Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 399 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15598 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Әскери басқару органы (бұдан әрі – ӘБО), ҚР ҚК республикалық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – РММ) қаржылық және шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.»;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Әскердi қаржылық қамтамасыз ету мынадай элементтердi қамтиды: бюджеттiк жоспарлау және қаржыландыру, қаражатты орынды жұмсау, оны есепке алу, есептілік және пайдаланылуын тексеру.»;

    24-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «9) жолданымдарды қараудың немесе қолданыcтағы заңнамаға қайшы келетiн шешiмдер шығарудың белгiленген мерзiмiн бұзған жағдайда гарнизонның әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне, азаматтық персоналына, азаматтарға жеке мәселелері бойынша консультация беру және қабылдау жұмысын жүргізеді.»;

    48-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін ЖСД ӘБО-ның жиынтық бюджеттік сұранымы бюджет жөніндегі комиссия хаттамасының көшірмесімен бірге ЭҚД-ға жіберіледі.

    ЖСД ӘБО-ның жиынтық бюджеттік сұранымы екі данада жасалады, оған ЖСД ӘБО қаржы бөлімшесінің бастығы, ЖСД ӘБО басшысы қолтаңба қояды, ЖСД ӘБО елтаңбалы мөрімен куәландырылады. Бір данасы ЭҚД-ға жіберіледі, ал екіншісі белгіленген тәртіппен ЖСД ӘБО іс жүргізуінде жеке іске тігіледі.

    Бұл ретте ЭҚД-ға жіберілетін данада негіздейтін құжаттардың және (немесе) баға ұсыныстарының қосымша екі данасы болуға тиіс.»;

    54-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін ӘБО-ның жиынтық бюджеттік сұранымы бюджет жөніндегі комиссия хаттамасының көшірмесімен бірге ЭҚД-ға жіберіледі.

    ӘБО-ның жиынтық бюджеттік сұранымы екі данада жасалады, оған ӘБО қаржы бөлімшесінің бастығы, ӘБО басшысы қолтаңба қояды, ӘБО-ның елтаңбалы мөрімен куәландырылады. Бір данасы ЭҚД-ға жіберіледі, ал екіншісі белгіленген тәртіппен Құжаттаманы басқару қағидалары 170-тармағының талаптарына сәйкес ӘБО іс жүргізуінде жеке іске тігіледі.

    Бұл ретте ЭҚД-ға жіберілетін данада негіздейтін құжаттардың және (немесе) баға ұсыныстарының қосымша екі данасы болуға тиіс.»;

    113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «113. Төленбейтін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымды және арнайы емдік өнімді сатып алуға шығысты жоспарлауды медициналық бөлімше бастығы жүзеге асырады.

    Медициналық бөлімше бастығы шығысты жоспарлау кезінде жоспарлы кезеңге төленбейтін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымның және арнайы емдік өнімнің қажетті тізбесі мен санын айқындайды. Төленбейтін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымның және арнайы емдік өнім тізбесі айқындалғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарға, жұмыс пен көрсетілетін қызметке қажеттілік есебі (талдау) жүргізіледі.»;

    139-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

    185-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қол қоюға құқығы бар лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сы үшінші тұлғаларға бермей, лауазымды адамдардың өзінде сақталады.»;

    190-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) жұмыскер РММ басшысына қызметтік іссапарға кетуге баянат береді, ол қызметтік іссапардың мақсатқа сәйкестігі тұрғысынан тікелей бастықпен келісіледі. Баянат Іссапар жоспарын жасауға және орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығымен келісіледі. Ол «Іссапар жоспарының № __ тармағына сәйкес келеді» деген белгі қояды және күндер санын, іссапарға жіберілген жерді, төленбейтін тұрғын үймен қамтамасыз етілу жағдайын көрсетеді. Кейін қаржы бөлімшесінің бастығы жоспарланған қаражатты көрсетіп, баянатты келіседі. Жұмыскерлер тобы қызметтік іссапарға кеткен жағдайда баянатты топ құрамын көрсетіп, тек топ басшысы жазады;»;

    196-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Бұл ретте жұмыскердің баянаты Іссапар жоспарын жасауды және орындауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің бастығымен бірлесіп, Іссапар жоспарының іс-шараларын қайта бөлу, күн саны, іссапарға жіберу орны және төленбейтін тұрғын үймен қамтамасыз етілу, сондай-ақ қаржы бөлімшесінің бастығымен қаражаттың үнемделуі мәніне келісіледі.»;

    200-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін жеткізгені үшін мемлекет есебінен өтемақы;

    3) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, қатардағы жауынгер және сержант құрамына Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымында бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша оқуға жұмсалған шығынды өтеу;»;

    203-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «203. Қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыруға ЭҚД-мен келісу бойынша жол беріледі, ол үшiн РММ-да касса жабдықталады.

