Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 1-3) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 19-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Цифраландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшының м.а.
Ә. Шауенова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация Министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика
бюросы басшының м.а.
2026 жылғы 23 маусымдағы
№ 14 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 1-3) тармақшасына, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың метадеректерді қалыптастыру тәртібін айқындайды және мемлекеттік органдарға (мемлекеттік статистика органдарына және әкімшілік дереккөздерге) қолданылады.
2. Осы Үлгілік әдістемені қолдануы:
1) мемлекеттік органдардың деректерінің сипаттамасын құру және олардың өзектілендірілуін;
2) мемлекеттік органдарда метадеректерді қалыптастырудың бірыңғай әдістемесін қолдануды;
3) ресми статистикалық ақпаратың және әкімшілік деректердің сипаттамасы бойынша метадеректерді қалыптастыру форматтарының біртұтастығын қамтамасыз етеді.
3. Осы Үлгілік әдістемеде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) әкімшілік көрсеткіш – уақыт пен орынның нақты жағдайларындағы құбылыстың немесе процестің мәнін көрсететін, құзыреті шеңберінде әкімшілік дереккөздер қалыптастырылатын көрсеткіш (бұдан әрі – ӘК);
2) метадеректер – деректердің құрылымы мен сипаттамаларын сипаттайтын деректер;
3) статистикалық көрсеткіш – бұл қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдірістердің, орын мен уақыттың нақты жағдайларындағы олардың мәнін көрсететін саңдық көрсеткіш (бұдан әрі – СК);
4) статистикалық көрсеткіштер жіктеуіші статистика саласында пайдаланылатын кіріс және шығыс есептік көрсеткіштердің жүйелендірілген тізбесін білдіреді, және мемлекеттік статистика саласындағы статистикалық көрсеткіштерді жіктеу және кодтау тәртібін белгілейді (бұдан әрі – СКЖ);
5) ұлттық анықтамалық ақпарат – жіктеуіштердің, каталогтардың, анықтамалықтардың, номенклатуралар мен басқа да техникалық-экономикалық ақпараттың жиынтығы (бұдан әрі – «ҰАА» ЦЖ).
2-тарау. Метадеректер типтері
4. Метадеректер типі бойынша мыналарға бөлінеді:
1) құрылымдық метадеректер – бұл осы деректерді табу және шығарып алу үшін деректерді айқындайтын және сипаттайтын метадеректер. Құрылымдық метадеректердің мысалы осы Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасында келтірілген. Құрылымдық метадеректерді толтырудың үлгісі осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасында келтірілген;
2) анықтамалық (сілтеме) метадеректер – деректердің мазмұны мен сапасын сипаттайтын метадеректер (жіктеуіштер, терминдер сөздіктері, мәндер анықтамалықтары және деректерді бірдей түсінуге және пайдалануға арналған бірегей сәйкестендіргіштер). Анықтамалық метадеректердің мысалы осы Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасында келтірілген. Анықтамалық метадеректерді толтыру үлгісі осы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасында келтірілген.
Анықтамалық метадеректер мынадай түрлерге бөлінеді:
тұжырымдамалық – өлшенетін ұғымдарды сипаттайтын метадеректер;
әдіснамалық – сол арқылы іріктеме және деректерді жинау әдістері сияқты деректер алынған әдістерді сипаттайтын метадеректер;
сапалық – уақтылылық және дәлдік сияқты деректердің сапалық сипаттамаларын сипаттайтын метадеректер.
3-тарау. Мемлекеттік статистика органдарының метадеректерді қалыптастыруы.
5. Мемлекеттік статистика органдары өз құзыреті шегінде статистикалық көрсеткіштер (бұдан әрі – СК) бойынша метадеректерді қалыптастырады:
1) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінің құралдары арқылы (олар болған жағдайда);
2) цифрлық жүйелер болмаған жағдайда, осы Үлгілік әдістеменің 2 және 4-қосымшаларына сәйкес Excel кестесін толтыру арқылы қалыптастырады.
