады және электрондық формулярларға енгізілген, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен ресімделген мәліметтердің деректер базасындағы мәліметтермен, графикалық ақпаратпен (фотобейнелермен, қолтаңбалармен) Қазақстан Республикасы халқының жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілеріне сәйкессіздігі анықталған кезде электрондық формулярлар қателерді түзету үшін ШАҚТ ТП-ға «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) талаптарға сәйкес қайтарылады.

    Бұзушылықтар болмаған жағдайда құжаттар дайындалады және дайындалған құжаттар тізілімімен бірге көрсетілетін қызметті беруші арқылы курьерлік қызметтер арқылы:

    1) жеделдетіп дайындау бойынша – Мемлекеттік корпорацияға;

    2) жалпы тәртіппен дайындалған – КҚҚБ-ға жолданады

    11. Дайын құжаттар құжатты дайындау аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей аумақтық бөлімшелерге (жеделдетіп дайындау кезінде электронды формулярды ресімдеу орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға) жолданады.

    12. КҚҚБ қызметкері жіберуге арналған тізілімді және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске қоса тіркейді және дайындалған құжаттардың тізілімін дайын құжаттармен және формулярлармен бірге КҚҚБ-ға жолдайды.

    КҚҚБ қызметкері дайындалған құжаттардың тізілімін тіркейді және дайын құжаттармен бірге Мемлекеттік корпорацияға жібереді және азаматтығы жоқ адамның куәлігін Тізбеде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

    13. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру:

    1) өтінімді тіркеу талоны негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік корпорацияда жеке басты куәландыратын құжатты алуға арналған формулярдан бөлінетін түбіртек негізінде (қағаз жеткізгіште ресімдеу кезінде) жүзеге асырылады.

    14. Формулярларды тексеру, азаматтығы жоқ адамның жеке куәліктерін дайындау, оның ішінде пысықталғаннан кейін мерзімдері мыналарды құрайды:

    жеделдетіп дайындау кезінде КҚҚБ деңгейінде тексеру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіппен – 2 (екі) жұмыс күні;

    жеделдетіп дайындау кезінде КҚҚБ және КҚҚК деңгейлерінде тексеру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіппен – алдыңғы кезеңнен түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні;

    «АӨО» РМК-да жеделдетіп дайындау кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіпте – 3 (үш) жұмыс күні;

    электрондық формуляр пысықталғаннан кейін құжат өндіріске келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде «АӨО» РМК-да дайындалуға жатады.

    15. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 6) – тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    16. Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация дайындалған күнінен бастап бір жыл ішінде шетелдіктің тұруға ықтиярхатын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес жою үшін береді.

    17. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

    18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ аумақтық полиция органдары мен өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға немесе шағымды қарайтын тікелей органға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