    Касса – бұл қолма-қол ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін техникалық талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған (өрт-күзет дабылдамасы, металл есіктер, терезе торлары) және қолма-қол ақшаны қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған оқшауланған үй-жай.

    РММ басшысы қолма-қол ақшаны сақтау және жеткізу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ететiн қажеттi жағдайларды жасайды.

    Оларды жеткізу кезінде ақша қаражатының сақталуы осы Қағидаларға 32-1-қосымшаға сәйкес ақшаны жеткiзу кезінде кассирдi (қаржы бөлiмшесiнiң бастығын) күзету тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.

    Қолма-қол ақшаны жеткізу осы Қағидаларға 32-2-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны жеткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

    Кассаның жұмысына қатысы жоқ адамдарға касса үй-жайына кiруге жол берілмейді.»;

    204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «204. Қолма-қол ақшаны, чек кiтапшаларын, қатаң есептiлiк бланкiлерiн есепке алу жөнiндегi кiрiс-шығыс кiтаптары және касса кiтабы мемлекеттiк мекемеде сейфтерде немесе отқа жанбайтын металл шкафтарда сақталады, олар касса жұмысы аяқталғаннан кейiн кiлтпен жабылады және кассир сүргiш мөрмен мөрлейдi.

    Сейфтер мен металл шкафтардың кiлттерi, сондай-ақ мөрлер кассирде сақталады. Кассир оларды келiсiлген орындарда қалдырмайды, бөгде адамдарға бермейдi, есепке алынбаған телнұсқаларын жасамайды.

    Мөрленген пакеттердегi, қобдишалардағы және басқа да орамдардағы кiлттердiң есепке алынған телнұсқалары РММ басшысында сақталады, Тоқсанына бiр реттен сирек емес оларды комиссиялық тексеру жүргiзiледi. Кiлттiң жоғалғаны анықталған кезде РММ басшысы болған оқиға туралы iшкi iстер органдарына хабарлайды және металл шкафтың құлпын дереу ауыстыруға шаралар қабылдайды.

    Кассада осы мемлекеттiк мекемеге тиесiлi емес қолма-қол ақшаны және басқа да құндылықтарды сақтауға жол берiлмейдi.

    Касса үй-жайы мен металл шкафтарды ашар алдында кассир құлыптардың, есіктердің, терезе торларының, есіктердегі мөрлердің сақталуын, күзет дабылдамасының ақаусыздығын тексереді.

    Мөр бүлiнген немесе алынған, құлыптар, есiктер мен торлар сынған жағдайда кассир бұл туралы дереу мемлекеттiк мекеменiң басшысына баяндайды, ол болған оқиға туралы iшкi iстер органдарына хабарлайды және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi келгенге дейiн кассаны күзетуге шаралар қабылдайды.»;

    205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «205. Кассир өзi қабылдаған барлық құндылықтың сақталуына толық материалдық жауапкершiлiкте болады.

    Касса құжаттарына қол қою құқығы жүктелген лауазымды адамдар кассирдiң мiндеттерiн атқаруға жіберілмейді.

    Кассир болмаған кезеңде РММ басшысының жазбаша өкiмi бойынша кассирдiң мiндеттерiн толық материалдық жауапкершiлiк туралы онымен шарт жасаса отырып, РММ-ның басқа жұмыскерлерi атқара алады.

    Кассир кенеттен жұмыста болмай қалған жағдайда (сырқаттанып қалуы және басқа себептермен) оның есебiндегi қолма-қол ақшаны РММ басшысының бұйрығымен тағайындалған адам ЖТК-ның қатысуымен дереу қайта санайды. Құндылықтарды қайта санау және беру нәтижесi туралы ЖТК мүшелерінің қолтаңбасын қоюмен акт жасалады.»;

    206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «206. Әрбір айдың соңғы жұмыс күні кассир бухгалтерлік құжаттама нысанына 73-қосымшаға сәйкес № 381 «Кассалық операция бойынша жинақтау ведомосы» нысаны бойынша 1-мемориалдық ордерін жасайды және тігеді және қаржы бөлімшесінің бастығына тексеруге ұсынады.