6. Мемлекеттік статистика органдары өз құзыреті шегінде көрсеткіштер бойынша құрылымдық метадеректерді және осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады. Ескертпеден басқа, нысанның келесі өрістері толтыру үшін міндетті болып табылады:
1) реттік нөмірі көрсетіледі;
2) СК коды – статистикалық көрсеткіштің бірегей коды көрсетіледі;
3) СК атауы – СК мәтіндік атауы көрсетіледі;
4) СК белгісі – егер СК есептік болған жағдайда, «1» белгісі және СК енгізілетін болған жағдайда, «0» белгісі көрсетіледі. Есептік СК – есеп айырысу іс-қимылдарының барысында алынған СК, енгізілетін СК – респондент статистикалық нысанға енгізілетін СК;
5) СК дереккөзі – жалпымемлекеттік немесе ведомстволық статистикалық байқаудың атауы және/немесе әкімшілік деректер қалыптастырылатын цифрлық жүйенің атауы көрсетіледі. Бұл ретте бірнеше дереккөзді көрсетуге болады;
6) СК немесе дереккөзді жинау кезенділігі – СК немесе дереккөзді жинау кезенділігі көрсетіледі (мысалы: ай, тоқсан, жыл, жарты жыл және басқалар);
7) СК жариялану кезенділігі– СК жариялану жиілігі көрсетіледі (мысалы: ай, тоқсан, жыл, жарты жыл және басқалар);
8) СК немесе дереккөзді жинау мерзімі – СК немесе дереккөзді жинаудың нақты күні көрсетіледі;
9) СК жариялау мерзімі - СК жариялаудың нақты күні көрсетіледі;
10) жинаудың өлшем бірлігі – СК жинаудың өлшем бірлігі көрсетіледі. Өлшем бірліктері мен шоттың мемлекетаралық жіктеуішіне (бұдан әрі - ӨБМЖ) сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі;
11) жариялаудың өлшем бірлігі – СК жариялаудың өлшем бірлігі көрсетіледі. Өлшем бірлігі ӨБМЖ сәйкес көрсетіледі;
12) СК жариялау белгісі – СК ресми түрде жарияланған жағдайда, «1» белгісі немесе СК жарияланбаған жағдайда «0» көрсетіледі;
13) өлшем (бөлініс) – пайдаланылатын жіктеуіштер бойынша СК өлшемі (бөлінісі) көрсетіледі, мысалы: әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші, экономикалық қызмет түрлері бойынша, меншік нысандары бойынша және басқалар. Осы өрісте жіктеуіштің, анықтамалықтың ID кодын көрсетумен жіктеуіштің, анықтамалықтың аббревиатурасы толтырылады. Әрбір мәні «-» символы арқылы, жіктеуіш және анықтамалық аббревиатурасы мен ID бірге бос орын тасталмай көрсетіледі. Мысалы: ӘАОЖ213-ЭҚЖЖ4855;
Егер жіктеуішті, анықтамалықты нақтылау қажет болған жағдайда, жіктеуіштің, анықтамалықтың иерархия деңгейі және/немесе жіктеуіштің, анықтамалық элементінің коды көрсетіледі. Иерархия деңгейі «_» белгісі арқылы көрсетіледі, мысалы: ӘАОЖ 213_2 - ЭҚЖЖ 4855_1. Элементтің коды жай жақшаларда көрсетіледі, мысалы ӘАОЖ213_2(11) - ЭҚЖЖ4855_1(Ө) (11-Ақмола облысы, Ө-өндеу өнеркәсібі). Жиынтық деректер республика бойынша қалыптастырылған жағдайда, бөлінісі бір өлшемнен тұрады, мысалы ӘАОЖ213_1.
Жіктеуіштің, анықтамалықтың ID коды және элементтерінің кодтары «Ұлттық анықтамалық ақпарат» ЦЖ-да қалыптастырылады;
14) өлшемін (бөлінісін) жариялау белгісі – өлшемін (бөлінісін) ресми түрде жариялаған жағдайда, «1» белгісі немесе өлшемі (бөлінісі) жарияланбаған жағдайда «0» көрсетіледі.
«Ескертпе» өрісі қажет болған жағдайда толтырылады.