    20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

    Қазақстан Республикасында

    тұрақты тұратын азаматтығы

    жоқ адамдарға куәліктер

    беру қағидаларына

    1-қосымша

    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы
    «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­тер бе­ру»
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    1. Аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін ал­ғаш рет ре­сім­деу:
    -16 жас­қа тол­ма­ған ба­ла­лар­ға;
    -16 жас­қа толған адам­дар­ға;
    - 1974 жы­л­ғы үл­гі­де­гі КС­РО пас­пор­ты неме­се оның жо­ға­луы негі­зін­де.
    2. Аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін ай­ыр­ба­стау:
    - қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бай­ла­ны­сты;
    - жо­ғал­ту;
    - одан әрі пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз.
    3. Аза­мат­тың анық­та­ма­лық де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты; ту­ған кү­ні,
    ор­ны) өзгер­ген жағ­дай­да аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін ре­сім­деу;
    шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба­ның дәл бол­мауы
    3
    Көр­се­ті­ле­тін
    қыз­мет­ті
    бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет»
    мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    Құ­жат­ты жал­пы тәр­тіп­пен алу үшін – 17 (он же­ті) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей.
    Құ­жат­тар­ды же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­пен Рес­пуб­ли­ка­сын­да алу үшін (өті­нім­ді ре­сім­деу және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет үшін тү­бір­тек­ті тө­леу кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді) – 7 (же­ті) жұ­мыс кү­ніне дей­ін.
    Құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қыт-15 (он бес) ми­нут;
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты-30 (отыз) ми­нут
    6
    Мем­ле­кет­тік
    қыз­мет көр­се­ту
    ны­са­ны
    Қа­ғаз тү­рін­де
    Элек­трон­дық тү­рін­де
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін бе­ру.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру мы­на­лар:
    1) өті­нім­ді тір­кеу та­ло­ны негі­зін­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда: фор­му­ляр тол­ты­ры­л­ған­нан кей­ін фор­му­ляр блан­кі­сі­нен бө­лі­не­тін же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты алу­ға ар­нал­ған тү­бір­тек негі­зін­де фор­му­ляр­ды тол­ты­ру ке­зін­де.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се оның заң­ды өкі­лі Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өзі ке­ліп, өкіл­дік ету­ге өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на оты­рып не өкі­лет­тікте көз­дел­ген іс-әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат бой­ын­ша се­нім біл­ді­рі­л­ген адам­ға жү­гін­ген кез­де.
    Егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу­ға кел­ме­се, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция дай­ын­дал­ған кү­ні­нен ба­стап бір жыл ішін­де аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, со­дан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жою үшін бе­рі­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­сет­ке­ні үшін мем­ле­кет­тік баж алы­на­ды, ол Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Са­лық ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі - Са­лық ко­дек­сі) 667-ба­бы­на сәй­кес: аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін бер­ге­ні үшін – мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ген күн­ге бел­гі­лен­ген 8 АЕК құ­рай­ды.
    Тө­лем екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің кас­са­ла­рын­да неме­се элек­трон­дық түр­де олар­дың мо­биль­ді қо­сым­ша­ла­ры ар­қы­лы, сон­дай-ақ QR-code бой­ын­ша ШАҚТ ТП ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­луы мүм­кін.
    Же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­пен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­тер­ді бе­ру ке­зін­де мем­ле­кет­тік мо­но­по­лия са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ға сәй­кес бел­гі­лен­ген қо­сым­ша ақы алы­на­ды. Бел­гі­лен­ген та­риф­тер­дің мөл­ше­рі «Ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын көр­се­те­тін же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­пен бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке ба­ға­лар прейс­ку­ран­тын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ-нің 2018 жы­л­ғы 22 ақ­пан­да­ғы №143 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 16576 бо­лып тір­кел­ген).
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды же­дел­де­тіп дай­ын­дау бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет үшін тө­лем «АӨО» РМК-ның есеп шо­ты­на жүр­гі­зі­ле­ді.
