«Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 29/133-VIII «Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы»

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі №29/133-VIII «Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, « Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 13-тармағына және 2-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Түркістан қалалық мәслихатының «Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы» 2025 жылғы 18 сәуірдегі №29/133-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6683-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат төрағасы

    Г. Сарсенбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.