Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38832 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды нысанында бұйрыққа 1 – қосымшада мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. «Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 291 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38940 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісінің нысанында мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жасау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.