«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20668 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» деген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленген және апостильді қою тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;

    2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) цифрлық құжаттар сервисі – «цифрлық үкіметтің» инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифраландыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;»;

    «3) Бiрыңғай байланыс орталығы – уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.egov.kz; не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талапттар тізбесі) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды береді.»;

    10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері, білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда, білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;»;

    11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) көрсетілетін қызметті алушы ақы төлегеннен кейін жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда, білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;»;

    15- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.»;

    16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Көрсетілетін қызметті беруші Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;

    17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    2026 жылғы 12 шілдеден бастап көрсетілген Қағидалардың 5-тармағы, 10-тармақтың 4) тармақшасы, 11-тармақтың 3) тармақшасы, 15-тармағы, 16-тармақтың екінші бөлігі, 17-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:

    «5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.egov.kz; не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талапттар тізбесі) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды береді.»;

    «4) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері, білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, цифрлық жүйеде деректер болмаған жағдайда, білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;»;

    «3) көрсетілетін қызметті алушы ақы төлегеннен кейін жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, цифрлық жүйеде деректер болмаған жағдайда, білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;»;

    «15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.»;

    «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, «цифрлық үкіметтің» операторы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.»;

    «Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы

    Ш. Акпарова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрінің

    міндетін атқарушы

    2026 жылғы 26 маусымдағы

    № 178-НҚ

    Бұйрығына 1 - қосымша

    «Бастауыш, негізгі орта,

    жалпы орта, техникалық

    және кәсіптік, орта білімнен

    кейінгі білім беру ұйымдарынан

    шығатын ресми құжаттарды

    апостильдеу» мемлекеттік

    қызмет көрсету

    қағидаларына

    1- қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы: «Ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан шы­ға­тын ре­сми құ­жат­тар­ды апо­стиль­деу»
    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    жоқ
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі Бі­лім са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет «Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) және «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту
    мер­зі­мі
    1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
    2) пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді:
    1) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут;
    2) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    /қа­ғаз тү­рін­де
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са)көр­се­ту нәти­же­сі
    Пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» алу ор­нын көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сі­нің дай­ынды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­ру;
    «апо­стиль» мөр­таң­ба­сы қой­ы­л­ған дай­ын құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­ру.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны жи­нау тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­сет­ке­ні үшін мем­ле­кет­тік баж алы­на­ды, ол Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық ко­дек­сіне сәй­кес мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген 0,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды.
    Мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға элек­трон­дық сұ­рау са­лу­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Ал­дын ала тө­лен­ген жағ­дай­да тө­лем құ­жа­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді.
    8
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің жұ­мыс ре­жи­мі: қыз­мет көр­се­ту­ші дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 09:00-ден 18:30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да жұ­мыс іс­тей­ді.
    2) Қыз­мет көр­се­ту­ші ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту кесте­сі (құ­жат­тар­ды қа­был­дау және бе­ру): мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­дау және бе­ру дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 09:00-ден 18:00-ге дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту кесте­сі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 09:00-ден 18:00-ге дей­ін үзі­ліс­сіз;
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 09:00-ден 20:00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 09:00-ден 13:00-ге дей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да жұ­мыс іс­тей­ді.
    Қа­был­дау же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз, қыз­мет алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Пор­тал ар­қы­лы ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды.
    4) Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту кесте­сі: тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­ры­на бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (қыз­мет алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​edu.​gov.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сы: www.​gov4c.​kz, www.​egov.​kz.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се се­нім­хат бой­ын­ша өкіл Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де:
    1) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және (неме­се) цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін);
    3) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат (түп­нұс­қа);
    4) мем­ле­кет­тік баж­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек (түп­нұс­қа). пор­тал­ға:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы қой­ы­л­ған элек­трон­ды құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
    2) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бюд­жет­ке алым со­ма­сы үшін тө­лен­ге­нін рас­тай­тын, же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім бе­ре­ді.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты көр­сет­кен кез­де және (неме­се) цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін) (не но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі) ар­қы­лы элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция нәти­же­ні 1 (бір) ай бойы сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, со­дан кей­ін олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге одан әрі сақ­тау үшін бе­ре­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы 1 (бір) ай өт­кен соң жү­гін­ген кез­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның сұ­ра­уы бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де дай­ын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру үшін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жі­бе­ре­ді.
    Ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өті­ніш­тің қа­был­дан­ға­нын рас­тау бо­лып та­бы­ла­ды.
    Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Ше­тел­дік ре­сми құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру та­лап­та­рын жо­я­тын 1961 жы­л­ғы 5 қа­зан­да­ғы Га­а­га Кон­вен­ци­я­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре­тін өзге де та­лап­тар
    Ты­ныс-тір­ші­лі­гін шек­тей­тін ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры тұ­рақ­ты бұ­зы­лып, ден­са­улы­ғы на­шар­ла­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға қа­жет болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі 1414, 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы:
    1414, 8-800-080-7777.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі,
    1414, 8-800-080-7777 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
    Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,