7. Мемлекеттік статистика органдары өз құзыретінің шеңберінде осы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде СК бойынша анықтамалық (сілтемелік) метадеректерді қалыптастырады. Нысанның барлық өрістері толтыру үшін міндетті болып табылады:
1) реттік нөмірі көрсетіледі;
2) СК коды – мемлекеттік статистика органдары беретін СК-ның бірегей коды көрсетіледі;
3) СК атауы – СК мәтіндік атауы көрсетіледі;
4) СК қысқаша атауы – мемлекеттік статистика органы қабылдаған СК-ның қысқаша мәтіндік атауы немесе аббревиатурасы көрсетіледі. Қажет болған жағдайда үтір арқылы бірнеше атау (синонимдер)көрсетіледі;
5) СК-ның анықтамасы – СК мәтіндік анықтамасы көрсетіледі;
6) СК-ны қалыптастыру тарихы – СК қалыптастырылған кезең көрсетіледі (мысалы: 1999 жылдан бастап);
7) СК қалыптастыру әдістемесі – СК алудың құрылымы және тәсілі бойынша қысқаша әдістемелік түсіндірме көрсетіледі немесе бекітілген нормативтік құқықтық актіге, көрсеткішті жинау/қалыптастыру тәртібін айқындайтын әдіснамалық құжатқа (әдістемелік түсіндірме, бекітілген нормативтік құқықтық акт, әдіснамалық құжат болмаған жағдайда сызықша қойылады) сілтеме келтіріледі;
8) СК әзірлеуші туралы ақпарат – СК қалыптастыруға жауапты мемлекеттік органның және оның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі;
9) СК қалыптастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері – жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны, электрондық поштасы көрсетіледі.
4-тарау. Әкімшілік дереккөздер бойынша метадеректерді қалыптастыру
8. Әкімшілік дереккөздер метадеректерді әкімшілік көрсеткіштер (бұдан әрі – ӘК) бойынша қалыптастырады:
1) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінің құралдары арқылы (олар болған жағдайда);
2) цифрлық жүйелер болмаған жағдайда, осы Үлгілік әдістеменің 2 және 4-қосымшаларына сәйкес Excel кестелерін толтыру арқылы қалыптастырады.
9. Әкімшілік дереккөздер осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ӘК бойынша құрылымдық метадеректерді қалыптастырады. «Ескертпе» өрісін қоспағанда, нысанның барлық өрістері толтыру үшін міндетті болып табылады:
1) реттік нөмірі көрсетіледі;
2) ӘК коды – әкімшілік көрсеткіштің бірегей коды;
3) ӘК атауы – әкімшілік көрсеткіштің мәтіндік атауы көрсетіледі;
4) ӘК белгісі (есептік – «1», енгізілетін – «0»). Есептік ӘК –ӘК есептеу іс-қимылдарының нәтижесінде алынған әкімшілік көрсеткіш, енгізілетін ӘК – ӘК тегін негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған формаларда толтырылады;
5) ӘК дереккөзі – тиісті цифрлық жүйеде қалыптастырылатын немесе сыртқы ашық дереккөздерден келіп түсетін әкімшілік дереккөздің атауы көрсетіледі. Бұл ретте бірнеше дереккөзді көрсетуге жол беріледі;
6) ӘК немесе дерекөзді жинау кезеңділігі – ӘК немесе дереккөзді жинау кезенділігі көрсетіледі (мысалы: ай, тоқсан, жартыжылдық, жыл және басқалар);
7) ӘК жариялану жиілігі – ӘК жариялану жиілігі көрсетіледі (мысалы: ай, тоқсан, жыл, жарты жыл және басқалар);
8) ӘК немесе дереккөзді жинау мерзімі – ӘК немесе дереккөзді жинаудың нақты күні көрсетіледі;
9) ӘК жариялау мерзімі - ӘК жариялаудың нақты күні көрсетіледі;
10) жинаудың өлшем бірлігі – ӘК жинаудың өлшем бірлігі көрсетіледі. Өлшем бірліктер мен шоттың мемлекетаралық жіктеуішіне (бұдан әрі - ӨБМЖ) сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі;
11) жариялау өлшем бірлігі – ӘК жариялаудың өлшем бірлігі көрсетіледі (ӨБМЖ -ге сәйкес);
12) ӘК жариялау белгісі – ӘК ресми түрде жарияланған жағдайда «1» белгісі, ал ӘК жарияланбаған жағдайда «0» белгісі көрсетіледі;
13) ӘК өлшемдері (бөліністері) – жіктеуіштер және (немесе) анықтамалықтар көрсетіле отырып беріледі;
14) өлшемдердің (бөліністердің) жариялану белгісі – өлшем (бөлініс) ресми түрде жарияланған жағдайда «1», ал жарияланбаған жағдайда «0» белгісі көрсетіледі.