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және цифр­лық объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9-00-ден 18-30-ға дей­ін, сен­бі кү­ні са­ғат 9-00-ден 13-00-ге дей­ін, де­ма­лыс кү­ні – жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі.
    Фор­му­ляр­да ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін, де­ма­лыс – жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі жү­зе­ге асы­ра­ды.
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­дің дай­ын нәти­же­ле­рін бе­ру және өті­ніш­тер­ді қа­был­дау Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді, элек­трон­дық ке­зек пор­тал ар­қы­лы брон­да­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Ми­ни­стр­лік­тің ин­тер­нет ре­сур­сын­да – www.​mvd.​gov.​kz «Ми­ни­стр­лік ту­ра­лы» де­ген бө­лім­де, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің Веб-ре­сур­ста­ры» де­ген кі­ші бө­лім­де;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да – www.​gov4с.kz;
    3) пор­тал­дың - www.​egov.​kz
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар, мә­лі­мет­тер мен сы­нау объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өзі (сот әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз деп та­ны­ған ба­ла­лар мен аза­мат­тар, олар­дың заң­ды өкіл­де­рі (ата-ана­ла­ры, қор­ған­шы­ла­ры, қам­қор­шы­ла­ры) өкіл­дік ету­ге өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на оты­рып, өті­ніш жа­са­ған кез­де):
    1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге элек­трон­дық өті­нім­ді ШАҚТ ТП ар­қы­лы ре­сім­деу ке­зін­де:
    1. Аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ал­ғаш рет ку­ә­лік­тер­ді ре­сім­деу ке­зін­де:
    -16 жас­қа тол­ма­ған ба­ла­лар­ға:
    1) АХАТ ор­га­ны­нан сұ­рау са­лу бой­ын­ша алын­ған туу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы не туу ту­ра­лы ак­ті­лік жа­з­ба­ның кө­шір­ме­сі (туу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы бол­ма­ған кез­де);
    2) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы анық­та­ма;
    3) бас­қа мем­ле­кет­тің аза­мат­тығ­ын тоқ­та­ту ту­ра­лы анық­та­ма;
    4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Жар­лы­ғы бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­нан шы­ғу және аза­мат­тығ­ын өзгер­ту, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­ға сәй­кес аза­мат­тығ­ын өзгер­ту ту­ра­лы анық­та­ма;
    5) ата-ана­сы­ның бі­ре­уі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат;
    -16 жас­қа толған адам­дар­ға:
    1) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы анық­та­ма;
    2) бас­қа мем­ле­кет­тің аза­мат­тығ­ын тоқ­та­ту ту­ра­лы анық­та­ма;
    3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Жар­лы­ғы бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­нан шы­ғу және аза­мат­тығ­ын өзгер­ту, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­ға сәй­кес аза­мат­тығ­ын өзгер­ту ту­ра­лы анық­та­ма.
    Аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­тер­ді ре­сім­деу ке­зін­де ал­ғаш рет он ал­ты жас­қа толған адам­дар­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да дак­ти­ло­ско­пи­я­лық және ге­ном­дық тір­ке­уді жүр­гі­зу­дің кей­бір мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2024 жы­л­ғы 30 қыр­күй­ек­те­гі № 730 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Дак­ти­ло­ско­пи­я­лық және ге­ном­дық тір­ке­уді жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес дак­ти­ло­ско­пи­я­лау рә­сі­мін жүр­гі­зе­ді (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 3516 бо­лып тір­кел­ген)
    2. Аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­те­рін ай­ыр­ба­стау ке­зін­де:
    - қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бай­ла­ны­сты:
    1) аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі не оның Цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін;
    - жо­ғал­ту:
    1) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың қай­да, қа­шан және қан­дай жағ­дай­лар­да жо­ғал­ға­ны көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша өті­ніш);
    2) аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі ұр­лан­ған жағ­дай­да қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық ре­т­ін­де аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін ұр­лау ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­был­да­ған қыл­мыстық қу­да­лау ор­га­ны­нан та­лон-ха­бар­ла­ма (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас Про­ку­ро­ры­ның жы­л­ғы 19 қыр­күй­ек­те­гі № 89 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы ары­зды, ха­бар­ды неме­се ба­я­нат­ты қа­был­дау және тір­кеу, сон­дай-ақ Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мін жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9744 бо­лып тір­кел­ген);
