Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2026 ж.

    Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының 2026 жылғы 18 маусымдағы №ЗТ-2026-02597065 өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Балқаш-2 станциясы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Язев көшесі, 14 мекенжайында орналасқан теміржол вокзалы ғимараты мен жолаушылар платформасын реконструкциялау (жаңғырту)» объектісі бойынша инженерлік желілерді орналастыру үшін ауданы 0,1560 га және 0,1720 га жер учаскелеріне 5 (бес) жыл мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалына жария сервитут белгіленсін.

    2. «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Сыздықов Руслан Косемгалиулына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Балқаш қаласының әкімі

    С. Сатаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.