«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жасайтын және мемлекеттік органның функцияларын, өкілеттіктері мен құзыреттерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі оның қызметі туралы, мемлекеттік органның даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттарына және нәтижелер көрсеткіштеріне немесе Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын іске асыруға қол жеткізу туралы мәліметтерді қамтитын бюджеттік құжаттаманы білдіреді және мынадай құжаттардан тұрады:»;
7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе іске асыруға бюджеттік бағдарлама бағытталған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары үшін) туралы мәліметтер;»;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына оларға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізеді.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Есеп-қисаптар бюджеттік бағдарламалар паспорттарының түпкілікті нәтижелеріне және (немесе) мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге арналған шығыстарды бағыттау қажеттілігі ескеріле отырып жасалады.»;
41-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы есепті жасау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жұмсақ мүкәммалмен жарақтандыру нормаларын басшылыққа алған жөн.»;
48-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«01-161 нысан бойынша шығыстарды есептеу кезінде «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 және «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 (бұдан әрі – № 256 қаулы) қаулыларын басшылыққа алған жөн.»;
54-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
««Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігіне трансферттерді аударуға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде есептеулер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мақсаттарды іске асыруға бағытталған шығыстардың түрлері бойынша жасалады. Есептеулерге шығыстардың әрбір түрі бойынша тиісті құжаттар мен негіздемелер қоса беріледі.»;
68-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««облыс (өңір)» деген жолда астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың атауы;»;
70-тармақтың екінші бөлігі бесінші абзацына орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
75-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«астананың, облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қол қояды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынады;»;
77-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi штат санын ұлғайтуға Мемлекет басшысының не оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімін растайтын құжатты;»;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«82. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын түпкілікті нәтижелерді дұрыс таңдау, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерді астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырудың болуы тұрғысынан қарайды және Кодекстің 45-бабына сәйкес жүргізілетін бюджеттің атқарылуын талдау, мониторинг нәтижелерін, Кодекстің 43-бабына сәйкес жүргізілетін шығыстарға бюджеттік шолу қорытындыларын ескере отырып, Кодекстің 37-бабына сәйкес жасалатын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарына өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының өзін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесін және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің паспорттарына қорытынды қалыптастырады;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын:
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі;
функцияларына, өкілеттіктері мен құзыреттеріне сәйкестігі;
түпкілікті нәтижелерді дұрыс таңдау;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерді астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспарының жобасымен өзара байланыстырудың болуы;
түпкілікті нәтижелердің шынайылығы мен қол жетімділігі;
бюджеттік бағдарламалар паспорттарының іс шараларының түпкілікті нәтижелерге сәйкестігі;
бюджеттік бағдарламалар паспорттары іс-шараларының жоспарланған бюджет қаражатының көлеміне сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген сома айырмасына бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның қорытындысында шығыстардың, оның ішінде жоспарлы кезеңде бюджет қаражатын бөлу мүмкін болмайтын мемлекеттік инвестициялық жобалар шығыстарының тізбесі айқындалады.»;
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті нақтылау кезінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік сұранымдарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады, одан әрі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде бюджеттік сұранымдарды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті түзету кезінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Қағидаларға 93, 94 және 95-қосымшаларға сәйкес жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады, одан әрі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде есеп-қисаптарды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бұл ретте, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатын қайта қарастыру кезінде жалпы сома азайған жағдайда түсіндірме жазба ғана ұсынылады, ал қосымша қаражат бөлінген жағдайда осы Қағидалармен көзделген есеп-қисаптардың нысандары ұсынылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бюджет комиссиясының отырысынан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түпкілікті бюджеттік сұранымдарды және бюджеттік бағдарлама паспорттарымен бірге есеп-қисаптардың нысандарын ұсынады.»;
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік сұранымы тиісті жергілікті бюджеті бекітілгеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін пысықталады және тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы қол қояды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.»;
93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының бюджеттік сұранымы тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін тиісті тексеру комиссиясының төрағасы қол қояды.
94. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары аппараттарының бюджеттік сұранымы тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін пысықталады және тиісті мәслихаттың хатшысы қол қояды.»;
көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 21-1, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30 және 31-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 33, 34, 35 және 36-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 37-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 45-1, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 59-1, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66 және 67-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 67-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 68, 69, 70, 71, 71-1, 72, 73, 74 және 75-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 83-1 және 84-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 86- қосымшаға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 88-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 90, 91 және 92-қосымшаларға орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
М. Такиев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 19 маусымдағы
№ 421 бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттік сұранымды
жасау, ұсыну, қарау
қағидаларына
4-қосымша
____________________ нысан
Бюджеттік бағдарлама паспорты Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы Жоспарлы кезең 20__-20__ жылдар
Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы:
Мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды мен атауы:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды мен атауы:
Сипаттама (негіздеме), оның ішінде ағымдағы мәртебе:
Бюджеттік бағдарламаның түрі:
мазмұнына байланысты:
мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты:
іске асыру тәсіліне байланысты:
ағымдағы/даму
|
Көрсеткіштер
|
Факт 20__ жыл
|
Ағымдағы 20__ жылдың жоспары
|
Жоспарлы кезең
|
|||
|
Бекітілген
|
Нақтыланған
|
20__
|
20__
|
20__
|
||
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттардың нысаналы индикаторы:
|
||||||
|
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі:
|
||||||
|
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің нысаналы индикаторлардан ауытқуы
|
||||||
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттарға сәйкес бюджет қаражатына қажеттілік
|
||||||
|
Жоспар
|
||||||
|
Нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін жоспардың жоспарланған қаражаттан ауытқуы
|
Бюджеттік бағдарламаның/кіші бағдарламаның коды мен атауы:
20_________ жылға мың теңге
|
|||||
|
Іс-шаралар, барлығы, оның ішінде
|
Іс-шара көрсеткіші
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйелері құжатының көрсеткіші (бар болған жағдайда)
|
Ауытқу (бар болған жағдайда)
|
|||
|
20_________ жылға мың теңге
|
||||||
|
Іс-шаралар, барлығы, оның ішінде
|
Іс-шара көрсеткіші
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйелері құжатының көрсеткіші (бар болған жағдайда)
|
Ауытқу (бар болған жағдайда)
|
|||
|
20_________ жылға мың теңге
|
||||||
|
Іс-шаралар, барлығы, оның ішінде
|
Іс-шара көрсеткіші
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйелері құжатының көрсеткіші (бар болған жағдайда)
|
Ауытқу (бар болған жағдайда)
|
|||
Бюджеттік бағдарламаның басшысы
__________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескертпе:
Бюджеттік бағдарламаның паспорты осы нысанға қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар паспортын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Бюджеттік бағдарлама
паспортының нысанына
қосымша
Бюджеттік бағдарламалар паспортын толтыру бойынша түсіндірмелер
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорты мынадай талаптарға сәйкес жасалады:
1) «бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды мен атауы» деген жолда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің толық атауы және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес оның коды көрсетіледі;
жоспарлы кезең ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы болып табылады;
2) «бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы» деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі;
3) «мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды мен атауы (мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес)» деген жолда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ әкімшілік рәсімдік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік органдар функцияларының тізілімінің негізінде бекітілген мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды және атауы;
4) «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды мен атауы (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес)» деген жолда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды мен атауы көрсетіледі;
