Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы
Р. Габидулин
Тереңкөл аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
24 маусымдағы № 3/47
шешіміне қосымша
Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 3/10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7438-14 болып тіркелген);
2. «Тереңкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 3/10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 2/20 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7589-14 болып тіркелген);
3. «Тереңкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 3/10 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 1/28 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7659-14 болып тіркелген).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.