    Қаржы бөлімшесінің бастығы 2 жұмыс күні ішінде қоса берілген құжатымен бірге ұсынылған ордерді Бухгалтерлік құжаттама нысанына 67-қосымшаға сәйкес № КО-1 нысаны бойынша кассалық кіріс ордерінің, Бухгалтерлік құжаттама нысанына 68-қосымшаға сәйкес № КО-2 нысаны бойынша кассалық шығыс ордерінің болуын және толтырылу сапасын, сондай-ақ Бухгалтерлік құжаттама нысанына 69-қосымшаға сәйкес № КО-3а нысаны бойынша кіріс және шығыс кассалық құжатын тіркеу журналымен және Бухгалтерлік құжаттама нысанына 70-қосымшаға сәйкес № КО-4 нысаны бойынша кассалық кітаппен бірдей болуын тексереді.»;

    207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «207. ЖТК кассада құндылықтардың жетiспеуiн немесе артық шығуын анықтаған кезде актiде жетiспеушiлiк немесе артық шығу сомасы және олардың пайда болу жағдайлары көрсетiледi.

    Касса тәртiбiн сақтауды РММ басшысы, қаржы бөлiмшесiнiң бастығы және кассир жүзеге асырады.»;

    мынадай мазмұндағы 208-1-тармақпен толықтырылсын:

    «208-1. Кассалық операцияларды есепке алу, қолма-қол ақшаны қабылдау және беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;

    мынадай мазмұндағы 208-2-тармақпен толықтырылсын:

    «208-2. Бюджет қаражаты қолданыстағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрi бұйрықтарының талаптарына және бекiтiлген жоспарлау құжаттарына сәйкес тiкелей мақсаты бойынша жұмсалуға тиiс.

    Шығыс ақша құжаттарын ақша құжаттарын бекiту (қол қою) құқығы бар РММ-ның тиiстi лауазымды адамдары бекiтедi (қол қояды).

    Ақтау құжаттарына қол қою кезінде мыналар тексеріледі:

    1) жасалатын операцияның заңдылығы;

    2) жасалатын операциялардың тиісті көздер есебінен ақшалай қаражатпен қамтамасыз етілуі;

    3) құжаттың барлық деректерінің (деректемелерінің) дұрыс толтырылуы;

    4) есеп айырысулар мен жиынтық сомалардың дұрыстығы;

    5) құжаттарды ресімдеуге негіз болған құжатта заңды лауазымды адамдардың қолтаңбасының болуы.

    Барлық ақша құжаты мұқият тексерiледi және содан кейiн қаржы бөлiмшесiнiң бастығы қол қояды.»;

    мынадай мазмұндағы 208-3-тармақпен толықтырылсын:

    «208-3. РММ есеп айырысулары өз мiндеттемелерi бойынша қолма-қол ақшасыз тәртiппен жүргiзiледi.

    Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, бір ай ішінде жиынтық мәнде 50 еселенген АЕК-тен аспайтын мөлшерде есеп айырысуды жүзеге асыруға жол беріледі.

    Қолма-қол ақшаны алуға шектеу:

    1) шетелдік іссапар шығыстарына;

    2) өкілдік шығындарға;

    3) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметінің шығындарына қойылмайды.

    РММ-ның лимитiнен жоғары бюджеттiк шоттардан қолма-қол ақшаны пайдалануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнің экономика және қаржы жөнiндегi орынбасарының жазбаша рұқсаты бойынша жол берiледi.»;

    мынадай мазмұндағы 208-4-тармақпен толықтырылсын:

    «208-4. Қолма-қол ақшаны қабылдау және жұмсау жоспарланған іс-шаралар бойынша қатаң жүзеге асырылады.

    Қолма-қол ақшаға қажеттілікті 50 еселенген АЕК-тен тыс айқындау үшін ай сайын 10-ы күніне дейін ЭҚД-мен және ҚР ҚМ мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісілген Қолма-қол ақшаны қабылдау және жұмсау жоспары бекітіледі.»;

    мынадай мазмұндағы 208-5-тармақпен толықтырылсын:

    «208-5. РММ барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға көзделген қаражатты қоспағанда, чек бойынша да, сол сияқты банктің корпоративтік төлем карточкасын қолдану жолымен де алынған қолма-қол ақшаны қызмет көрсететін банктен ақша алған күнді қоспағанда, 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кассада сақтайды.

    Барлау, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға көзделген қаражатты қоспағанда, кассаға қабылданған қолма-қол ақша оны қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарына есепке алу үшiн банкке тапсырылады.

    Ақшаны қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарына алдын ала тапсырмай пайдалануға жол берiлмейдi.