    техникалық және кәсіптік, орта

    білімнен кейінгі білім беру

    ұйымдарынан шығатын ресми

    құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік

    көрсетілетін қызметтің негізгі

    талаптар тізбесіне

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту

    министрлігі Білім саласында сапаны

    қамтамасыз ету комитетінің Білім

    саласында сапаны қамтамасыз ету

    департаментінің басшысына

    кімнен (тегі, аты, әкесінің аты

    (ол болған жағдайда) көрсетіледі)

    ________________________________

    мекенжайы ______________________

    байланыс телефоны

    ________________________________

    ұйымның телефоны/факсы

    жұмыс немесе оқу орны/

    ӨТІНІШ

    Сізден ____________________________________

    еліне бару үшін менің білім туралы құжатымды апостильдеуді сұраймын (керегін сызыңыз):

    1) табель;

    2) аттестат (жалпы орта білім туралы, жалпы орта білім туралы үздік, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі»);

    3) колледж (техникалық және кәсіптік білім туралы, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік), лицей, училище (орта білімнен кейінгі білім туралы, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік) бітіргені туралы диплом;

    4) Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама;

    5) басқалар

    Мынадай құжаттар тапсырылды:

    1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

    2) Білім туралы құжатқа қосымшаның түпнұсқасы;

    3) төлем туралы түбіртек.

    Күні ___________________

    Өтініш беруші___________

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

    20______жылғы «____» ________

    _____________________________ (қолы)

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы

    орта, техникалық және кәсіптік, орта

    білімнен кейінгі білім беру

    ұйымдарынан шығатын ресми

    құжаттарды апостильдеу»

    мемлекеттік көрсетілетін

    қызметтің негізгі талаптар

    тізбесіне 2-қосымша

    ____________________________

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының тегі, аты, әкесінің

    аты (ол болған жағдайда)

    (бұдан әрі - ТАӘ) немесе

    ұйымның атауы)

    ____________________________

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының мекенжайы)

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №_______ бөлімі _____________________ (мекенжайын көрсету)

    Сіздің «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесіне көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды беруіңізге байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1) __________________________________________;

    2) __________________________________________;

    3) __________________________________________.

    Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

    _____________________________________________

    _____________________________________________

    ТАӘ (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы) (күні)

    Бұйрығына 2 – қосымша

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы

    орта, техникалық және кәсіптік,

    орта білімнен кейінгі білім беру

    ұйымдарынан шығатын ресми

    құжаттарды апостильдеу»