    3) әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс бой­ын­ша қа­у­лы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­сыз неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­сіз не тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі жа­рам­сыз болған жағ­дай­да күн­тіз­бе­лік он күн­нен астам мер­зім­ге тұ­рақ­ты тұр­ға­ны үшін, сон­дай-ақ іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­тың не аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі­нің жо­ғал­ға­ны ту­ра­лы уақ­ты­лы ха­бар­ла­ма­ға­ны үшін) Ко­дек­стің 492-ба­бы­на сәй­кес және әкім­ші­лік іс жүр­гі­зу­ді қоз­ғау үшін негіз­дер болған кез­де әкім­ші­лік ай­ып­пұл­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек;
    - одан әрі пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз:
    1) аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі не оның Цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін.
    3. Аза­мат­тың анық­та­ма­лық де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты; ту­ған кү­ні, ор­ны) өзгер­ген жағ­дай­да аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­тер­ді ре­сім­деу ке­зін­де; шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба­ның дәл бол­мауы:
    - анық­та­ма­лық де­ректер­дің өзге­ру­іне бай­ла­ны­сты (те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ту­ған кү­ні, ор­ны):
    1) аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі не оның Цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік не оның Цифр­лық ны­са­ны, заң­ды кү­шіне ен­ген сот­тың ше­ші­мі;
    3) анық­та­ма­лық де­ректер­ді өзгер­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды (уәкі­лет­ті қыз­мет­кер АХАЖ АЖ-дан ин­те­гра­ци­я­лық өза­ра іс-қи­мыл ар­қы­лы ала­тын анық­та­ма­лық де­ректер­дің, ту­ған же­рі­нің өзге­руі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ШАҚТ ТП-да бол­ма­ған жағ­дай­да);
    - шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба дәл бол­ма­ған жағ­дай­да:
    1) аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі не оның Цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) ен­гі­зі­ле­тін мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­тын құ­жат­тар (туу ту­ра­лы, неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік не олар­дың цифр­лық ны­са­ны).
    Құ­жат үшін мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек алы­на­ды (Са­лық ко­дек­сі­нің 671-ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік баж тө­ле­уден боса­ты­л­ған адам­дар рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды).
    ШАҚТ ТП ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны су­рет­ке тү­сі­ру ШАҚТ ТП-да ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес және ақы­сыз жүр­гі­зі­ле­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның фо­то­бей­не­сі элек­трон­дық фор­му­ляр­ға су­рет­ке тү­сі­ру жо­лы­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қо­лы – қол­таң­ба ска­не­рі ар­қы­лы ен­гі­зі­ле­ді.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар және тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­ке­удің бар-жо­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ШАҚТ ТП цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші-қа­ғаз жет­кіз­гіш­те ре­сім­де­ген кез­де:
    1. Аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­тер­ді ал­ғаш рет ре­сім­деу ке­зін­де:
    -16 жас­қа тол­ма­ған ба­ла­лар­ға:
    1) АХАТ ор­га­ны­нан сұ­рау са­лу бой­ын­ша алын­ған туу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы не туу ту­ра­лы ак­ті­лік жа­з­ба­ның кө­шір­ме­сі (туу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы бол­ма­ған кез­де);
    2) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы анық­та­ма;
    3) бас­қа мем­ле­кет­тің аза­мат­тығ­ын тоқ­та­ту ту­ра­лы анық­та­ма;
    4) ата-ана­сы­ның бі­ре­уі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат;
    -16 жас­қа толған адам­дар­ға:
    1) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы анық­та­ма;
    2) бас­қа мем­ле­кет­тің аза­мат­тығ­ын тоқ­та­ту ту­ра­лы анық­та­ма;
    3) АХАТ ор­га­ны­нан сұ­рау са­лу бой­ын­ша алын­ған туу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы не туу ту­ра­лы ак­ті­лік жа­з­ба­ның кө­шір­ме­сі (туу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы бол­ма­ған кез­де);
    4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Жар­лы­ғы бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­нан шы­ғу және аза­мат­тығ­ын өзгер­ту, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­ға сәй­кес аза­мат­тығ­ын өзгер­ту ту­ра­лы анық­та­ма;