    Есепті жылдың 31 желтоқсанына мемлекеттік мекеменің кассасындағы қолма-қол ақшаның қалдығы банкке тапсырылады.»;

    261-тармақтың 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) төленбейтін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дербес сатып алуды қоса алғанда, алдыңғы қаржы жылында дәрілік заттар мен медициналық бұйымның әрбір атауы бойынша нақты тұтыну;»;

    285-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «285. Материалдық жауапты адам сенімхаттың пайдаланылғанын растайтын құжатты ұсынбағанда не пайдаланылмаған сенімхатты белгіленген мерзімде қайтармағанда қаржы бөлімшесінің бастығы бұл туралы қызметтік тергеп-тексеруді тағайындайтын РММ басшысына қағазнда немесе электрондық құжат нысанында баяндайды.»;

    288-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Бұл ретте бір мезгілде тиісті бөлімшенің бастығы қағазда немесе электрондық құжат нысанында РММ басшысына келіп түскен мүлікті қабылдауды жүзеге асыру қажеттігі туралы баяндайды.»;

    316-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Негізгі құралдар мен материалдық емес активті комиссия арқылы беруді ұйымдастыру үшін тиісті бөлімше бастығы РММ басшысына комиссия арқылы беруді жүзеге асыру қажеттілігі туралы қағазда немесе электрондық құжат нысанында баяндайды.»;

    376-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Бұл ретте тиісті бөлімше бастығы бір мезгілде әскери мүлікті жөндеуге беруді ресімдеу қажеттілігі туралы РММ басшысына қағазда немесе электрондық құжат нысанында баяндайды.»;

    413-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «413. Әскери мүліктің бар-жоғы және қозғалысы туралы есеп беру нәтижесі бойынша қаржы бөлімшесінің бастығы РММ басшысына есепті кезеңнің жабылу нәтижесі туралы қағазда немесе электрондық құжат нысанында баяндайды.»;

    414-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «414. РММ басшысы қаржы бөлімшесі бастығының баянаты негізінде есепті айдан кейінгі әрбір айдың 25-і күніне дейін есепті кезеңнің жабылу нәтижесі туралы жоғарғы ӘБО-ға қағазда немесе электрондық құжат нысанында баяндайды.»;

    475-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «475. Түгендеу аяқталғаннан кейін РММ басшысы түгендеу нәтижесінің ведомосын қоса беріп, түгендеудің аяқталғаны туралы жоғарғы ӘБО-ға қағазда немесе электрондық құжат нысанында баяндайды.»;

    2-қосымшада:

    реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    24
    жо­ғар­ғы
    ме­ди­ци­на
    Тө­лен­бей­тін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі­нің тіз­бе­сіне кір­ме­ген аза­мат­тық ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­де­гі ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    »;
    осы бұйрыққа 27 және 28-қосымшаларға сәйкес 32-1 және 32-2-қосымшалармен толықтырылсын;
    2. «Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 683 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифте (бағада):
    1-қосымша осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
    3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
    6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты

    Д. Қосанов

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2026 жылғы «__» ________

    № ____ бұйрығына

    27-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Қарулы Күштерінде қаржы және

    шаруашылық қызметті

    ұйымдастыру қағидаларына

    32-1-қосымша

    Ақшаны жеткiзу кезінде кассирдi (қаржы бөлiмшесiнiң бастығын) күзету тәртiбi

    Кассирмен (қаржы бөлiмшесiнiң бастығымен) бірге жүру үшiн қарулы күзет бөлiнедi. РММ-да қарауыл болмаған жағдайда қарулы күзетті қаржы бөлiмшесi бастығының өтiнiмi бойынша әскери полиция органы бөледi.

    Қаржы бөлiмшесi бастығының қатысуымен штаб бастығы қарулы күзетке нұсқау бередi.

    Қарулы күзет:

    1) белгіленген уақытта қаржы бөлімшесі бастығының қарамағына келуге;

    2) кассирмен (қаржы бөлiмшесiнiң бастығымен) бірге жүруге, оның жанында тұруға;

    3) банк ғимаратынан ақшаны алып шыққан кезде және автомобильге қарай жүрген кезде тұрып ату үшін дайын қалыпта қарумен оның оң жағынан артта 2-3 қадам жерде қозғалуға;

    4) кассирге (қаржы бөлімшесінің бастығына) күдікті адамдар жақындаған жағдайда оларды тоқтатуға;

    5) қаруды кассирге (қаржы бөлiмшесiнiң бастығына) немесе қарауылға анық шабуыл жасалған жағдайда ғана қолдануға;