    мемлекеттік

    қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесі

    «Ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан шы­ға­тын ре­сми құ­жат­тар­ды апо­стиль­деу»
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    жоқ
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі Бі­лім са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет «Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) және «цифр­лық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту
    мер­зі­мі
    1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні; 2) пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді:
    1) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут;
    2) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған) /қа­ғаз тү­рін­де
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са)көр­се­ту нәти­же­сі
    Пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» алу ор­нын көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сі­нің дай­ынды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­ру; «апо­стиль» мөр­таң­ба­сы қой­ы­л­ған дай­ын құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­ру.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны жи­нау тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­сет­ке­ні үшін мем­ле­кет­тік баж алы­на­ды, ол Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық ко­дек­сіне сәй­кес мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген 0,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды.
    Мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға элек­трон­дық сұ­рау са­лу­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де тө­лем «цифр­лық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Ал­дын ала тө­лен­ген жағ­дай­да тө­лем құ­жа­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді.
    8
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі - Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Қа­был­дау «элек­трон­ды» ке­зек тәр­ті­бі­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды; пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​edu.​gov.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сы: www.​gov4c.​kz, www.​egov.​kz.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се се­нім­хат бой­ын­ша өкіл Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де:
    1) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және (неме­се) цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін);
    3) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат (түп­нұс­қа);
    4) мем­ле­кет­тік баж­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек (түп­нұс­қа).
    пор­тал­ға:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы қой­ы­л­ған элек­трон­ды құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
    2) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бюд­жет­ке алым со­ма­сы үшін тө­лен­ге­нін рас­тай­тын, же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, цифр­лық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім бе­ре­ді.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты көр­сет­кен кез­де және (неме­се) цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін) (не но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі) ар­қы­лы элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция нәти­же­ні 1 (бір) ай бойы сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, со­дан кей­ін олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге одан әрі сақ­тау үшін бе­ре­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы 1 (бір) ай өт­кен соң жү­гін­ген кез­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның сұ­ра­уы бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де дай­ын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру үшін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жі­бе­ре­ді.
    Ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өті­ніш­тің қа­был­дан­ға­нын рас­тау бо­лып та­бы­ла­ды. Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Ше­тел­дік ре­сми құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру та­лап­та­рын жо­я­тын 1961 жы­л­ғы 5 қа­зан­да­ғы Га­а­га Кон­вен­ци­я­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре­тін өзге де та­лап­тар
    Ты­ныс-тір­ші­лі­гін шек­тей­тін ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры тұ­рақ­ты бұ­зы­лып, ден­са­улы­ғы на­шар­ла­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға қа­жет болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі 1414, 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, 1414, 8-800-080-7777 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы

    орта, техникалық және кәсіптік,

    орта білімнен кейінгі білім беру

    ұйымдарынан шығатын ресми

    құжаттарды апостильдеу»

    мемлекеттік

    көрсетілетін қызметтің негізгі

    талаптар тізбесіне

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрлігі Білім

    саласында сапаны қамтамасыз

    ету комитетінің Білім саласында

    сапаны қамтамасыз ету департаментінің

    басшысына кімнен

    (тегі, аты, әкесінің аты

    (ол болған жағдайда)

    көрсетіледі) _____________

    мекенжайы

    ________________________

    байланыс телефоны

    ______________________

    ұйымның телефоны/факсы

    жұмыс немесе оқу орны/

    ӨТІНІШ

    Сізден ____________________________________

    еліне бару үшін менің білім туралы құжатымды апостильдеуді сұраймын (керегін сызыңыз):

    1) табель;

    2) аттестат (жалпы орта білім туралы, жалпы орта білім туралы үздік, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі»);

    3) колледж (техникалық және кәсіптік білім туралы, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік), лицей, училище (орта білімнен кейінгі білім туралы, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік) бітіргені туралы диплом;

    4) Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама;

    5) басқалар

    Мынадай құжаттар тапсырылды:

    1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

    2) Білім туралы құжатқа қосымшаның түпнұсқасы;

    3) төлем туралы түбіртек.

    Күні ___________________

    Өтініш беруші___________

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

    20______жылғы «____»________

    _____________________________ (қолы)

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы

    орта, техникалық және кәсіптік, орта

    білімнен кейінгі білім беру

    ұйымдарынан шығатын ресми

    құжаттарды апостильдеу"

    мемлекеттік көрсетілетін

    қызметтің негізгі талаптар

    тізбесіне 2-қосымша

    ____________________________

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының тегі, аты, әкесінің

    аты (ол болған жағдайда)

    (бұдан әрі - ТАӘ) немесе

    ұйымның атауы)

    ____________________________

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының мекенжайы)

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №_______ бөлімі _________________ (мекенжайын көрсету)

    Сіздің «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесіне көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды беруіңізге байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1) __________________________________________;

    2) __________________________________________;

    3) __________________________________________.

    Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

    _____________________________________________

    _____________________________________________

    ТАӘ (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы) (күні)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.