Тиірмен ауылдық округінің Тиірмен және Ұзынтам ауылының көшелеріне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 маусым 2026 ж.

    Тиірмен ауылдық округінің Тиірмен және Ұзынтам ауылының көшелеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Тиірмен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тиірмен ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай:он үшінші көшесіне – Махмұд Қашқари көшесі деп атауы берілсін.

    2. Ұзынтам ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай:

    1) бірінші көшесіне – Шаңырақ көшесі;

    2) екінші көшесіне – Алатуа көшесі;

    3) үшінші көшесіне – Тәуелсіздік көшесі атауы берілсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    М.Насыров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.