«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. ««Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ақысыз негізде көрсетеді.»;

    9-тармақтың 3-тармақшасының 9 және 10 абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

    «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның атына қолдаухатты жолдау;

    астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің қолдаухаты негізінде теңгерімінде берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;»;

    көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағиданың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағиданың 3-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы

    Р. Исакулов

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс

    министрінің міндетін атқарушы

    2026 жылғы 24 маусымдағы

    № 328

    1 бұйрыққа қосымша

    «Мемлекеттік тұрғын үй

    қорынан тұрғын

    үйлерді жекешелендіру»

    мемлекеттік қызметті

    көрсету жөніндегі

    қағидаларға

    1-қосымша

    «Мем­ле­кет­тік тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй­лер­ді же­ке­ше­лен­ді­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    аста­на, об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уын
    Жоқ
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция); www.​egov.​kz «цифр­лық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    1) ком­му­нал­дық тұр­ғын үй қо­ры­нан бе­рі­ле­тін тұр­ғын үй­лер­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ке­зін­де: бі­рін­ші және екін­ші ке­зең: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар­ды ұсын­ған күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн ішін­де тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы тұр­ғын үй ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мі; үшін­ші ке­зең: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы шарт жа­са­су.
    2) ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің не ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй­лер­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ке­зін­де: бі­рін­ші және екін­ші ке­зең: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар­ды ұсын­ған күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн ішін­де тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы тұр­ғын үй ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мі; үшін­ші ке­зең: ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің неме­се ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй­ді ком­му­нал­дық тұр­ғын үй қо­ры­на бе­ру, оның ішін­де тұр­ғын үй­ге құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар­ды тір­ке­у­ші ор­ган­да мем­ле­кет­тік тір­кеу тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ры­л­ған күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 15 (он бес) күн ішін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды; төр­тін­ші ке­зең: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы шарт жа­са­су.
    3) рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің не рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй­лер­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ке­зін­де: бі­рін­ші және екін­ші ке­зең:
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар­ды ұсын­ған күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн ішін­де тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы тұр­ғын үй ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мі;
    үшін­ші ке­зең: же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ры­л­ған­нан кей­ін күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн ішін­де тұр­ғын үй­ді рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік­тен ком­му­нал­дық мен­шік­ке бе­ру:
    тұр­ғын үй ко­мис­си­я­сы тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 15 (он бес) күн ішін­де аста­на, об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, әкі­мі­нің қол­да­ухаты негі­зін­де ба­лан­сын­да бе­рі­ле­тін тұр­ғын үй бар рес­пуб­ли­ка­лық заң­ды тұл­ға­ны бас­қа­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­мен ке­лі­сі­л­ген мем­ле­кет­тік мү­лік­ті бас­қа­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның ше­шім қа­был­да­уы;
    Тап­сы­ру­шы және қа­был­да­у­шы та­рап­тар­дың уәкі­лет­ті ла­у­а­зым­ды адам­да­ры­ның тап­сы­ру ак­ті­сіне қол қо­юы және тап­сы­ру ак­ті­сін мем­ле­кет­тік мү­лік­ті бас­қа­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі бас­шы­сы­ның (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық бан­кі тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­са­ры) және ком­му­нал­дық мү­лік­ке би­лік ету­ге уәкі­лет­ті жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын ат­қа­ру­шы ор­ган­ның не аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла, ауыл, кент, ауыл­дық округ әкі­мі ап­па­ра­ты­ның бас­шы­сы­ның бе­кі­туі, және тұр­ғын үй бой­ын­ша ше­шім­дер қа­был­дан­ған күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 15 (он бес) күн ішін­де тұр­ғын үй­ге құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар­ды тір­ке­у­ші ор­ган­да мем­ле­кет­тік тір­кеу;
    төр­тін­ші ке­зең:
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы шарт жа­са­су.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    1) ком­му­нал­дық тұр­ғын үй қо­ры­нан, ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің не ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй­лер­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ке­зін­де:
    - тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы тұр­ғын үй ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мі неме­се дәлел­ді бас тар­ту;
    - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да­ғы тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы шарт.
    2) рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің не рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй­лер­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ке­зін­де:
    - тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы тұр­ғын үй ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мі неме­се дәлел­ді бас тар­ту;
    - тап­сы­ру ак­ті­сі; - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да­ғы тұр­ғын үй­ді же­ке­ше­лен­ді­ру ту­ра­лы шарт.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Ақы­сыз
    8
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және цифр­лық объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі үзіл­іспен, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    3) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәулiк бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш пен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) өзде­рі тұ­ра­тын тұр­ғы­н­жай­лар­ды же­ке­ше­лен­ді­ру­ге жал­да­у­шы­ның кәме­лет­ке толған бар­лық от­ба­сы мү­ше­лерi қол қой­ған өті­ніш;
    2) неке­ге тұ­ру (бұ­зу), от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің қай­тыс бо­луы, ба­ла­лар­дың ту­уы ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­дің кө­шір­ме­ле­рі (қа­жет бо­луы­на қа­рай цифр­лық жүй­е­де мә­лі­мет­тер жоқ болған жағ­дай­да);
    3) жал­дау шар­ты не тұр­ғы­н­жай ор­де­рі;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның от­ба­сы мү­ше­ле­рі деп бас­қа адам­дар та­ны­л­ған жағ­дай­да соң­ғы­сы өзде­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның от­ба­сы мү­ше­ле­рі деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің кө­шір­ме­сі ұсы­на­ды;
    5) цифр­лық жүй­е­лер­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да, «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 13-ба­бы­ның 8-тар­ма­ғы­на жа­та­тын аза­мат­тар мем­ле­кет­тік тұр­ғын үй қо­ры­нан өзде­рі тұ­ра­тын тұр­ғын үй­лер­ді мен­ші­гіне те­гін алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сін қо­сым­ша ұсы­на­ды;
    6) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер, бюд­жет­тік ұй­ым­дар­дың жұ­мыс­кер­ле­рі, әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер, ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рі, су­дья­лар және мем­ле­кет­тік сай­лан­ба­лы қыз­мет ат­қа­ра­тын адам­дар са­на­ты­на жа­та­тын аза­мат­тар жұ­мыс ор­ны­нан (қыз­мет­тен) анық­та­ма­ны не жұ­мыс­кер­дің ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сін қо­сым­ша ұсы­на­ды;
    7) ға­рыш­кер­лік­ке кан­ди­дат­тар, ға­рыш­кер­лер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті бе­ре­тін өзде­рі­нің мәр­те­бе­сін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды;
    8) тұр­ғы­н­жай­ды жал­дау шар­ты бой­ын­ша бе­ре­шек­тің жоқ екен­ді­гін рас­тай­тын құ­жат;
    9) Қа­ғи­да­лар­дың 11-тар­ма­ғы­на сәй­кес же­ке­ше­лен­дір­ген жағ­дай­да – мем­ле­кет­тік тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғы­н­жай­ды мен­ші­гіне өте­у­сіз алу­ға құқы­ғы бар аза­мат­тар­дың са­на­ты­на жа­та­ты­нын рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың, неке­ге тұ­ру неме­се неке­ні бұ­зу ту­ра­лы (2008 жы­л­ғы 1 мау­сым­нан кей­ін), қай­тыс бо­лу ту­ра­лы (2007 жы­л­ғы 13 та­мы­здан кей­ін), ба­ла­лар­дың ту­уы ту­ра­лы ку­ә­лік­те­рі­нің мә­лі­мет­те­рі (2007 жы­л­ғы та­мы­здан кей­ін), мен­шік құқы­ғын­да олар­ға ти­е­сі­лі тұр­ғы­н­жай­дың (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бой­ын­ша) бар-жо­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, ме­кен­жайы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, бас­қа адам­дар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның от­ба­сы мү­ше­ле­рі деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мі, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші от­ба­сы­ның бар­лық мү­ше­ле­ріне «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан цифр­лық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­ді та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
    10
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған­да;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар.
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған.
    5) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са), оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­ке­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414» Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. 8-800-080-7777.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу үшін қыз­мет­тер­ді элек­трон­дық ны­сан­да алу субъ­ек­ті­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес бір рет­тік па­роль­дер­ді пай­да­ла­на ала­ды.