10. Әкімшілік көздер осы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әкімшілік көрсеткіштер бойынша анықтамалық (сілтемелік) метадеректерді қалыптастырады:
1) реттік нөмірі көрсетіледі;
2) ӘК коды – әкімшілік дереккөздермен берілетін ӘК-тің бірегей коды көрсетіледі;
3) ӘК атауы – ӘК мәтіндік атауы көрсетіледі;
4) ӘК қысқаша атауы – әкімшілік дереккөз қабылдаған ӘК қысқаша мәтіндік атауы немесе аббревиатурасы көрсетіледі. Қажет болған жағдайда бірнеше атау (синонимдер)үтір арқылы көрсетіледі;
5) ӘК анықтамасы – ӘК мәтіндік анықтамасы көрсетіледі;
6) ӘК қалыптастыру тарихы – ӘК қалыптастырыла бастаған кезең көрсетіледі (мысалы: 1999 жылдан бастап);
7) ӘК қалыптастыру әдістемесі – ӘК алудың құрылымы және тәсілі бойынша қысқаша әдістемелік түсіндірме көрсетіледі немесе бекітілген нормативтік құқықтық актіге, көрсеткішті жинау/қалыптастыру тәртібін айқындайтын әдіснамалық құжатқа (әдістемелік түсіндірме, бекітілген нормативтік құқықтық акт, әдіснамалық құжат болмаған жағдайда сызықша қойылады;
8) ӘК әзірлеуші туралы ақпарат – ӘК қалыптастыруға жауапты мемлекеттік органның және оның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі;
9) ӘК қалыптастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері – тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны және басқа да мәліметтер көрсетіледі.
Мемлекеттік органдардың
қолдануы үшін метадеректерді
қалыптастырудың үлгілік
әдістемесіне 1-қосымша
1-кесте. Құрылымдық метадеректердің үлгісі (СК толтыру үлгісі) Жыл басындағы халық саны (адам)
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
2019 жыл
|
2020 жыл
|
2021 жыл
|
2022 жыл
|
2023 жыл
|
2024 жыл
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
|
17 415 715
|
17 669 896
|
17 918 214
|
18 157 337
|
18 395 567
|
18 631 779
|
18 879 552
|
19 503 159
|
19 766 807
|
20 033 842
|
|
АБАЙ ОБЛЫСЫ
|
611 888
|
610 198
|
607 589
|
|||||||
|
АКМОЛА ОБЛЫСЫ
|
736 560
|
744 420
|
734 369
|
738 942
|
738 587
|
736 735
|
735 566
|
785 708
|
788 013
|
787 976
|
|
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
|
822 557
|
834 808
|
845 679
|
857 711
|
869 637
|
881 651
|
894 333
|
916 750
|
928 159
|
939 405
|
|
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
|
1 921 888
|
1 947 552
|
1 983 465
|
2 017 278
|
2 038 935
|
2 055 724
|
2 077 967
|
1 478 496
|
1 505 896
|
1 531 167
|
|
АТЫРАУСКАЯ ОБЛЫСЫ
|
581 389
|
594 511
|
607 528
|
620 684
|
633 791
|
645 280
|
657 110
|
681 241
|
693 079
|
704 074
|
|
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
|
630 056
|
636 980
|
641 513
|
646 927
|
652 325
|
656 844
|
661 316
|
683 327
|
688 127
|
693 261
|
|
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
|
1 098 489
|
1 110 749
|
1 115 307
|
1 117 218
|
1 125 440
|
1 130 099
|
1 139 192
|
1 209 665
|
1 218 158
|
1 222 593
|
|
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
|
698 757
|
698 726
|
697 987
|
|||||||
|
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
|
1 378 121
|
1 384 810
|
1 382 734
|
1 380 537
|
1 378 532
|
1 376 882
|
1 375 938
|
1 134 966
|
1 134 855
|
1 135 351
|
|
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
|
881 569
|
883 806
|
879 134
|
875 616
|
872 795
|
868 549
|
864 550
|
835 686
|
832 234
|
829 984
|
|
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
|
753 001
|
765 058
|
773 143
|
783 157
|
794 335
|
803 531
|
814 588
|
823 251
|
833 666
|
841 929
|
|
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
|
606 843
|
626 774
|
642 824
|
660 317
|
678 199
|
698 796
|
719 571
|
745 909
|
767 106
|
786 837
|
