«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) облыс аумағында пайдаланылатын (орнатылатын, орналастырылатын) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарт талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 729-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.».
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) тіркеуші органды енгізілген толықтыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етсін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдасын;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Ғ. Нұрмұхамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.