    - бұ­рын­ғы КС­РО-ның 1974 жы­л­ғы үл­гі­де­гі пас­пор­ты неме­се оның жо­ға­луы негі­зін­де ал­ғаш рет аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­тер­ді, сон­дай-ақ 18 жастан ас­қан адам­дар­ға же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы ал­ғаш рет өті­ніш біл­дір­ген туу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ре­сім­деу ке­зін­де:
    1) АХАТ ор­га­ны­нан сұ­рау са­лу бой­ын­ша алын­ған туу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы не туу ту­ра­лы ак­ті­лік жа­з­ба­ның кө­шір­ме­сі (туу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы бол­ма­ған кез­де);
    2) бұ­рын­ғы КС­РО-ның 1974 жы­л­ғы үл­гі­де­гі пас­пор­ты­ның түп­нұс­қа­сы;
    3) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сін16 бе­ру ту­ра­лы анық­та­ма.
    Аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­тер­ді ре­сім­деу ке­зін­де ал­ғаш рет он ал­ты жас­қа толған адам­дар­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да дак­ти­ло­ско­пи­я­лық және ге­ном­дық тір­ке­уді жүр­гі­зу­дің кей­бір мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2024 жы­л­ғы 30 қыр­күй­ек­те­гі № 730 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Дак­ти­ло­ско­пи­я­лық және ге­ном­дық тір­ке­уді жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес дак­ти­ло­ско­пи­я­лау рә­сі­мін жүр­гі­зе­ді (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 35161 бо­лып тір­кел­ген).
    2. Аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­те­рін ай­ыр­ба­стау ке­зін­де:
    - қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бай­ла­ны­сты:
    1) аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі не оның Цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін;
    - жо­ғал­ту:
    1) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың қай­да, қа­шан және қан­дай жағ­дай­лар­да жо­ғал­ға­ны көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша өті­ніш);
    2) қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық ре­т­ін­де аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін ұр­лау ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­был­да­ған қыл­мыстық қу­да­лау ор­га­ны­нан аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі ұр­лан­ған жағ­дай­да та­лон-ха­бар­ла­ма (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас Про­ку­ро­ры­ның 2014 жы­л­ғы 19 қыр­күй­ек­те­гі № 89 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы ары­зды, ха­бар­ды неме­се ба­я­нат­ты қа­был­дау және тір­кеу, сон­дай-ақ Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мін жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9744 бо­лып тір­кел­ген);
    3) әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс бой­ын­ша қа­у­лы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­сыз неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­сіз не тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі жа­рам­сыз болған жағ­дай­да, күн­тіз­бе­лік он күн­нен астам мер­зім­ге тұ­рақ­ты тұр­ға­ны үшін, сон­дай-ақ іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­тың не аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі­нің жо­ғал­ға­ны ту­ра­лы уақ­ты­лы ха­бар­ла­ма­ға­ны үшін) Ко­дек­стің 492-ба­бы­на сәй­кес және әкім­ші­лік ай­ып­пұл­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек – әкім­ші­лік іс жүр­гі­зу­ді қоз­ғау үшін негіз­дер болған кез­де;
    - одан әрі пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз:
    1) аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі не оның Цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін.
    3. Аза­мат­тың анық­та­ма­лық де­ректе­рі (Те­гі, Аты, Әке­сі­нің аты; ту­ған кү­ні, ор­ны) өзгер­ген жағ­дай­да аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­тер­ді ре­сім­деу ке­зін­де; шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба­ның дәл бол­мауы:
    - анық­та­ма­лық де­ректер­дің өзге­ру­іне бай­ла­ны­сты (Те­гі, Аты, Әке­сі­нің Аты, ту­ған кү­ні, ор­ны):
    1) аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі не оның Цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік не оның Цифр­лық ны­са­ны, заң­ды кү­шіне ен­ген сот­тың ше­ші­мі;
    3) анық­та­ма­лық де­ректер­ді өзгер­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды (ӨЖЖ-де уәкі­лет­ті қыз­мет­кер АХАЖ АЖ-дан ин­те­гра­ци­я­лық өза­ра іс-қи­мыл ар­қы­лы ала­тын анық­та­ма­лық де­ректер­дің, ту­ған же­рі­нің өзге­руі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ШАҚТ ТП-да бол­ма­ған жағ­дай­да);
    - шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба дәл бол­ма­ған жағ­дай­да:
    1) аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі не оның Цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін;