5) «Сипаттама (негіздеме), оның ішінде ағымдағы мәртебе» деген жолда бюджеттік бағдарламаны жоспарлаудың негіздері, жоспарланатын бюджет қаражатының мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не функциялармен, өкілеттіктермен және құзыреттермен өзара байланысы, бюджеттік бағдарлама шеңберінде жоспарланатын жобалар туралы жалпы ақпарат, бюджеттік бағдарламаны іске асырудан күтілетін әсерлер, нысаналы индикаторлардың түпкілікті нәтижелерден ауытқу көлемдері мен себептері ашылады. Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) бюджеттік бағдарламаның мақсатына жетудің тәсілдері мен әдістерін қамтуы мүмкін және өте толық, қысқа, түсінікті, нақты және сапалы болуы тиіс;
6) «бюджеттік бағдарламаның түрі» деген жолда:
«мазмұнына қарай» жолы бойынша Кодекстің 14-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның бағыты көрсетіледі;
«мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты» деген жол бойынша басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламаның түрі көрсетіледі;
«іске асыру тәсіліне байланысты» деген жол бойынша жеке не бөлінетін бюджеттік бағдарлама көрсетіледі;
«ағымдағы/даму» деген жол бойынша ағымдағы бюджеттік бағдарлама не бюджеттік даму бағдарламасы көрсетіледі;
7) 1-кестеде (нысаналы индикатордың көрсеткіштері):
«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттардың нысаналы индикаторы» деген жолда нысаналы индикатордың атауы, есепті жыл алдындағы нысаналы индикатордың нақты көрсеткіші, бекітілген және нақтыланған (Бюджет кодексінің 36-бабында көзделген негіздер бойынша есепті жыл ішінде нысаналы индикатор өзгерген жағдайда) нысаналы индикатордың көрсеткіші, жоспарлы кезеңге арналған нысаналы индикатордың көрсеткіші көрсетіледі;
«Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі» деген жолда мемлекеттік органның даму жоспары немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспары құжаттарының нысаналы индикаторына сапалы қол жеткізу немесе бюджеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру қорытындылары бойынша қол жеткізуге тиіс жоспарланған бюджет қаражатының көлемін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыру нәтижесі көрсетіледі. Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері айқын, анық және нақты болуы тиіс оның сандық көрсеткішін және оған қол жеткізудің нақты күнін (кезеңін) айқындау арқылы бюджеттік бағдарламаны іске асырудың сапалық қорытындыларын (белгілі бір уақыт аралығы үшін, жоспарлы кезеңнің соңында, жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бөліністе) көрсетуге тиіс.
Даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін түпкілікті нәтижелер мен олардың көрсеткіштерінің тұжырымдамасы бекітілген мемлекеттік органның даму жоспарлары немесе мемлекеттік органның даму жоспарларының жобасының мақсаттары мен (немесе) нысаналы индикаторларына қол жеткізу дәрежесін сипаттауы тиіс.
Түпкілікті нәтижелер мемлекеттік органның даму жоспарларында айқындалған нысаналы индикаторларымен өзара байланысады.
Түпкілікті нәтиже нысаналы индикаторларға қол жеткізілгенін/жеткізілмегенін көрсетуге мүмкіндік беретіндей айқындалуы тиіс.
Даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін түпкілікті нәтижелер мен олардың көрсеткіштерінің тұжырымдамасы мемлекеттік орган құжаттарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу дәрежесін немесе мемлекеттік органның функцияларын, өкілеттіктері мен құзыреттерін сапалы іске асыру деңгейін сипаттауы тиіс.
Мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін түпкілікті нәтижелер мен олардың көрсеткіштерінің тұжырымдамасы мемлекеттік органның функцияларын, өкілеттіктері мен құзыреттерін сапалы іске асыру деңгейін сипаттауы тиіс.
Түпкілікті нәтижелердің тұжырымдамасы нысаналы индикаторлардың тұжырымдамасына немесе функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттерінің сапалы іске асыру деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
Түпкілікті нәтиже мен нысаналы индикаторлар мәндерінің арасындағы айырма (бар болған жағдайда) түпкілікті нәтиженің сандық көрсеткішінде көрсетілуі тиіс.
Керісінше жағдайда бюджеттік бағдарламаның сипаттамасында түпкілікті нәтиженің нысаналы индикаторға сәйкес келмеу себептері, сондай-ақ түпкілікті нәтиженің сандық көрсеткіші мен нысаналы индикатордың сандық көрсеткіші арасындағы айырманың туындау себептері баяндалады.
Түпкілікті нәтижелер абсолюттік, салыстырмалы немесе пайыздық мәндермен көрсетіледі және ақшалай түрде көрсетілмейді.
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын тұрақты сипаттағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижелер олардың көрсеткіштері көрсетілмей айқындалады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерінде қаржы жылында аяқталатын жобалардың саны және пайда алушылардың саны көрсетіледі.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері түпкілікті нәтижелерді көрсетпейді.
«Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің нысаналы индикаторлардан ауытқуы» деген жолда бюджеттік бағдарламаның сандық түпкілікті нәтижесі мен нысаналы индикатордың арасындағы айырма көрсетіледі;
«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттарға сәйкес бюджет қаражатына қажеттілік» деген жолда Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін бюджет қаражатына, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттарға қажеттілік көрсетіледі;
«жоспар» деген жолда қаржыландыру көзделген сома көрсетіледі;
«Нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін жоспардың жоспарланған қаражаттан ауытқуы» деген жолда нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін жоспардың жоспарланған қаражаттан ауытқуы көрсетіледі.
1-кесте әрбір нысаналы индикаторға қатысты толтырылады.
8) «бюджеттік бағдарламаның/кіші бағдарламаның коды мен атауы» деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның/кіші бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі;
9) 2,3,4-кестеде (бюджеттік бағдарлама бойынша іс-шаралар):
«іс-шаралар, барлығы, оның ішінде» деген бағанда бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін іске асыру керек іс-шаралардың атауы, сондай-ақ бюджеттік кіші бағдарлама бойынша көзделген шығыстардың бар сомасына барлық іс-шаралар көрсетіледі.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлауды көздейтін бюджеттік кіші бағдарламалардың іс-шаралары жобалар бөлінісінде, қажет болған жағдайда төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде көрсетіледі.
Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарлама жоқ болған жағдайда іс-шаралар бюджеттік бағдарлама қатысында қалаптасады;
«іс-шара көрсеткіші» деген бағанда іс-шараның іске асырылуын сипаттайтын сандық көрсеткіш көрсетіледі.
«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатының көрсеткіші» деген бағанда бар болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның іс-шарасының көрсеткішіне салыстырмалы немесе ұқсас мемлекеттік органның құжатының сандық көрсеткіші көрсетіледі.
«ауытқу» деген бағанда іс-шараны сандық көрсеткіші мен нысаналы индикатордың көрсеткіші арасындағы айырмасы көрсетіледі;
«шығыстар» деген бағанда іс-шараларға арналған шығыстардың бөлінген бюджеттік сомасы көрсетіледі, ағымдағы кезеңге арналған жобалар бөлінісінде, жобалар болмаған жағдайда іс-шаралар ғана көрсетіледі;
10) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда бюджеттік бағдарламаны жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз ететін ақпаратты жасауға және оның дұрыстығына жауапты бюджеттік бағдарлама басшысының тегі, аты-жөні және лауазымы көрсетіледі.
Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде бюджеттік бағдарламаның басшысы ауыл, кент, ауылдық округ әкімі, әкім аппаратының басшысы не әкімдік қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін әкімнің орынбасары, мемлекеттік орган қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары не бірінші басшыларының орынбасарлары болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 19 маусымдағы
№ 421 бұйрығына
2-қосымша
Бюджеттік сұранымды
жасау, ұсыну, қарау
қағидаларына
37-қосымша
04-141-нысан
Денсаулық сақтау мекемелерiндегi тамақтануға арналған шығыстарды есептеу
Кодтары
Жылы |__________________|
Деректер түрi (болжам, жоспар, есеп) |__________________|
Функционалдық топ |__________________|
Бағдарламалардың әкiмшiсi |__________________|
Мемлекеттiк мекеме |__________________|
Бағдарлама |__________________|
Ерекшелiк |__________________|
|
№
|
Бөлiмшелердiң (жеке ұйымдардың) атауы
|
Төсек-күндер саны
|
1 төсек-күнiне арналған тамақтану шығыстарының нормасы, теңгемен
|
Тамақтануға арналған барлық шығындар, мың теңге (3-баған х4-баған)/1000
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1
|
жалпы
|
|||
|
2
|
онкологиялық
|
|||
|
3
|
нефрологиялық
|
|||
|
4
|
гастроэнтерологиялық
|
|||
|
5
|
эндокринологиялық