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫ
|
2 787 906
|
2 840 871
|
2 878 636
|
|||||||
|
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
|
755 793
|
758 594
|
757 014
|
754 854
|
753 853
|
752 169
|
751 012
|
756 511
|
754 944
|
753 933
|
|
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫ
|
571 830
|
569 594
|
563 300
|
558 584
|
554 517
|
548 755
|
543 735
|
539 111
|
534 104
|
530 089
|
|
ТУРКІСТАН ОБЛЫСЫ
|
1 977 028
|
1 983 969
|
2 016 037
|
2 044 742
|
2 088 510
|
2 119 226
|
2 142 172
|
|||
|
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
|
220 913
|
221 421
|
221 582
|
|||||||
|
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
|
1 395 466
|
1 396 019
|
1 389 568
|
1 383 745
|
1 378 527
|
1 369 597
|
1 363 797
|
732 966
|
730 238
|
727 053
|
|
АСТАНА қаласы
|
852 803
|
872 584
|
972 692
|
1 030 577
|
1 078 384
|
1 136 156
|
1 184 411
|
1 295 711
|
1 354 556
|
1 430 117
|
|
АЛМАТЫ қаласы
|
1 641 444
|
1 702 766
|
1 751 308
|
1 801 993
|
1 854 656
|
1 916 822
|
1 977 258
|
2 101 485
|
2 161 902
|
2 228 677
|
|
ШЫМКЕНТ қаласы
|
952 169
|
1 009 085
|
1 038 152
|
1 074 466
|
1 162 308
|
1 192 199
|
1 222 066
2-кесте. Құрылымдық метадеректердің үлгісі (ӘК толтыру үлгісі)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұыймдарындағы балалар саны (адам)
|
|||
|
2020-2021 жылдар
|
2021-2022 жылдар
|
2022-2023 жылдар
|
2023-2024 жылдар
|
2024-2025 жылдар
|
||||||
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
|
885 033
|
922 400
|
965 204
|
984 940
|
986 422
|
|||||
|
АБАЙ ОБЛЫСЫ
|
0
|
0
|
25 637
|
26 018
|
25 965
|
|||||
|
АКМОЛА ОБЛЫСЫ
|
32 957
|
35 519
|
36 415
|
37 799
|
38 122
|
|||||
|
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
|
42 926
|
43 129
|
44 937
|
46 097
|
45 901
|
|||||
|
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
|
91 523
|
109 125
|
92 006
|
95 749
|
92 124
|
|||||
|
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
|
34 004
|
31 846
|
34 410
|
34 711
|
35 835
|
|||||
|
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
|
30 463
|
32 179
|
34 065
|
34 806
|
33 585
|
|||||
|
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
|
56 560
|
57 100
|
59 309
|
60 977
|
62 104
|
|||||
|
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
|
0
|
0
|
29 758
|
31 418
|
31 899
|
|||||
|
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
|
48 234
|
46 451
|
40 461
|
39 629
|
39 526
|
|||||
|
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
|
31 228
|
30 538
|
29 673
|
29 281
|
27 866
|
|||||
|
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
|
44 231
|
45 662
|
46 869
|
48 611
|
48 763
|
|||||
|
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
|
37 254
|
39 754
|
41 200
|
43 377
|
44 931
|
|||||
|
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
|
33 456
|
34 101
|
33 963
|
33 374
|
32 944
|
|||||
|
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫ
|
18 373
|
18 183
|
17 782
|
17 031
|
15 484
|
|||||
|
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
|
152 173
|
158 594
|
154 388
|
156 181
|
154 675
|
|||||
|
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
|
0
|
0
|
8 703
|
8 462
|
8 148
|
|||||
|
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
|
56 978
|
56 763
|
29 772
|
29 065
|
28 823
|
|||||
|
АСТАНА қаласы
|
50 933
|
50 693
|
57 757
|
61 298
|
63 042
|
|||||
|
АЛМАТЫ қаласы
|
65 108
|
71 664
|
78 585
|
82 419
|
85 480
|
|||||
|
ШЫМКЕНТ қаласы
|
58 632
|
61 099
|
69 514
|
68 637
|
71 205
Дереккөз: «Ұлттық білім беру деректер қоры» деректері (ҰББДҚ).