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    міндетін атқарушы

    2026 жылғы 24 маусымдағы

    № 328

    2 бұйрыққа қосымша

    «Мемлекеттiк тұрғын

    үй қорынан берілетін тұрғын

    үйлерді жекешелендiру»

    мемлекеттік қызметті көрсету

    жөніндегі қағидаларға

    2-қосымша

    Нысан

    астана, облыстардың,

    республикалық маңызы бар

    қалалардың, аудандардың

    және облыстық маңызы бар

    қалалардың жергілікті

    атқарушы органдарының

    тұрғын үй қатынастары

    саласындағы функцияны

    жүзеге асыратын

    құрылымдық бөлімшесінің

    атауы

    ______________

    ______________

    мекенжайы бойынша тұратын

    Қазақстан Республикасын

    азаматынан (шадан)

    ______________

    (тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болған кезде)

    (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

    Өтініш

    Мен________________________болып табылатындықтан (толық Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі) маған жалдау (қосымша жалдау) 20_____жылғы«__»___________№___шартына сәйкес__________________мекенжай бойынша тұрып жатқан пәтерімді жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.

    Қосымша: __________________________________________________ (барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келісім береді)

    Мен, ________________________________________________________

    (Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні,кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)____________________________________мекенжайы бойынша пәтерді ____________________атына ақысыз жекешелендіруге келісемін. (Т.А.Ә.)

    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.

    Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _ , 20__ жылғы «__»_____:

    Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректері:

    ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты.

    Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:

    Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _ , 20__ жылғы «__» ___:

    Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:

    ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты.

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    міндетін атқарушы

    2026 жылғы 24 маусымдағы

    № 328

    3 бұйрыққа қосымша

    «Мемлекеттiк тұрғын үй

    қорынан берілетін тұрғын

    үйлерді жекешелендiру»

    мемлекеттік қызметті көрсету

    жөніндегі қағидаларға

    3-қосымша

    Нысан

    астана, облыстардың,

    республикалық маңызы бар

    қалалардың, аудандардың және

    облыстық маңызы бар қалалардың

    жергілікті атқарушы

    органдарының тұрғын үй

    қатынастары саласындағы

    функцияны жүзеге асыратын

    құрылымдық бөлімшесінің

    атауы

    ____________________________

    ____________________________

    мекенжайы бойынша тұратын

    Қазақстан Республикасының

    азаматынан (шадан)

    _____________________

    (тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болған кезде)

    (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

    Өтініш

    Маған және менің отбасыма___________________________________

    (толық Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі) жалдау (қосымша жалдау) 20 __ жылғы«__»__________№___шартына сәйкес_____________________мекенжай бойынша тұрып жатқан пәтерімді қалдық құны бойынша сатып алу (немесе тұрғын үйдің құнын_______ мерзімге бөліп-бөліп төлеу, бастапқы жарна ______ жолымен жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.

    Қосымша: ____________________________________ (барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келiсiм береді)

    Мен, __________________________________________________________

    (Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)

    ___________________________________________мекенжай бойынша пәтерді

    ________________________________атына жоғарыда көрсетілген шарттармен (Т.А.Ә.) жекешелендіруге келісемін.

    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.

    Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _, 20__ жылғы «__» _____ ;

    Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) деректер:

    ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.

    Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:

    Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _, 20__ жылғы «__» ____:

    Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:

    ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.