|
|||
|
6
|
гемотологиялық
|
|||
|
7
|
күйiктi емдеу
|
|||
|
8
|
1-ден 3 жасқа дейiнгi балалар үшiн
|
|||
|
9
|
3-тен 7 жасқа дейiнгi балалар үшiн
|
|||
|
10
|
7-ден 14 жасқа дейiнгi балалар үшiн
|
|||
|
11
|
жүктi және босанған әйелдер үшiн
|
|||
|
12
|
ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдары үшiн
|
|||
|
13
|
туберкулездiк емес санаторийлер:
|
|||
|
- 3 жасқа дейiнгi
|
||||
|
- 3-тен 7 жасқа дейiнгi
|
||||
|
- 7-ден 14 жасқа дейiнгi
|
||||
|
14
|
сәбилер үйi
|
|||
|
15
|
қан тапсырған күнгi донорлар үшiн
|
|||
|
16
|
күндiзгi стационарлар
|
|||
|
17
|
туберкулезге қарсы ауруханалар мен бөлiмшелер:
|
|||
|
- ересектер үшiн
|
||||
|
- 3 жасқа дейiнгi
|
||||
|
- 3-тен 7 жасқа дейiнгi
|
||||
|
- 7-ден 14 жасқа дейiнгi
|
||||
|
- 14-тен 16 жасқа дейiнгi
|
||||
|
Жиыны:
|
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/
мемлекеттiк мекеме басшысы _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бюджеттік бағдарлама басшысы __________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бас бухгалтер/қаржы- экономикалық бөлімінің бастығы _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 19 маусымдағы
№ 421 бұйрығына
3-қосымша
Бюджеттік сұранымды
жасау, ұсыну, қарау
қағидаларына
67-1-қосымша
01-321-нысан
Тұрғын үй төлемдеріне шығыстарды есептеу
Жылы ___________________
Деректер түрi (болжам, жоспар, есеп) ___________________
Функционалдық топ ___________________
Бағдарламалардың әкiмшiсi ___________________
Мемлекеттiк мекеме ___________________
Бағдарлама ___________________
Ерекшелiк ___________________
|
№
|
Шығыстар атауы
|
Тұрғын үй төлемдеріне құқығы бар алушылар саны
|
Отбасы мүшелерінің саны (тұрғын үй төлемдерін алушысын есептемегенде)
|
1 адам нормасы квадрат метр (18 квадрат метр)
|
Тұрғын үйдің 1 квадрат метр құны (теңге)
|
Сомасы мың теңге (3-баған+4-баған)*5-баған*6-баған*12 ай/1000
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
Итого
|
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/мемлекеттiк мекеме басшысы
____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бюджеттік бағдарлама басшысы
____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бас бухгалтер/қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы
_____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 19 маусымдағы
№ 421 бұйрығына
4-қосымша
Бюджеттік сұранымды
жасау, ұсыну, қарау
қағидаларына
88-қосымша
Нысан
Шетелде оқытуды қоспағанда, тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге берілген байланыссыз гранттар туралы ___ жылғы мәлiметтер
Республикалық бюджет/жергiлiктi бюджет __________________
Бағдарламалардың әкiмшiсi __________________
Мемлекеттік мекеме __________________
|
№
|
Донор
|
Бенефициар (байланыссыз грантты алған (алатын) мемлекеттiк ұйым)
|
Негіздеме (оның шеңберінде жоба жүзеге асырылған (жүзеге асырылатын) келісімдер, меморандумдар, шарттар)
|
Гранттың сомасы (АҚШ долларында)
|
||
|
Барлығы
|
оның ішінде ___ ж. 1 қаңтарға игерілгені
|
оның ішінде _____ ағымдағы қаржы жылында игерілгені
|
||||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
Жиыны:
|
кестенің жалғасы
|
|||||
|
Жобаның атауы
|
Жобаның мақсаты
|
Жобаның құрауыштары
|
Жобаның іске асырылған жері (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала))
|
Іске асырылу кезеңі
|
Жобаның іске асырудың нәтижелері
|
|
|
басы (саны, айы, жылы)
|
соңы (саны, айы, жылы)
|
|||||
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/мемлекеттiк мекеме
басшысы ____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бюджеттік бағдарлама басшысы
_____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бас бухгалтер/қаржы-экономикалық бөлімінің
бастығы _____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Орындаушы:
тегі, аты, әкесінің аты_______________________________
лауазымы _________________________________
тел._______________________________________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.