|
Мемлекеттік органдардың
қолдануы үшін метадеректерді
қалыптастырудың үлгілік
әдістемесіне 2-қосымша
1-кесте. Құрылымдық метадеректеді сипаттау нысаны (мемлекеттік статистика органдары үшін форманы толтыру үлгісі)
|
№ п/п
|
СК коды
|
СК атауы
|
СК белгісі
|
СК дереккөзі
|
Кезенділігі
|
Жинау және жариялау мерзімі
|
СК өлшем бірлігі,
|
Жариялау белгісі СК (1-иә, 0-жоқ)
|
СК өлшем (бөлінісі)
|
СК өлшемін (бөлінісін) жариялау белгісі (1-иә, 0-жоқ)
|
Ескертпе
|
|||
|
СК жинау
|
СК жариялау
|
СК жинау
|
СК жариялау
|
жинау
|
жариялау
|
|||||||||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
1
|
611101
|
Кезең басындағы халық саны
|
1
|
Халық санағының қорытыңдылары
------------
«ХТҚ» АЖ;
-----------
«Халықтың көші-қоны» АЖ
|
ай
|
Жылына 1 рет
|
Есепті кезеңнен кейінгі 6-шы күн
|
22 сәуір
|
адам
|
адам
|
1
|
ӘАОЖ 213_2
|
1
|
2022–2024 жылдар аралығында халық санын қайта есептеу әкімшілік-аумақтық өзгерістер негізінде және кейін тіркелген демографиялық оқиғалар деректерін ескере отырып жүргізілді.
Ескерту. Құрылымдық метадеректер сипаттамасы нысанын толтыру үлгісі осы Үлгілік әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес келтірілген, мұнда:
«жыл басындағы халық саны» атауы – бұл СК;
әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші және Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші – бұл өлшем;
«жыл басындағы халық санының жылына бір рет жариялау кезенділігі бар және өлшем бірлігі» – адам.
2-кесте. Құрылымдық метадеректеді сипаттау нысаны
(әкімшілік дереккөздерге арналған нысандарды толтыру үлгісі)
|
|
№ п/п
|
ӘК коды
|
ӘК атауы
|
ӘК белгісі
|
ӘК дереккөзі
|
Кезенділігі
|
Жинау және жариялау мерзімі
|
ӘК өлшем бірлігі
|
Жариялау белгісі ӘК (1-иә, 0-жоқ)
|
ӘК өлшем (бөлініс
|
ӘК өлшемін (бөлінуін) жариялау белгісі (1-иә, 0-жоқ)
|
Ескертпе
|
|||
|
ӘК жинау
|
ӘК жариялау
|
ӘК жинау
|
ӘК жариялау
|
жинау
|
жариялау
|
|||||||||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
1
|
ӘК коды
|
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарындағы балалар саны
|
«0»
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 «Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» бұйрығына 1-қосымша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) – «Мектепке дейінгі ұйымдар желісі мен балалар контингенті туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (индексі: № ДО-1 нысан). ---------------------
«Мектепке дейінгі ұйымдар, аудандық және қалалық білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астана әкімдіктерінің білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, басқа мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментіне ұсынады»
|
жылдық
|
Жылына бір рет
|
Есепті кезеңнен кейін 31 қазанға дейін (қоса алғанда)»
|
«1»
|
Бірлік, адам
|
Бірлік, адам
|
«1»
|
ӘАОЖ 213_2
|
1
|
Ескерту. Құрылымдық метадеректер сипаттамасы нысанын толтыру үлгісі осы Үлгілік әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес келтірілген, мұнда:
– «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарындағы балалар саны» атауы - бұл ӘК;
– Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші – бұл өлшем;
– «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы балалар саны» - жылына бір рет жариялау кезеңділігі бар, өлшем бірлігі – адам.