    6) автомобильге отырғызу кезінде кассир (қаржы бөлімшесінің бастығы) машинаға (кассир артқы орындыққа, қарулы күзет – жүргізушінің жанына) отырғанға дейін автомобильдің алдында 2-3 қадам жерде тұруға;

    7) автомобильмен жүріп келе жатқан кезде қырағылықты әлсіретпеуге және шабуылға тойтарыс беруге дайын болуға;

    8) бөлімге келгеннен кейін кассирмен (қаржы бөлімшесінің бастығымен) қаржы бөлімшесінің үй-жайына дейін бірге жүруге және онымен ақшаны сейфке салғанға дейін қалуға;

    9) қаржы бөлiмшесi бастығының рұқсатымен бөлiмшеге кетуге;

    10) бөлімшеге келгеннен кейін өзінің командиріне және штаб бастығына баяндауға міндетті.

    Кассирмен (қаржы бөлiмшесiнiң бастығымен) бірге жүру үшiн бөлiнетiн қарулы күзетке орындалатын тапсырма және оны орындау тәртiбi туралы мәлiметтердi жария етуге тыйым салынады.

    ________ әскери бөлімі штабының бастығы (РММ бастығының орынбасары) __________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)

    Тәртіппен таныстым (қарулы күзет)

    __________________________________

    (әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2026 жылғы «__» ________

    № ____ бұйрығына

    28-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Қарулы Күштерінде қаржы және

    шаруашылық қызметті

    ұйымдастыру қағидаларына

    32-2-қосымша

    Қолма-қол ақшаны жеткізу тәртібі

    Ақшаны жеткізу үшiн оның қарсаңында қаржы бөлiмшесi бастығының автомобиль қызметi бастығына (орталықтандырылған бухгалтерия үшін автомобиль техникасымен қамтамасыз ететін РММ автомобиль қызметінің бастығына) берген өтiнiмi бойынша автомобиль бөлiнедi.

    Жүргізуші:

    1) әскери бөлім кассирінің (қаржы қызметінің бастығының) жеке басын білуге;

    2) өтiнiмде көрсетiлген уақытта оған келуге;

    3) бағыт бойынша банкке (банктен) жол жүруге:

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________ (бару мен қайтудың нақты бағытын көрсету)

    4) кассирді (қаржы қызметінің бастығын) автомобильде, ғимараттың банк кіреберісінде күтуге. Ешкіммен сөйлеспеуге және автомашина жанына бөгде адамдардың жиналуына жол бермеуге;

    5) жолда жүру кезінде белгілі бір бағыттан ауытқымауға, аялдамауға, бөгде жолаушыларды алмауға;

    6) бөлімге келгеннен кейін парк бойынша кезекшіге баяндауға міндетті.

    ________ әскери бөлімі штабының бастығы (РММ бастығының орынбасары) ___________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)

    Тәртіппен таныстым, жүргізуші

    _____________________________

    (әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2026 жылғы «__» ________

    № ____ бұйрығына

    29-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2025 жылғы «11» маусымдағы

    № 683 бұйрығына

    1-қосымша

    Мәдениет саласындағы тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тариф (баға)