    2) ен­гі­зі­ле­тін мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­тын құ­жат­тар (туу ту­ра­лы, неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік не олар­дың цифр­лық ны­са­ны).
    Құ­жат үшін мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек (Са­лық ко­дек­сі­нің 671-ба­бы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік баж тө­ле­уден боса­ты­л­ған адам­дар рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды).
    Аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін ре­сім­деу ке­зін­де фор­му­ляр­ды тол­ты­ру сәт­ін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жа­сы­на сәй­кес ке­ле­тін кө­ле­мі 3,5 х 4,5 сан­ти­метр екі фо­то­су­рет қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта ұсы­ны­ла­ды.
    Фо­то­су­рет­тер бір нега­тив­тен қа­лың фо­то­қа­ғаз­ға фо­то ба­сып шы­ға­ру әді­сі­мен, қа­таң түр­де жа­рық жер­де ал­ды­нан тү­сі­рі­л­ген, бей­та­рап бет-әл­пе­ті кө­рі­ні­сі­мен және ауы­зы жа­бық түс­кен, бет-әл­пе­ті фо­то­су­рет­тің жал­пы ауда­ны­ның 75%-ға жуы­ғын ала­тын бо­луы ти­іс. Ком­пью­тер­лік ска­нер­леу, мо­дель­деу неме­се ксе­ро­кө­шір­ме әді­сі­мен дай­ын­дал­ған су­рет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға жол бе­ріл­мей­ді.
    Фо­то­су­рет­ке ді­ни тұр­ғы­да және ме­ди­ци­на­лық се­беп­тер бой­ын­ша ба­сты жа­бу­ды қо­с­па­ған­да, бас ки­ім­мен тү­су­ге бол­май­ды, бұн­дай жағ­дай­да бет иек­тің тө­мен­гі жа­ғы­нан ба­стап маң­дай­ға дей­ін кө­рі­ніп тұ­руы ке­рек, бе­т­ін­де бас ки­ім­нің кө­лең­ке­сі тү­сіп тұ­руы­на жол бе­ріл­мей­ді.
    Көз­де­рі ашық және анық кө­рі­нуі, кө­зіл­ді­рік көз­ді жа­уып қал­мауы ти­іс, ша­ғы­лы­сты­ра­тын және күн сәу­ле­сі­нен қор­ғай­тын кө­зіл­ді­рік­тер­ді киіп тү­су­ге жол бе­ріл­мей­ді. Со­ны­мен қа­тар құ­жат­та­ла­тын адам­ның ны­сан­ды ки­ім­де түс­кен фо­то­су­ре­ті қа­был­дан­бай­ды.
    Аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ку­ә­лік­тер қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген не ауы­сты­ры­л­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші дак­ти­ло­ско­пи­я­лық тір­ке­уден өт­ке­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ШАҚТ ТП цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    Бел­гі болған жағ­дай­да заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен «ЖСБ» ААЖ ар­қы­лы ве­ри­фи­ка­ция жүр­гі­зі­ле­ді.
    Дак­ти­ло­ско­пи­я­лық тір­ке­уден өт­ке­ні ту­ра­лы бел­гі бол­ма­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші оны «ЖСБ» ААЖ-ға тір­кей­ді.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та фо­то­бей­не­сі бар де­рекқор­да Құ­жат­тан­ды­ры­ла­тын адам­ның фо­то­су­ре­ті де­рекқор­да же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ғы фо­то­бей­не­мен сәй­кес кел­ме­уі анық­тал­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бел­гі­лен­ген ны­сан­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын та­ну хат­та­ма­сын тол­ты­ра­ды.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар және тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­ке­удің бар-жо­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ШАҚТ ТП цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­ты қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы және (неме­се) мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­ты қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі анық­тал­ған жағ­дай­да.
    «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес ұсы­ны­ла­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­ты қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы­на бай­ла­ны­сты.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, көз­де­ле­тін өзге де та­лап­тар
    Ты­ныс-тір­ші­лі­гін шек­тей­тін, ағ­за функ­ци­я­ла­ры тұ­рақ­ты бұ­зы­лып, ден­са­улы­ғы на­шар­ла­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға және тер­геу қа­мауы­на алын­ған­дар­ға және бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да жа­за­сын өтеп жүр­ген адам­дар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші қа­жет болған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тұр­ғы­лық­ты же­ріне, кел­ген же­ріне ба­рып және 1414, 8 800 080 7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы өті­ніш жа­сау ар­қы­лы қа­ғаз та­сығ­ы­шты тол­ты­ра оты­рып жүр­гі­зе­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің сай­тын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған: www.​mvd.​gov.​kz.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы:
    1414, 8 800 080 7777.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу ке­зін­де же­ке тұ­лға­лар­да же­ке­ле­ген жағ­дай­лар­да цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы алын­ған элек­трон­дық түр­де же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды ұсы­ну мүм­кін­ді­гі бар.

