Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 39-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

    2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    М. Хайруллиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.