    Р/с №
    Ме­ке­ме (фи­ли­ал) ата­уы
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Құ­ны (тең­ге)
    Бей­не­тү­сі­рі­лім­ді жүр­гі­зу
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі­нің Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы және оның фи­ли­а­лы
    ғы­лы­ми-та­ным­дық
    ака­де­ми­я­лық са­ғат
    20 000
    де­ректі фильм
    30 000
    көр­кем фильм
    150 000
    клип
    70 000
    бей­не­ро­лик
    20 000
    Же­ке құ­рам­ды, тех­ни­ка­ны және қа­ру-жа­рақ­ты тар­тып, ки­но тү­сі­ру про­це­сін ұй­ым­да­сты­ру
    1 са­ғат
    500 000
    1 тү­сі­рі­лім кү­ні
    5 000 000
    2.
    Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әс­ке­ри мұ­ра­жайы және «Жа­уын­гер­лік даңқ» мұ­ра­жайы
    Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әс­ке­ри мұ­ра­жайы және «Жа­уын­гер­лік даңқ» мұ­ра­жайы за­лын­да және ашық алаң­да­ғы әс­ке­ри тех­ни­ка па­ви­льо­ны ау­ма­ғын­да тү­сі­рі­лім тү­ріне бай­ла­ны­сты кә­сі­би бейне, те­ле, ки­но­тү­сі­рі­лім
    бағ­дар­ла­ма­лық, ақ­па­рат­тық (1 са­ғат)
    17 750
    23 750
    де­ректі фильм (1 са­ғат)
    35 500
    47 000
    көр­кем фильм (1 са­ғат)
    62 500
    100 000
    Іс-ша­ра­лар өт­кі­зу үшін зал­ды, жаб­дық­ты бе­ру
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі­нің Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы
    Іс-ша­ра өт­кі­зу үшін «Ат­ри­ум» за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 са­ғат
    50 000
    1 іс-ша­ра
    (5 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    150 000
    Іс-ша­ра өт­кі­зу үшін «Сал­та­нат за­лын» бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 са­ғат
    50 000
    1 іс-ша­ра
    (5 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    200 000
    Іс-ша­ра өт­кі­зу үшін «Кон­фе­ренц за­лын» және бас­па­сөз ор­нын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 са­ғат
    50 000
    1 іс-ша­ра
    (3 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    100 000
    Іс-ша­ра өт­кі­зу үшін ки­но­зал­ды бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 са­ғат
    20 000
    1 ауы­сым
    100 000
    Іс-ша­ра өт­кі­зу үшін кон­церт за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 са­ғат
    100 000
    1 іс-ша­ра
    (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    350 000
    Жа­рық жабды­ғын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра
    (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    100 000
    LED-экран­ды бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра
    (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    250 000
    Қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу үшін түс­кі ас за­лын бе­ру қыз­ме­ті
    1 іс-ша­ра
    (3 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    100 000
    1 ай
    200 650
    4.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы­ның Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы фи­ли­а­лы
    Іс-ша­ра өт­кі­зу үшін кон­церт за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 са­ғат
    100 000
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    200 000
    LED-экран­ды бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ар­тық емес)
    100 000
    Хо­рео­гра­фия за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (3 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    30 000
    Бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра үшін зал­ды бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    200 000
    1 ай
    2 500 000
    Ки­но­па­ви­льон бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    100 000
    1 ай
    600 000
    Би за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    100 000
    1 ай
    500 000
    Му­зы­ка­лық сту­ди­я­ны бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 ай
    100 000
    Тө­мен­гі қа­бат­та­ғы үй-жай­ды бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 ай
    300 000
    Дә­рі­сха­на бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (үй­ір­ме және өзге де іс-ша­ра үшін)
    1 ай
    100 000
    Сы­нып­ты бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (үй­ір­ме және өзге де іс-ша­ра үшін)
    1 ай
    60 000
    Те­атр ала­ңын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    100 000
    1 ай
    300 000
    № 1 клуб за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    200 000
    1 ай
    1 500 000
    № 2 клуб за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    100 000
    1 ай
    300 000
    № 3 клуб за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    120 000
    1 ай
    300 000
    № 4 клуб за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    150 000
    1 ай
    700 000