    Қазақстан Республикасында

    тұрақты тұратын азаматтығы жоқ

    адамдарға куәліктер беру

    қағидаларына

    2 қосымша

    Кімге: ________________________

    _______________________________

    _______________________________

    (уәкілетті органның атауы)

    _______________________________

    Кімнен: Т.А.Ә. (бар болса)

    _______________________________

    мекенжайы бойынша тіркелген:

    Өтініш

    Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    20__жылғы «______» ____________

    _________________

    қолы

    Қазақстан Республикасында

    тұрақты тұратын азаматтығы жоқ

    адамдарға куәліктер беру

    қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Тір­кеу пунк­ті­нің ко­ды Код ре­ги­стра­ци­он­но­го пунк­та
    Тір­кеу та­ло­ны Та­лон
    ре­ги­стра­ции
    Та­лон штрих-ко­ды
    және нө­мі­рі Штрих­код и но­мер та­ло­на
    ИИН / ЖСН: Те­гі / Фа­ми­лия:
    Аты / Имя: Әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) / От­че­ство (при его на­ли­чии): Ту­ған кү­ні / Да­та рож­де­ния:
    Құ­жат­тың негіз­де­ме­сі
    /Ос­но­ва­ние до­ку­мен­та:
    № / №
    Бе­рі­л­ген
    кү­ні / Да­та вы­да­чи:
    Тап­сы­ру­ға жа­та­тын
    құ­жат­тар /
    До­ку­мен­ты,
    под­ле­жа­щие сда­че:

    ___________________________________________________________________ Өтінім туралы мәлімет / Сведения о заявке

          Өтінім түрі / Вид Заявки

    Тапсырыс/Заказ

    ____________________________________________________________________

    Тір­кел­ген кү­ні / Да­та ре­ги­стра­ции
    Тір­кей­тін қыз­мет­кер / Со­труд­ник ре­ги­стра­ции _________________
    Қо­лы/под­пись
    Тір­кеу пунк­ті­нің ме­ке­жайы
    Ад­рес ре­ги­стра­ци­он­но­го пунк­та
    Анық­та­ма те­ле­фо­ны
    Те­ле­фон для спра­вок
    1414
    Жеке басты куәландыратын құжаттар, өтінім бергеннен бастап 17 жұмыс күннен кешіктірмей беріледі. Қызмет алушы қалаған кезде қосымша төлемге құжаттарды жеделдетіп әзірлеу мүмкіндігі бар.
    3-санаттағы жеделдік – 7 жұмыс күні (қызмет құны – 605,31 теңге ҚҚС жоқ).
    Ресімдеу күні және жеделдік санатына төлем жасаған күн құжаттарды беру мерзіміне кірмейді.
    Документы, удостоверяющие личность, выдаются в срок не позднее 17 рабочих дней со дня подачи заявки. При желании услугополучателя, за дополнительную оплату возможно ускоренное изготовление документов.
    3 категория срочности – 7 рабочих дней (стоимость услуги – 605,31 теңге без НДС).
    День оформления заявки и день оплаты за категория срочности не входят в срок выдачи документов.

    Қазақстан Республикасында

    тұрақты тұратын азаматтығы

    жоқ адамдарға куәліктер

    беру қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Тегі, Аты, Әкесінің аты

    (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

    ________________________

    (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші (мекенжайы көрсетілсін) сіздің жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атаулары:

    1.________________________________________;

    2.________________________________________;

    3.________________________________________.

    Осы қолхат 2 данада жасалды, әрбір тарапқа бір-бірден

    Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)

    Орындаушы: Т.А.Ә._____________

    Телефон __________

    Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. / қолы

    20__жылғы «______» ____________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.