|
Мемлекеттік органдардың
қолдануы үшін метадеректерді
қалыптастырудың үлгілік
әдістемесіне 3-қосымша
1-кесте. Мемлекеттік статистика органдарына арналған анықтамалық (сілтемелік) метадеректердің мысалы: Жыл басындағы халық саны
|
СК коды
|
611101
|
|
СК атауы
|
Кезең басындағы халық саны
|
|
СК қыскаша атауы
|
-
|
|
СК анықтамасы
|
Белгілі бір уақыт сәтінде сол аумақта тұратын адамдардың саны
|
|
СК қалыптасу тарихы
|
1999 жылдан бастап
|
|
СК қалыптастыру әдістемесі
|
Жыл басына алынған ағымдағы бағалаулар жыл сайын туылғандар мен осы аумаққа келгендер саны қосылатын және қайтыс болғандар мен осы аумақтан кеткендердің саны шегерілетін соңғы халық санағы қорытындыларының негізінде есептеледі
|
|
Әзірлеуші туралы ақпарат
|
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
|
|
Жауапты тұлға
|
Тегі, аты, әкесінің аты
телефон:
электрондық пошта:
2-кесте. Әкімшілік дереккөздерге арналған анықтамалық (сілтемелік) метадеректердің мысалы:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы балалар саны»
|
|
ӘК коды
|
|
|
ӘК атауы
|
Балабақша және алдын ала білім беру ұйымдарындағы балалар саны
|
|
ӘК қыскаша атауы
|
-
|
|
ӘК анықтамасы
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының контингенті
|
|
ӘК қалыптасу тарихы
|
2013 жылдан бастап
|
|
ӘК қалыптастыру әдістемесі
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 «Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» бұйрығына 1-қосымша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) – «Мектепке дейінгі ұйымдар желісі мен балалар контингенті туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (индексі: № ДО-1 нысан)
|
|
Әзірлеуші туралы ақпарат
|
Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігі
|
|
Жауапты тұлға
|
Тегі, аты, әкесінің аты
телефон:
электрондық пошта:
|
Мемлекеттік органдардың
қолдануы үшін метадеректерді
қалыптастырудың үлгілік
әдістемесіне 4-қосымша
1-кесте. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректерді сипаттау нысаны (СК нысанды толтырудың үлгісі)
|
№ п/п
|
СК коды
|
СК атауы
|
СК қыскаша атауы
|
СК анықтамасы
|
СК қалыптасу тарихы
|
СК қалыптастыру әдістемесі
|
СК әзірлеуші туралы ақпарат
|
СК қалыптастыруға жауапты адамның байланыс деректері
|
||
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Телефон
|
Электронная почта
|
||||||||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
1
|
611101
|
Кезең басындағы халық саны
|
-
|
Белгілі бір уақыт сәтінде белгілі бір аумақта тұратын адамдардың саны
|
1999 жылдан бастап
|
Жыл басына алынған ағымдағы бағалаулар жыл сайын туылғандар мен осы аумаққа келгендер саны қосылатын және қайтыс болғандар мен осы аумақтан кеткендердің саны алып тасталатын халықтың соңғы санағы қорытындыларының негізінде есептеледі
|
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
|
Тегі, аты, әкесінің атын көрсету
|
Қаланың кодымен телефонды көрсету
|
Электрондық поштаны көрсету
2-кесте. Анықтамалық (сілтемелі) метадеректерді сипаттау нысаны
(ӘК нысанды толтырудың үлгісі)
|
|
№ п/п
|
ӘК коды
|
ӘК атауы
|
ӘК қыскаша атауы
|
ӘК анықтамасы
|
ӘК қалыптасу тарихы
|
ӘК қалыптастыру әдістемесі
|
ӘК әзірлеуші туралы ақпарат
|
ӘК қалыптастыруға жауапты адамның байланыс деректері
|
||
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
||||||||
|
1
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы балалар саны
|
-
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының контингенті.
|
2013 жылы 12 ақпан
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 «Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» бұйрығына 1-қосымша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) – «Мектепке дейінгі ұйымдар желісі мен балалар контингенті туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (индексі: № ДО-1 нысан).
|
Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігі
|
Тегі, аты, әкесінің атын көрсету
|
Қаланың кодымен телефонды көрсету
|
Электрондық поштаны көрсету
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.