    Сал­та­нат­ты зал­ды (Мәрм­әр за­лын) бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра (3 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    100 000
    1 ай
    800 000
    5.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы­ның Се­мей қа­ла­сын­да­ғы, Са­ры­ө­зек қүк, Гвар­дейск қүк фи­ли­ал­да­ры
    Кон­церт за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра
    (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    100 000
    LED-экран­ды бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра
    (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    30 000
    Би за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра
    (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    20 000
    1 ай
    200 000
    Сы­нып­ты бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (үй­ір­ме және өзге де іс-ша­ра үшін)
    1 іс-ша­ра
    (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    10 000
    1 ай
    60 000
    Бан­кет за­лын бе­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 іс-ша­ра
    (4 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    50 000
    1 ай
    200 000
    6.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы­ның Қо­на­ев қа­ла­сын­да­ғы фи­ли­а­лы
    «Ал­тын Емел» мү­лік­тік ке­ше­нін ұсы­ну бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 ай
    4 268 000
    7.
    Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әс­ке­ри мұ­ра­жайы және «Жа­уын­гер­лік даңқ» мұ­ра­жайы
    Му­зей экс­по­зи­ци­я­сын жа­сау бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    1 экс­по­зи­ция
    (24 са­ғат)
    195 000
    Іс-ша­ра өт­кі­зу үшін шы­ғар­ма­шы­лық ұжым, әр­ті­стер бе­ру
    8.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі­нің Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы
    Би­ші­лер то­бы (то­лық құ­рам – 16 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    100 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    500 000
    Би­ші­лер то­бы (ор­та­ша құ­рам – 10 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    60 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    300 000
    Би­ші­лер то­бы (ша­ғын құ­рам – 6 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    50 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    200 000
    Эст­ра­да­лық-сим­фо­ни­я­лық ор­кестр (35 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    150 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    700 000
    Ішек­ті ас­пап квар­те­ті (4 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    50 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    100 000
    Фольк­лор­лық-эт­но­гра­фи­я­лық топ (12 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    100 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    300 000
    Же­ке орын­да­у­шы (ас­пап­шы, во­ка­лист – 1 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    30 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    150 000
    Хор (20 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    100 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    300 000
    Ор­та­лық ан­самбль­дің то­лық құ­рам­да өнер көр­се­туі (эст­ра­да­лық-сим­фо­ни­я­лық ұжым, фольк­лор­лық-эт­но­гра­фи­я­лық топ, би­ші­лер то­бы, ішек­ті ас­пап квар­те­ті, же­ке орын­да­у­шы – во­ка­лист, ас­пап­шы, хор – 70 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    700 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    1 500 000
    Би­ші­лер то­бы (то­лық құ­рам – 6 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    50 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    150 000
    Эст­ра­да­лық-би­ші­лер то­бы­ның өнер көр­се­туі (то­лық құ­рам­да – 24 қа­ты­су­шы)
    1 кон­церт­тік нө­мір
    100 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    250 000
    Ор­та­лық әс­ке­ри ор­кестр­дің өнер көр­се­туі
    1 кон­церт­тік нө­мір
    100 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    400 000
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы­ның Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы фи­ли­а­лы
    Әс­ке­ри ор­кестр­дің өнер көр­се­туі
    1 кон­церт­тік нө­мір
    100 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    250 000
    10.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы­ның Се­мей қа­ла­сын­да­ғы, Са­ры­ө­зек қүк, Гвар­дейск қүк фи­ли­ал­да­ры
    Әс­ке­ри ор­кестр­дің өнер көр­се­туі
    1 кон­церт­тік нө­мір
    50 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    150 000
    Эст­ра­да­лық-би­ші­лер то­бы­ның өнер көр­се­туі
    1 кон­церт­тік нө­мір
    40 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    100 000
    Же­ке орын­да­у­шы­ның (ас­пап­шы, во­ка­лист – 1 қа­ты­су­шы) өнер көр­се­туі
    1 кон­церт­тік нө­мір
