«Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-4 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 шілде 2026 ж.

    «Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-4 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617-15 болып тіркелді) келесі өзгерістер еңгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

    1) азаматқа (отбасына), дүлей апат салдарынан оған (оларға) немесе оның (олардың) мүлкіне залал келгені бойынша жағдай туындаған сәттен бастап, өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне – бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштерге дейінгі мөлшерінде;

    2) азаматқа (отбасына), өрт салдарынан оған (оларға) немесе оның (олардың) мүлкіне залал келгені бойынша жағдай туындаған сәттен бастап, өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне – бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштерге дейінгі мөлшерінде;

    3) туберкулезге қарсы диспансерлік есепте тұрған адамдарға – ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

    4) адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, диспансерлік есепте тұрған жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне – ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

    5) 3-4 сатыдағы қатерлі ісіктен зардап шегетін адамдарға, сатысын есептемегенде 18 жасқа толмаған адамдарға денсаулық сақтау мекемесінен – тоқсан сайын 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде анықтама ұсыну бойынша;

    6) психикасының немесе мінез-құлқының бұзылуынан зардап шегетін 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    7) «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне сәйкес әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға – жылына бір рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.

    Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.»;

    көрсетілген шешімнің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Әлеуметтік көмек бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтыны ескеріле отырып, жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде көрсетіледі.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихат төрағасы

    М. Жүсіпбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.