«Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына және «Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына және «Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22891 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларында:

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Бәсекелес ортаға беруге орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларын қоспағандағы функциялары қаралады.»;

    қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларында:

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Аутсорсингке орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функциялары және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялары жатпайды.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесінде:

    2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) ажырамас мемлекеттік функциялар – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциялары («Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функциялар және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялар) немесе стратегиялық функциялар немесе мемлекеттік мәжбүрлеу құқығын іске асыруға байланысты немесе мемлекеттік меншікке билік ету құқығына қатысты немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бойынша халықаралық міндеттемелер мен міндеттемелер шеңберінде іске асырылатын функциялар;»;

    1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесінде:

    25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «25. Байланыс қызметтеріне ақы төлеу шығыстарына телефон, ұялы байланыс, қалааралық сөйлесулер, пошта шығыстары, факс, электрондық пошта, интернет үшін абоненттік төлемдер кіреді.»;

    1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

    2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесінде:

    3 және 4-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

    2. «Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38407 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Бәсекелес ортаға беруге орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларын қоспағандағы функциялары қаралады.»;

    5-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Аутсорсингке орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функциялар және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялары жатпайды.»;

    5-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) ажырамас мемлекеттік функциялар – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциялары («Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функциялар және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялар) немесе стратегиялық функциялар немесе мемлекеттік мәжбүрлеу құқығын іске асыруға байланысты немесе мемлекеттік меншікке билік ету құқығына қатысты немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бойынша халықаралық міндеттемелер мен міндеттемелер шеңберінде іске асырылатын функциялар;».

    3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он жетінші абзацын және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    С. Жумангарин

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары – Ұлттық

    экономика министрі

    2026 жылғы 26 маусымдағы

    № 86 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Орталық және (немесе)

    жергілікті атқарушы органдардың

    функцияларын бәсекелес

    ортаға беру үшін іріктеу

    әдістемесіне

    1-қосымша

    Нысан

    Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін функциялар тізілімі

    Ор­та­лық және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ти­іс­ті заң­да­ғы функ­ци­я­сы
    Ор­та­лық және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың функ­ци­я­сын ай­қын­дай­тын заң­ның ата­уы (бап­та­рын, тар­мақ­та­рын көр­се­те оты­рып)
    Мем­ле­кет­тік ор­ган, оның ве­дом­ство­ла­ры, аумақ­тық ор­ган­да­ры ту­ра­лы ере­же­лер­де­гі ор­та­лық және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың функ­ци­я­сы
    Ор­та­лық және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың функ­ци­я­сын ай­қын­дау (жол­да­рын көр­се­те оты­рып)
    1
    2
    Ор­та­лық және (неме­се) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның іс жү­зін­де іс­ке асы­ра­тын, бі­рақ қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­да көз­дел­ме­ген функ­ци­я­лар
    1
    2

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Орталық және (немесе)

    жергілікті атқарушы органдардың

    бәсекелес ортаға беру үшін

    ұсынылатын функциясының

    құнын айқындау әдістемесіне

    2-қосымша

    Нысан

    Шығыстардың стандартты факторларының негізгі түрлері және пайда болу көздері

    № р/с
    Ата­уы
    Көз­де­рі
    1
    Ин­фля­ция
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 5 жыл­дық ке­зең­ге ар­нал­ған әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­му бо­лжа­мы
    2
    Ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
    Жос­пар­лан­ған ке­зең­ге ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы
    3
    Ең тө­мен күн кө­ріс дең­гейі
    4
    Са­лық­тар мөл­шер­ле­ме­ле­рі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сі
    5
    Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­на әле­умет­тiк ауда­рым­дар
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әле­умет­тік ко­дек­сі
    6
    Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға ауда­рым­дар
    «Мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы
    7
    Заттай нор­ма­лар
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­сі
    8
    Үсте­ме шы­ғы­стар ко­эф­фи­ци­ен­ті
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қар­жы­лық есеп­те­ме­ле­рі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.