    30 000
    1 кон­церт­тік іс-ша­ра
    80 000
    Ре­пе­ти­тор­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет – во­кал­ға, хо­рео­гра­фи­я­ға, му­зы­ка­лық ас­пап­та ой­на­у­ға үй­ре­ту және шы­ғар­ма­шы­лық үй­ір­ме
    11.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі­нің Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы және оның фи­ли­ал­да­ры
    Во­кал­дық өнер­ге, му­зы­ка­лық ас­пап­та ой­на­у­ға, ше­шен­дік өнер­ге, ак­тер­лік ше­бер­лік­ке және хо­рео­гра­фи­я­ға үй­ре­ту
    бір оқып-үй­ре­ну­ші­ге 1 ай үшін (ап­та­сы­на 2 са­бақ)
    18 000
    Қа­ру­лы Кү­ш­тер­ге ве­дом­ство­лық ти­е­сі­лі емес же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­мен іс-ша­ра ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу (кон­церт, сал­та­нат­ты іс-ша­ра мен қа­был­дау, фо­рум, кон­фе­рен­ция мен ки­но­тү­сі­рі­лім ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу)
    12.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы­ның Қо­на­ев қа­ла­сын­да­ғы фи­ли­а­лы
    Өт­кі­зі­ле­тін мә­де­ни-де­ма­лыс іс-ша­ра­сы шең­бе­рін­де қо­на­қүй бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұй­ым­да­сты­ру
    Люкс нө­мі­рі, 1 тәу­лік­ке
    10 000
    Жар­ты­лай люкс нө­мі­рі, 1 тәу­лік­ке
    7 000
    Стан­дарт­ты нө­мір, 1 тәу­лік­ке
    5 000
    13.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы Кү­ш­те­рі Ұлт­тық әс­ке­ри-пат­ри­от­тық ор­та­лы­ғы­ның Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы фи­ли­а­лы
    «Ар­мия үйі» ау­ма­ғын­да ки­но тү­сі­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
    1 ауы­сым (12 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    300 000
    Квест іс-ша­ра­сын ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
    1 ауы­сым (12 са­ғат­тан ас­пай­ды)
    300 000
    Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әс­ке­ри мұ­ра­жайы және «Жа­уын­гер­лік даңқ» мұ­ра­жайы
    Р/с
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Өл­шем бір­лі­гі­нің құ­ны, тең­ге
    Мұ­ра­жай­ға экс­кур­си­я­мен және он­сыз ба­ру­ды, кө­шпе­лі көр­ме өт­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    14.
    Кі­ру би­ле­ті:
    Ере­сек адам­ға;
    Сту­дент­ке (рас­тай­тын құ­жат­ты көр­сет­кен­де);
    Мек­теп жа­сын­да­ғы ба­ла­ға және зей­нет­кер­ге (рас­тай­тын құ­жат­ты көр­сет­кен­де)
    1 би­лет
    500
    300
    200
    15.
    Ұжым­мен ба­ру үшін экс­кур­сия (топ­та 5-тен 20 адам­ға дей­ін):
    Ере­сек адам­ға;
    Сту­дент­ке (рас­тай­тын құ­жат­ты көр­сет­кен­де);
    Мек­теп жа­сын­да­ғы ба­ла­ға және зей­нет­кер­ге (рас­тай­тын құ­жат­ты көр­сет­кен­де)
    1 би­лет
    600
    400
    250
    16.
    Кі­ру би­ле­ті (рас­тай­тын құ­жат­ты көр­сет­кен­де)
    ҰОС, Ауған со­ғы­сы­ның ар­да­ге­рі және оған те­ңе­сті­рі­л­ген адам; Ден­са­улық­қа бай­ла­ны­сты мүм­кін­ді­гі шек­те­улі адам;
    7 жас­қа дей­ін­гі ба­ла;
    Әс­ке­ри қыз­мет­ші;
    Кө­п­ба­ла­лы от­ба­сы
    1 би­лет
    те­гін
    Құқық ие­сі­нің рұқ­са­ты­мен ре­кон­струк­ция, ма­кет, экс­по­нат­тың, қа­ру­дың және мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тың кө­шір­ме­сін жа­сау бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    17.
    Бас­қа мұ­ра­жай қо­ры­нан бұй­ым мен экс­по­нат­ты, же­ке кол­лек­ци­яда­ғы көр­ке­мө­нер бұй­ы­мын және пай­да­ла­ныл­май­тын әс­ке­ри мү­лік­ті ре­став­ра­ци­я­лау:
    ма­та­дан жа­сал­ған бұй­ым, кі­лем-ки­із бұй­ы­мы, бы­л­ға­ры, ста­н­ок­ты кес­кін­де­ме, қа­ғаз негіз­де­гі жұ­мыс:
    күр­де­лі емес ре­став­ра­ци­я­лау (ашы­л­ған жер­ді же­лім­деу, те­сі­л­ген жер­ді жа­мау, май­ы­с­қан жер­ді тү­зе­ту)
    1см2
    2 000
    ор­та­ша күр­де­лі ре­став­ра­ци­я­лау (ашы­л­ған жер­ді же­лім­деу, те­сі­л­ген жер­ді жа­мау, май­ы­с­қан жер­ді тү­зе­ту, дақ­ты ке­ті­ру, хи­ми­я­лық өң­деу)
    5 000
    күр­де­лі ре­став­ра­ци­я­лау (негіз­ді ны­ғай­ту, жа­ңа негіз­ге қай­та­лау, негіз бен су­рет­тің жо­ғал­ған фраг­мен­тін жа­сау)
    10 000
    ме­тал­дан, аға­штан, ке­ра­ми­ка­дан, фар­фор­дан және бас­қа да ма­те­ри­ал­дан жа­сал­ған бұй­ым:
    күр­де­лі емес ре­став­ра­ци­я­лау
    1см2
    15 000
    ор­та­ша күр­де­лі ре­став­ра­ци­я­лау
    25 000
    күр­де­лі ре­став­ра­ци­я­лау
    40 000
    Кә­де­сый және по­ли­гра­фи­я­лық өнім жа­сау және өт­кі­зу бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
    18.
    Кә­де­сый және по­ли­гра­фи­я­лық өнім­ді жа­сау және өт­кі­зу:
    кө­ле­мі 3,5см х 3,5см бас­па­сөз бел­гі­сі
    1 да­на
    500
    қа­быр­ға­ға ілі­не­тін күн­тіз­бе
    1 да­на
    1 000
    экс­по­нат, та­ри­хи және мә­де­ни мұ­ра объ­ек­ті­сі, Қа­зақ­стан қа­ла­ла­ры­ның кө­рік­ті же­рі бей­не­лен­ген маг­нит
    1 да­на
    1 500

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.